Асыруға негізделген қызметтерін, міндеттерін, өкілдігін және жауапкершілігін анықтайды


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата08.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#190086
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
podp-strategijalyk-zhospar-erezhe-3
CAYLOPRXRRFN08112023005621, лекция 11
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
УЕ-СДЖ-001-2021 
 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу және іске асыру ережесі
 
9 беттің 4 –ші беті
 
-
ҚР «Білім туралы» Заңы; 
-
ҚР Ғылым туралы Заңы; 
-
ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы; 
-
университеттің стратегиялық даму жоспары; 
-
университет Жарғысы; 
-
осы Ереже; 
-
сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар; 
-
басшылық нұсқаулары. 
4.6 Университеттің Стратегиялық даму жоспары Сенат мәжілісінде талқыланып, 
Үкіметаралық Өкілетті Кеңес мәжілісінде бекітіледі
4.7 Негізгі қызметтер мен міндеттерге жатады: 
-
Университеттің Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, талдау, барлық 
құрылымдық бөлімдер мен қызметтерде іске асуын кезеңдік қадағалау; 
-
Стратегиялық жоспарлау кеңесі - Стратегиялық даму жоспарының негізгі 
бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен көрсеткіштерін айқындауға және іске асыруға 
тікелей жауапты болу міндетін атқарады. 
-
Стратегиялық жоспарлау кеңесіне университет ректоры тарапынан тағайындалған 
жауапты тұлға басшылық жасайды. Стратегиялық жоспарлау кеңесінде жоспарларды 
жүзеге асыру нәтижелері мен даму көрсеткіштері салыстырмалы түрде бағаланады. 
Стратегиялық даму жоспарының есебі Сенат мәжілісіне немесе университеттің Басқару 
кеңесіне қаралып, Үкіметаралық Өкілетті Кеңеске бекіту үшін ұсынылады.
5 СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
5.1 Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру үшін: 
5.1.1 Жұмыс топтары ұйымдастырылады (семинарлар, кеңестер, басқосулар, 
форумдар), және бағыттар бойынша бойынша мониторинг жүргізіледі; 
5.1.2 Жүйелі әдістемелік және мониторингтік зерттеулер мен ресми мәліметтер 
арқылы статистикалық мәліметтермен толықтырылады және ұдайы жаңартылады; 
5.1.3 Стратегиялық бағыттардың бағдарламалық және жобалық қамтылуы бойынша 
бір-бірімен байланысты тараулар ендіріледі: 
-
барлық деңгейдегі жобалардың басқарылуы; 
-
сараптаулар мен ендірулер; 
-
біліктілік жетілдірулер; 
-
ақпараттық және PR-қолдаулар; 
-
мониторинг және нәтижелерді бағалаулар; 
-
Стратегияны жүзеге асыру бойынша презентациялық жарияланымдар. 
5.2 
Университетті 
стратегияға 
сәйкес 
дамыту 
қаржыландыру 
көздерін 
әртараптандыру арқылы іске асады. Қаржыландыру көздері ретінде қаралатындар: 
-
бюджеттік қаржыландыру; 
-
бағдарламалық-мақсаттық және гранттық қаржыландырулар; 
-
халықаралық ұйымдар арқылы қаржыландырулар; 
-
қосымша ақылы білім беру қызметтері; 
-
басқа қаржы көздері. 
5.3 Стратегиялық жоспарда ұсынылған тиімділік көрсеткіштері алты айлық және 
жылдық кезеңдерде бақыланатын болады, сондай-ақ оны жақсарту және анықталған 
кемшіліктерге қатысты шаралар әзірлеу жөніндегі іс-шараларға бастамашылық жасалатын 
болады. Мониторинг кезінде қолданылатын тиімділік көрсеткіштері айтарлықтай дәрежеде 
анықталған, бірақ олар өзгеретін орта мен жағдайларды ескере отырып түзетілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет