Астана қаласының Білім басқармасы №70 мектеп-лицейі С. Қ. Сағатбекова



бет5/6
Дата12.09.2020
өлшемі1,92 Mb.
#78132
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 5346104951934289778

Курс мазмұны
1 тақырып. Денсаулық туралы ұғым.

Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайтындығы жөнінде мәліметтер беру.

2 тақырып. Аурудың белгілері мен ағыны.



Аурудың өршуі және оның белгілері. Олардың таралуы және созылмалы түрлері, індеттік ерекшелігі. Аурудан сақтану және одан арылу шаралары.

3 тақырып. Стресс және адаптация.



Стресс - кез келген сыртқы талаптарға организмнің жауап реакциясы, бұл - ауру тудырушы факторлар әсер еткенде, организмнің тұрақтылыққа жету қабілеті. Қалыпты дені сау организмде оны өлімге әкелетін қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Бұл механизм стресс деп аталады. Стерске жауап, ол адаптация.

4 тақырып. Ағзаның өзіндік емделуі немесе «ішкі дәрігер» механизмі.



Молекулалық және submolecular және жасушаішілік: магнит өрісінің әсері үш деңгейін сипаты. Ферменттер өндіретін реттеу, нуклеин қышқылдары, белоктар, әр түрлі биохимиялық процестер.

5 тақырып. Салауатты өмір салты туралы түсініктер.



Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, ширықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау.

6 тақырып. Жеке тазалық.

Тазалық гигиенасының ережелері.

7 тақырып. Шынығудың ағзаға әсері. Шынығудың түрлері.



Шынығудың негізгі ұстанымдары. Жүйелілік. Біртіндеушілік. Бірізділік.

Жеке-даралық адамның ерекшеліктері және оның денсаулығының күйі.

8 тақырып. Қозғалыс және физикалық ауыртпалық.



Физикалық көрсеткіштер, оларды оқушыларда дамыту әдістері мен құралдары.

9 тақырып. Мүсін және оның бұзылуы.



Мүсін оның түрлері мен ерекшеліктері. Дене мүсінінің бұзылуын түзету бойынша сауықтыру тәрбиесінің міндеттері.

10 тақырып. Адамның жыныстық дамуы.

Адамның жыныстық дамуының ерекшеліктері. Генетикалық өзгерістер.

11 тақырып. Тері және оны күту.

Терінің құрылыс ерекшеліктері және сыртқы ортаға байланысты өзгерістері. Терінің күту шаралары.

12 тақырып. Көз және көру.

Көздің құрылыс ерекшеліктері. Көз аурулары. Көз ауруларының алдын- алу жолдары.

13 тақырып. Ақыл – ой еңбегі.



Ақыл-ой еңбегі және оның міндеттері. Нақты және абстракт логикалық ойлау.

14 тақырып. Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы.



Дұрыс тамақтанудың маңызы және диеталық тамақтанудың адам организміндегі рөлі.

15 тақырып. Санитарлық – эпидемиологиялық орталық қызметі.

Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық сауаттылығы. Ережелер. Қадағалау. Мониторинг.

16 тақырып. Азық өнімдерінің ыдыстан және ораған материалдардан, инвентардан, жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы.



Нитриттерден, нитраттардан, нитрозоқосылыстардан уланулар. Тағамдық азықтарды ластаушы пестицидтерден уланулардың алдын алу шаралары.

17 тақырып. Ағзадағы су теңгерімі. Ішетін судың сапасы, ағзаның күйімен байланысы.



Адам ағзасына судың пайдасы. Су түрлері. Суды пайдалану және тұтыну.

18 тақырып. Адам денсаулығын сақтауда кальцийдің және микроэлементтердің маңызы.



Микроэлементтердің топтарға жіктелуі. Микроэлементтердің адам ағзасында кездесуі және маңызы. Кальцийдің адам организміндегі кездесу мөлшеріндегі ерекшеліктері.

19 тақырып. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері.



Экологиялық факторлардың адам организміне әсері және жағымды, жағымсыз факторлардың әсер ету дәрежесіндегі өзгерістер.

20 тақырып. Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері.



Физикалық факторлардың жіктелуі. Адам организміне физикалық факторлардың тигізетін әсері. Әсер ету дәрежесі.

21 тақырып. Қоршаған ортаның химиялық факторларының адам денсаулығына әсері.



Химиялық факторлардың жіктелуі. Адам организміне химиялық факторлардың тигізетін әсері. Әсер ету дәрежесі.

22 тақырып. Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрғындардың денсаулық жағдайы.



Қазақстанның экологиялық апаттты аймақтарындағы халықтардың денсаулық сапасы. Көрсеткіш. Монторинг.

23 тақырып. Экологиялық жағдайдың жергілікті тұрғындардың денсаулығына әсері.



Адам ағзасында қоршаған ортаның экологиялық факторларының әсері. Экологиялық және генетикалық сауаттылық. Белсенді өмір ұстанымы.

24 тақырып. Семей полигоны аймағындағы тұрғындарға ионданушы радиацияның әсері.



Полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарындағы халықтың денсаулық жағдайы.

25 тақырып. Онкологиялық аурулардың алдын алу.



Обырды ерте анықтауды жақсарту да онкологиялық аурулармен күресуде негізгі жайт. Халықтың ақпараттандырылу деңгейі мен медициналық сауатын арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында онкология мәселелерін барынша кеңінен жариялау. Обыр неғұрлым ертерек анықталған болса, оны емдеу үміті соғұрлым көбірек болады. Дамыған елдерде обырдың тері, жатыр мойнағы, сүт безі, қуықасты безі, жуан ішек обыры сияқты түрлерінен болған өлім-жітімді төмендету тұрғындарға жаппай скрининг өткізу бойынша мамандандырылған бағдарламалардың нәтижесі жайлы мәліметтер беру.
26 тақырып. Ауа ластануының адам денсаулығына әсері.

Ауаның ластану дәрежелері бойынша адамның денсаулығына әсері. Ауасы ластанған аймақтардағы халықтың денсаулық көрсеткіші.

27 тақырып. Жер беті суларының ластануы және оның салдары



Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде жер беті және жер асты сулардың ластануы. Ластану дәрежесі. Ластанған судан туындайтын ауру түрлері.

28 тақырып. Басқа да берік органикалық ластаушылар.



Орагникалық ластаушылар және олардың таралу аймақтары. Адам оргнизміне әсер ету дәрежесі. Қазақстанда тұрақты органикалық ластаушыларды жоятын зауыт салу жоспары.

29 тақырып. Зиянды әдеттердің ағзаға жағымсыз әсерлері.



Зиянды әдеттер туралы мәлімет. Зиянды заттардың құрамы және адам оргнизміне әсер ету дәрежесі. Зиянды әдеттерден туындайтын аурулар және олардың алдын алу.

30 тақырып. Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.



Денсаулықты жақсартудағы дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибелік сабақ.

31 тақырып. Фитотерапия, ароматерапия, апитерапия.



Фито, арома, апитерапияларды қолдану тәсілдері. Көрсеткіштері. Нәтижесі.

32 тақырып. Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері.



Массаж түрлері. Олардың адам ағзасына әсері. Көрсеткіш деңгейі.

33 тақырып. Рефлексотерапия.



Рефлексотерапияға жалпы сиапттама. Оның түрлері және әдістері.

34 тақырып. Жылдық қорытынды.



Жоба қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет