Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Жас Отан қорғаушылар Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі40,91 Kb.
#33152
Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Жас Отан қорғаушылар

Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,тәрбиеленушілердің патриоттық сезімге баулу.Тәуелсіз еліміздің тұғырын биік ұстауға ,Отан қорғауға өз үлестерін қоса білуін арттыру.

Міндеттері:

1.Елін сүюуге,достыққа ,ынтымақ,бірлікке тәрбиелеу.Ұлттық ойындар арқылы өз ұлтына деген сүйспеншілігін дамыту.

2.Өзінің денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру және денсаулыққа зиянды заттарды қолданудан бас тарту.

3.Спорттық жарыстар арқылы өз денсаулығын нығайтуға үйрену және дағылдану.



Тәрбие сағатының жүру барысы :

Тәрбиеші сөзі: Балалар айналамызға қарайықшы күннің көзі күлімдеп,аспанымыз жарқырап,әсем көркем еліміз бар. Бұл қай ел,қай жер деп ойлайсындар?

Балалар : Қазақстан

Тәрбиеші: Қара көн байлығымен,ер азамат ерлігімен туған жердің кең байтақ самал желімен,тыныс алып өмір сүрген туған қала қай қала ?

Балалар : Қарағанды қаласы.

Тәрбиеші сөзі ; Ендіше біз осы елдің үлгілі әрі тәрбиелі азаматы екенімізді «Жас Отан қорғаушылар» деген тәрбие сағатынан көрсетеміз.

Ұйымдастыру кезеңі;

  1. Сапты түзеу (қазақ тілінде бұйыру)

  2. Сапқа түзу тұрыңдар,1-ші,2-ші деп санаңдар,1-ші топ,екі қадам ілгері шығыңдар,-оңға бұрылыңдар, 2-ші топ солға бұрылыңдар._Өлең

  3. Әділ қазылармен таныстыру.

Түрі . Жарыс түрінде өткізу; Топ өз аттарымен таныстыру.

  1. Таныстыру: «Сардар» тобы. Біздің ұран; «Денсаулық терең бақыт»

  2. Біздің санамақ: «Сардар» тобы боламыз

Желден жүйрік әрқашан

Жеңісті біз аламыз

Желбіретіп көк туды.


  1. «Сұнқар» тобы. Біздің ұран: «Денің сауда жетерсін арманына»

  2. Біздің санамақ:

Көктен самғап «сұнқар»тобы келді алдарыңа

Жоспарлап алға қойған мақсаты бар

Жеңіспен қайтпай келме –деген

Атамыздың айтқан сөзі бар.

Бауыржан: Таудың күн көзімен таласқан

Аспан көрсең аймен Күнге жол ашқан

Мен байтақ Республикам таулары

Мен көгім мөлдіреген сол аспан.



2-тур Теңге алу.

Балалар жүгіре отырып,қолдарына қоржын ұстап әр топ жерден көп теңге жинап қоржынға салу керек. Қай топ көп теңге жинайды ,сол топ жеңіске жетеді.



Олжас

Дала көк жиекпен ұштасқан

Көгілді көрсен секілді бір түскі аспан

Менің байтақ Республикам даласы

Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

3-тур Ой қозғау.


  1. Бірінші байлық не?

  2. Жақсы оқу үшін не керек ?

  3. Еңбек ету үшін не керек?

  4. Ауруды болдырмау үшін не істеуміз керек ?

  5. Ауру жаның арашасы кім ?

  6. Еліміздің алғашқы президенті

  7. Еліміздің бас қаласы

  8. Мемілекеттік туымызда қандай құс бейнеленген

  9. Мемілекеттік рәміздердің бірі

  10. Еліміз қай құрлықта орналасқан (Еуразия)

Тәрбиеші:

Балалар, көрдіңдер ме міне қандай біздің Отанымыз. Өз Отанының тарихын білген ер азамат,өз Отанын құрмет тұтады деген.

Ақжол


Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін

Көрсең ашық Алатаудың күлдерге

Жерінде гүл,көгінде күн бір жүзіген

4-тур Қазақша күрес. Төсеніште күшін,айласын пайдаланып жеңу. Екі топтан бір-бір ойыншыдан шығады.

Тізерлеп жүріп күнелеткеннен

Тік жүріп өлген артық.

Ел ұлсыз болмас

Жер гүлсіз болмас

Көремендермен жарысу. Мақал-мәтел арқылы.



5-тур Асық. Шарты:Асықтарды тізіп белгіленген жерден дәлдеп тигізу ,кім көп асық жинаса,сол жеңеді.

Руслан

Кең сен дала туған ана

Көйлегін кең көк ана

Жөн беретін тоқ беретін

Мейірімді ана –сен ғана

6-тур «Денсаулық» сөзін кім бірінші құрайды.

Допты корзинаға лақтыру арқылы әріптерді алып сөйлем құрау.



7-тур Арқан тартыс. Қай топ арқанды тартып әкетсе ,сол топ жеңеді.

Қорытынды:

Әділ қазылар шешімін шығарады. 5ұпайлық көлемімен.

«Тілек шоғы» шеңберін құру.

Әр топ ақ қағаз бетінде жазылған «тілек шоғына» бір -біріне деген тілектерін жазады.



  1. Ауырма

  2. Отанымыз тыныш болсын

  3. Күлкі шаттық болсын

  4. Сабағыңды жақсы оқы

  5. Үлгілі азамат бол

  6. Үлкенді сыйла

Марапаттау сәті.

Өткізген Қарағанды қаласының ДМШ балалар үйі

тәрбиеші Газезова Д.Р.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет