Бірінші кезеңде байқалады: қатты ауырсыну, жалпы әлсіздік, тері бозаруы, артериялық гипотония және тахикардия. Аралық кезеңде байқалады: терең есеңгіреу, сопор, зәр қоңыр түске боялады, үдемелі-олигоанурия, инфекциялық асқынулар дамиды. Кеш кезеңдезақымданған ағзалардың қызметтері (бүйрек, бауыр, өкпе және т. б.).бірте-бірте қалпына келуі журеді, яғни тіндер некрозы, іріңді асқыныстар дамуы мүмкін.
Клиникасы
Зақымданған аяқ-қол ісінген, көлемі ұлғайған, терісі көгерген түсті;
Зәрдің тәуліктік мөлшері (диурез) төмендейді (олигурия), кейде зәр шықпайды (анурия);
Гиперкалиемия және басқа элементтердің бұзылуы (магний, натрий, т.б.) патологиялық жағдайдың күшеюіне соқтырып, жедел бүйрек жеткіліксіздігін күшейтеді.