Ашекеева Ќ


Бенжамен Анри Констан де Ребектің



бет15/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Әлеуметтану семинар
Бенжамен Анри Констан де Ребектің пікірінше, жеке бостандық – осы заманға қажет бостандық, «саяси бостандық оның кепілі». А.Шопенгауэр «бостандық» туралы былай дейді: «Дәл қарастырғанда бұл ұғым теріс тұрғыда көрініс береді. Біз оны тек ешқандай бөгет пен кедергінің жоқ екендігі деп түсінеміз. Күш тудырушы ретінде осынау соңғысы оң тұрғыдағы ұғым деп саналуға тиіс. Осынау кедергілердің ықтимал қасиеттеріне сәйкес бостандық ұғымының әбден әрқилы үш түрі бар: олар – физикалық, интеллектуалдық және инсанияттық бостандық».
Бостандықтың артықшылығы адамдардың сол бостандықтың өзін орынсыз пайдалануға алып келді. Бұл жерде бостандықтың да шегі болуы керек деп тұр.
Еркіндік пен бостандық егіз ұғым десек болады. Дегенмен, жеке адам бостандығы оның мемлекетпен қарым-қатынасына байланысты. Мемлекет құқықтық нормалар арқылы адамның өзі қалауына сай іс-әрекеттерінің шегін айқындайды. Сонымен қатар мемлекет жеке адамның осы бостандығына біреулердің шектейтін әрекеттерінен қорғауы тиіс.
Саясатты өнер деп қарастыру керек. Өйткені, саясаттың субъектісі адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы әрі қуаттылығы көп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде, жеке адамның қабілетіне, ішкі мәдениетіне, білімдарлығына, тапқырлығына, творчестволық іскерлігіне байланысты. Демек, саясаттың дұрыс жүруі саясаткердің қоғамдағы бар табиғи-әлеуметтік мүмкіндіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда творчестволық батылдық көрсетеалуымен және оны қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендіктермен байланыстыра білуіне тәуелді. Саясаттың өнер болуы ең алдымен саясаткердің халықпен жұмыс істей білуінде және оның саясат объектісі мен субъектісінің біртұтастығын тани білу және мойындай білу қасиетімен байланысты. Саясаткердің мұндай қабілеттері оның ішкі рухани дүниесіне сай болып келетін ерекше жеке қасиеттеріне де тәуелді. Мәселен, адамгершілігі, халық пен ар намыс алдындағы жауапкершілігімен, психологиялық құрылымымен, мінезіндегі салмақтылық, тұрақтылық табандылықпен, халықтың пікірімен санаса білу және олардың көңіл-күйін білу мүмкіндіктерімен де байланысты. Саяси басшылардаң іскерлегі оның қалың бұқараны саяси өмірге қатыстыра білуінен, қоғам дамуының тарихи кезеңіне, халықтың саяси мәдениет деңгейіне сәйкес келетін саясаттың түрлерін және оны іске асыру құралдары мен әдістерін, тәсілдерін тандап алу қабілетінен көрінеді. Мәселен, қазіргі саясат келер елдегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани, ғылыми-техникалық, финанс, инвенстициялық, кадр саясаттарында Республиканың табиғи және әлеуметтік ресурстарының ерекшеліктері, ондағы эколгиялық, демографиялық, мәдени, ұлттық факторлар толық ескерілуде ме деген мәселе тұрады. Республикадағы кейбір саяси партиялар көтеріп отырғандай саясатта ұлттық сана, психология, өмір салттың, салт-дәстүрдің, біздегі қалыптасқан ерекше сипаты көп тұстарда ескерілмей жатыр деп айтуға болады. Елдің өзіндік ерекшеліктерін түсіне білу саяси басшының даралығына, даналығына, ерен қабілеттеріне байланысты құбылыс. Саясатты өнер деп мойындамау әртүрлі жағымсыз: субъективизм, валюнтаризм, трайбализм т.б. сияқты салдары туғызатыны белгілі. Сондықтан саясат өнер ретінде көпжақтылы, көпмәнді өте күрделі процесс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет