Ашық сабақтың тақырыбы:Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы Білімділік



Дата19.02.2017
өлшемі120,53 Kb.
#10915
Ашық сабақтың тақырыбы:Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы

Білімділік: Оқушыларды Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары,керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы және қазіргі таңда Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы жөнінде түсінік беру.

Тәрбиелік:Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту. Тарихи мұраларымен ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу

Дамытушылық:Қосымша материалдар және ойын арқылы арқылы сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, білімін шыңдау, өзіндік ой қорытуға,өз бетімен жұмыстануға баулу. Сауда жолдарын картадан көрсету арқылы картамен жұмыс істей қабілетін дамыту, логикалық ойлауын және эстетикалық талғамдарын дамыту.

Сабақтың типі:Аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Көрнекілігі: Слайд – суреттер, интерактивті тақта,карта

Пәнаралақ байланыс: география, дүниежүзі тарихы

Оқушы әрекеті

- Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді.

- Жаңа тақырыпқа болжау айтады, білетіндерін еске түсіреді. Жеке жұмыс жасайды

- Топта талқылап, тізбектейді, салыстырады, айырмашылықтарын табады.

- термин сөздерді дәптерге жазады.

-Үй тапсырмасын күнделікке жазады

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылар зейінін сабаққа психологиялық түрде аудару және оқушыларды «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы бағалау.Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.

Сыныппен байланыс орнату.
- Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік
- Балалар сәлемдеседі.
- Балалар, сабағымызды сұрақ - жауап арқылы тәлім сәтінен бастайық.
- Балалар, көңіл - күйіміз қалай?
- Жақсы!
- Ерекше сабақ өтуге дайынбыз ба?
- Дайынбыз!
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды
осындай көңіл - күймен бастайық.
Хормен:
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Топқа бөлу. Мозайка құрастыру.

1топ Түркістан

2топ Отырар

3 топ Сығанақ

1 тапсырма.Математикалық сайыс.Шарты:Есептің шешімін тауып,болған оқиғаны анықта.

Ітоп. 1) 5+5+5-4꞊11 –қыпшақ хандығының құрылуы.

2) 4×2+2+2꞊12 – Қыпшақтардың Арал маңын билік жүргізген кезі

ІІтоп. 1) 2×2+5-2꞊7-Қыпшақтардың этникалық құрамы қалыптаса бастаған уақыт.

2) 3+7+6-3꞊13 –Сыр бойындағы қалалар үшін соғыс.

ІІІ топ. 1) 4×8-10꞊22 – Қыпшақтар арба үстіне тігілген үйлерін тартуға 22 өгізді жеккен.

2) 2000÷2-500꞊Өзге елдерде қыпшақ жылқыларын 500 динарға дейін сатқан.

2 тапсырма. Картамен жұмыс.

І топ. Қыпшақ хандығының территориясы (Шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Днестрге дейін)

ІІ топ. Оң және сол қанатының астаналарын анықта.(Оң қанаты-Сарайшық, сол қанаты-Сығанақ)

ІІІ топ. Қыпшақтардың жазғы жайлауын көрсет. (Жем,Сағыз,Ойыл,Қобда,Жайық)

3 тапсырма. «Жел және қолжазба». Олардың есімдерин білесің бе? Пікір айтқан авторларды анықта.

І топ. Оларда құлдық биледі. Құлдарды «яланкуг»деп атады. (М. Қашғари)

«Қаңлылар қыпшақ тілінде сөйлейді» (П.Карпини)

ІІ топ. Бұл халықта да билік әкеден – балаға мұрагерлікпен беріліп отырды.(Жузжани)

Бір деректеде қыпшақтардың сиыр малын да өсіргендігін айтқан. (Ибн Баттута)

ІІІ топ. Қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған. (Петахья)

«Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсетіні –тары, ал тамақтарының негізгі

түрі тарыдан жасалады» (әл-Омари)

4 тапсырма.Термин сөздерге анықтама бер:

І топ. Дешті Қыпшақ – ІІ топ. Дурут – ІІІ топ. Яланкуг –

Йетиоба – Елбөрілі – Кундар –

Орда – Тоқсоба – Половшылар –



Сергіту сәті. Жұмыр қылыш биі

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау және жаңа сабақпен байланыстыру:

Үлестірмелі бетшелердегі сұрақтар. Жауап беру нәтижесінде жаңа сабақтың тақырыбы шығады.



Ұ

Л

Ы




Ж

І

Б

Е

К




Ж

О

Л

Ы

1

2

3

4

5

6

7

8

4

9

2

3

1.Ұ-Түрік қағанатында отбасы мен бала шағаның қорғаушысы болып кім саналады?(Ұмай ана)

2.Л- Қимақ қағанатынын құрамына кірген тайпа?(ланиказ)

3.Ы-Кел балалар оқылық өлең жолдарының авторы? (Ыбырай Алтынсарин)

4.Ж-Мұқылай қай тайпадан шыққан?(Жалайри)

5.І-түйменің диалектісі? (Ілгек)

6.Б-Түрік қағанатының негізін салушы?(Бумын)

7.Е-Қыпшақтардың батыс бөлігіне кірген тайпа?(елбөрілі)

8.К-Керулен өзенінің бойында қоныстанған тайпа?(Керейіттер)

9.О- Орта ғасырға жататын әдеби шығарма?(Оғызнама)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.

§14 Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Жоспары:

  1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.

  2. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

  3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

  4. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызы

І. Бейнеклип арқылы кіріспе жасалынады.
Келесі тірек–сызба арқылы мағлұмат беру.


Картадан керуен жолдарын көрсету.


ІІ.

Жүзім түрлері, шабдалы, қауын, дәмдеуіш заттар,

болгар, қытай бұрыштары,

сирек кездесетін көкөністер

ІІІ.


Ұлы Жібек жолының мәдениеттіңдамуына әсері.




Тұтыну бұйымдарының үлкен

сұранысқа ие болуы.Сатылған бұйымдарды жергілікті шеберлерде

жасай бастады


Жол бойындағы қалаларда

әр түрлі діни нанымдарға

байланысты ғимараттардың

салынуы.



Тауарлардың, ғылыми және техникалық жаңалықтардың, қолданбалы өнер, сәулет, қабырғалық кескіндеме мәдениеті үлгілерінің таралуымен қатар Шығыс пен Батыс елдері бойынша Жібек жолымен музыка мен би өнері, ойын-сауық көрсетілімдері, өзіндік орта ғасырдың "эстрадасы" кең өріс алды. Мысалы, иран, соғдилық, түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп нәрсе енгізді. Жібек жолының барлық өне бойында тарихи ескерткіштерді қазу кезінде түрлі халықтардың музыкалық және театр мәдениеті саласында даму мен өзара байытудың көптеген материалдық бастауы табылды. Жібек жолымен діни ілімдер мен идеялар таратылды, түрлі миссионерлер өз діндерін теңіздің арғы жағындағы елдерге жеткізді . Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға буддизм келді , Сириядан, Ираннан және Арабиядан христиан діні, содан кейін ислам тарады.
ІҮ. Халықаралық қатынасты дамытудағы тарихи маңызы:

  • Дипломатиялық байланыстың орнауы;

  • Халықаралық байланыс жандана бастады- б.з.б. ІІ ғ. ортасы;

  • Халықаралық сауда дамыды;

  • 568ж Түрік қағанаты мен Византия келісімі;

  • Жібек матасы-ақша мен құнды сыйлық;

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы:

  • Түркі тілдес халықтардың оқшаулануына, сауданың, қалалардың дамуына, елдер арасында экономикалық байланыстың дамуына, мәдени байланыс дамыды.

  • Монғол-татар шапқыншылығы қалалар арасындағы байланысты күйретті.

  • ХVIІ ғасырдан бастап теңіз жолына байланысты өз маңызын жойды.


Ү. Жаңа сабақты бекіту:

1 тапсырма. Сандар сөйлейді.

VI ғ.-


Б.з.б II ғ.-

138 ж.-


568 ж.-

Б.з.б І ғ.-

Б.з.б ІІ-І ғғ.-

2-тапсырма:"Тарихи домино"ойыны

жібек

жолы

халықтар

арасындағы

сауданың

дамуына

ғана

зор

үлесін

қосып

қойған

жоқ,

ол

Шығыс

пен

Батыс

елдерінің

арасындағы

халықаралық

дипломатиялық

қарым-

қатынастың

дамуына

да

өзінің

үлкен

пайдасын

тигізген.

Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.

Дұрыс жауабы:Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым- қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген

3-тапсырма: Картамен жұмыс

Слайдта қала аты жасырылған, қаланың атын тауып, картадан көрсету.

1.Отырар


2.Тараз

3.Баласағұн

4.Сарайшық

4-тапсырма: Тест 10 сұрақ.

10-9 бал, бағасы«5»

8-7 бал, бағасы «4»

6-4 бал, бағасы «3»



4 төмен бағасы «2»

ҮІ бағалау.

ҮІІ Үй тапсырмасы:1.Ұлы Жібек жолының картасын түсіру, жұмыс дәптерін толтыру.

2. «Жібек жол-ынтымақтастық жолы» тақырыбында ой – тоғау жазу.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет