Еңбек арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу



Дата07.02.2023
өлшемі22,13 Kb.
#167825
Байланысты:
Кіші жастағы балаларды еңбекке баулудың жолдары

Улыкманова Жадыра Кульжановна


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Каспий өңірі «Болашақ колледжі»
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
мандығының арнайы пәндері оқытушысы

Еңбек арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Тәрбиешінің айқын ұстанымының бірі – балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау үшін және белгілі бір еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай). Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді, ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекеттерде ойын тәсілдерін қолдану барысында өзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. Бала мен тәрбиеші арасындағы қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқырлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлауына септігін тигізеді.
Тәрбиеші ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлулықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап, бағалауға және кемшіліктерін жойып ұмтылуға үйретеді.Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп. 2 – 3жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек.Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады. Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет.Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мектеп жасына дейінгі балалар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек. Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек. Тәрбие адамның ақылынғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.Еңбек тәрбиесі —мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы, қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ.Халықтық педагогика). 18ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепке дейінгі мекемеде білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп жасына дейінгі балалардың болашақта қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. 3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларды еңбекке баулу жолдары.Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек әрекетіне ынталандыру, еңбекке және еңбек ету ниетіне қызығушылығын тәрбиелеу.Міндеттері:1. Балалардың еңбек әрекетіне қатысуға қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру. 2. Ересектерге көмек көрсетуге(тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-аналарына), оларға ықыласпен қарауға тәрбиелеп, сондай-ақ, олардың еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға ынталандыру. 3. Топ бөлмесі мен балабақша ауласында тазалық сақтауға және тәртіпті қолдау бойынша ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету. 4. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйрету. 5. Еңбегінің нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Мазмұны: Өзіне-өзі қызмет көрсету. Өз бетінше белгілі бірреттілікпен киіну, шешіну: киімін кию, шешу, бүктеу, ілу, түймелерін ағыту, түймелеу; аяқ киімнің бауын байлай білуді дамыту.Балаларды тазалыққа тәрбиелеу.Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға және ересектердің аздаған көмегімен оларды реттеуге үйрету.Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Қарапайым тапсырмаларды орындауға ынталандыру, қасықтар мен майлықтарды, нан салғыштар мен табақшаларды орналастыру. Екінші жарты жылдықтан бастап асхана бойынша кезекшілік ұйымдастыру, тәрбиешінің көмекшісіне дастарқан дайындауға көмектесу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-жабдықтарын (қарындаштар қорабы, қылқаламдар, мүсіндеуге арналған тақтайшалар және т.б.) дайындауға және оларды реттеуге, ойыншықтар мен құрылыс материалдарын ойнап болған соң өз орындарына орналастыруға үйрету. Табиғат бұрышындағы еңбек.Табиғат бұрышындағы еңбекке қатысуға талаптарын тәрбиелеу: өсімдіктердің ірі жапырақтарының шаңын сүрту, ересектердің көмегімен балықтар мен құстарды тамақтандыру, бөлме гүлдерін суару.Табиғаттағы еңбек.Табиғаттағы еңбекке қатысу ниеттерін тәрбиелеу: гүлдер мен бақша дақылдарының ірі тұқымдарын себу, жуа мен көкөністер отырғызу, өсімдіктерді суару, көкөністерді жинау.Жерге түскен жапырақтар мен өз ауласындағы қоқыстарды жинауға, қыста жолдар мен орындықтарды қардан тазалауға үйрету. 4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды еңбекке баулу жолдары Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оң көзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.Міндеттері:1. Еңбекке жағымды қарым-қатынас және еңбек ету ниетін тәрбиелеу.2. Жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.3. Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру. 4. Тапсырмаға жауапты(бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.5. Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру.6. Жолдастары мен ересектерге көмек көрсету талабын көтермелеу. 7. Өзінің және ересектердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.Мазмұны:Өзіне-өзі қызмет көрсету. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.Ұқыпты, мұнтаздай таза болуға: үлкендердің көмегімен киімдерін ретке келтіру - тазалауға, құрғатуға тәрбиелеу.Тұрмыстық-шаруашылық еңбек.Балаларды өз бетінше топбөлмесін ретке келтіруге үйрету: конструкторлар мен ойыншықтарды орындарына жинау, оларды жуу, қуыршақтың киімдерін жуу. Тәрбиешіге кітаптарды, қорапшаларды желімдеуге, үстел мен орындықтардың шаңын сүртуге көмектесу.Асханада кезекшілік міндетін өз бетінше орындауға үйрету: табақшаларды орындарына қою, шыны аяқты табақшасымен бірге қою, нан салғышты, майлықты, асхана құралдарын (қасық, шанышқы, пышақ) ажыратып қою. Екінші жарты жылдықта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне материалдарды дайындау кезекшілік міндетін орындауға үйрету: құрал-жабдықтарды дайындау, сабақтан соң оларды жинау. Табиғат бұрышындағы еңбек.Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету. Табиғаттағы еңбек. Өсімдіктерді өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.Гүлзарлар мен бақшада (жүйекжасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау) жұмыс істеуге үйрету.Жолды қардан тазалауға,орындық үстінен қарды сыпыруға үйрету.Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу).Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету.
Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педогогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқталуына, оның әсем де әлемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты-еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдесу, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: Балалардың негізгі еңбек дағдыларын қалыптастыру; Үлкендерге және өзінен кішілерге көмек көрсете білу:Ұқыптылыққа,шыдамдылыққа,қиындықты жеңе білуге дағдыландыру; Еңбек құрал-жабдықтарымен жұмыс істей білуге және оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; Еңбек сабақтарында қағаз, мата, табиғат, материалдарын,өндіріске қажетсіз заттарды пайдалана білу іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.Еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі-оның ойынмен тығыз байланыстырғанда. Олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекеті қарапайым ойыннан басталады. Еңбекке жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімдері пайда болады. Сондықтан бұл кездегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі-мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауысып кететіндігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет