«аспан сыры» (факультатив) (5 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) Түсінік хат Ғылымдардың көнесі де



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,79 Kb.
#94052
  1   2   3   4
Байланысты:
2 5370918949393270883 (2)


«АСПАН СЫРЫ» (факультатив) (5 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Түсінік хат
Ғылымдардың көнесі де, жасы да астрономия. Аспан ғылымының тарихы ғасырлар түкпірінде басталған. Оның алғашқы Отаны-Мысыр, одан кейін Вавилон, Үндістан, Қытай, Греция елдері болған. Қазақстанның ежелгі тайпалары Күн мен Ай қозғалысын, көптеген жұлдыздарды жақсы білген. Халқымыздың «Ізденген – жетер мұратқа» дегендей, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар түсіне бермейтін жайттар көп-ақ. Өмірді, өзін-өзі танып бәрін білгісі келетін жас жеткіншектер «Ол не?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қашан?», «Қайда?» ,-деген сұрақтарға жауап іздеп, тырыса­ды. Осыған байланысты 5-сынып оқушыларының білуге деген құштарлығын қанағаттандыру үшін «Аспан сыры» атты таңдау пәнін ұсынудамын.
«Аспан сыры» факультатив бағдарламасының жалпы мақсаты:
Оқушыларға «Аспан сыры» факультативі дүниені дұрыс түсіндіру арқылы Әлем жөніндегі көзқарасын ғылыми тұрғыда қалыптастыру. Аспан ғылымынан жалпы білім беру.
Оқытудың күтілетін нәтижесіне жету мақсатында таңдау пәнінде ғарыштық бағыттағы білімдерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлауын пәнаралық байланыстар (қазақ әдебиеті, физика, астрономия, математика, өзін-өзі тану) арқылы жетілдіру.
Міндеттері:
Ғарыштық бағыттағы тақырыптарды саралау, негізгі аспанның қыр-сырын тануға және алыс өлкелерге қиялында саяхаттау;
Ғарыш саласында еңбектенген астроном ғалымдардың (дүние жүзі, Қазақстан) өмірі мен еңбектеріне шолу;
Ғалымдардың жетістікке жету жолдарына саяхат (акмеология ғылымын дамыту)
Ғарыштық білім беруде «Әлем», «Ғалам», «Үлке жарылыс теориясы», «Құс жолы», «Күн жүйесі», «Шоқжұлдыздар», «Жер», «Жыл мезгілдері» туралы түсініктерін кеңейту;
Ай, күн, жұлдыздар туралы қазақ ауыз әдебиетінің ролін аңыздар, мақал-мәтелдер арқылы дәлелдеу;
Кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет