Астық өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы


Жарма түрлері, дәнді жармаға өндіру



бет2/6
Дата19.10.2023
өлшемі137,67 Kb.
#186798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жарманың түрлері мен сапалық көрсеткіштері (копия)

2. 1. Жарма түрлері, дәнді жармаға өндіру
Дәнді дақылдардан, сонымен қатар қарақұмық және асбұршақтан өндірілетін – жарма – маңызы жағынан ұннан кейінгі екінші тағам болып табылады.
Біздің республикада шығарылған стандарт бойынша адамның физиологиялық нормативтері орташа жеке адам басына 9-13 кг жылына, яғни 24-35 грамм шамасында тәуліктік тамақ рационына әртүрлі жармаларды енгізу қарастырылған. Солардың ішінде қарақұмық, күріш, атбас бұршақ және т.б.
Барлық жармалар крахмалға бай. Олар жоғары каллорийлі өнімдер болып табылады. Жармалар әсіресе балалар тағамына және көптеген аурулармен зақымданғандардың рационына қажет (1-кесте).
1-кесте. Жарманың орташа химиялық құрамы


Өнім

су

ақуыз

майлар

Көмір-сулар

клетчатка

күл

Мәнней (бидайдан)

14

11,3

0,7

73,3

0,2

0,5

Қарақұмық (ядродан)

14

12,6

2,6

68

1,1

1,7

Қарақұмық

14

9,5

1,9

72

1,1

1,3

Күріш

14

7

0,6

77,3

1,1

1,3

Тары

14

12

2,9

69,3

0,7

0,1

Сұлы

12

11,9

5,8

65,4

2,8

2,1

«Геркулес» (сұлы үлпектері

12

13,1

6,2

65,7

1,3

1,7

Арпа жармасы

14

9,3

1,1

73,7

1,0

0,9

Арпа

14

10,4

1,3

71,7

1,4

1,2

«Полтавская» бидайдан

14

12,7

1,1

70,6

0,7

0,9

«Артек» бидайдан

14

12,5

0,7

71,8

0,3

0,7

Ас бұршақ

14

8,3

1,2

75

0,8

0,7

Жүгері

14

23

1,6

57,7

1,1

2,6

Жармаға дәндерін өндеу арнайы арнайы мемлекеттік жарма зауыттары немесе басқа өнеркәсіп (тағам комбинаттарында т.б. жарма цехтарында, сонымен қатар жеке меншік шағын диірмендерінде, шаруашылықтарында) құрамындағы комбинаттарында өндейді.
Қуаттылығы аз өнеркәсіптері (тәулігіне бірнеше тонна) жарма бөлгіштер деп аталады, себебі жарма дайындау негізінде дәнді бөлу үрдісі салыған, яғни одан гүл қауыздарын бөлу.
Біздің мемлекетте жарманың келесі түрлері мен сорттары өндіріледі:
- атбас бұршақ – ядро, бірінші-екінші сортары;
- күріштен – ажарландырылған және тегістелген күріш, (бірінші және екінші сортары, жоғарғы); бөлшектенген күріш (күріш дәндерін өндіру нәтижесінде алынатын қалдық өнімі ретінде пайда болады);
- ас бұршақтан – аршылған асбұршақ, тегістелген (бүтін және ұнтақталған);
- бидайдан – жылтыратылған және тегістелінген (жоғарғы, бірінші және екінші сорттары);
- сұлыдан – жұқартылған және бөлінбеген жарма (жоғарғы және бірінші сорт), үлпек және талқан;
- арпадан – арпа жармасы (ажарланған) бес нөмірлі, үлпек жармасы (бөлінген) үш нөмірлі;
- қатты бидайдан – «Палтавская» жармасы және «Артек» жармасы;
- жүгеріден – ажарландырылған бес нөмірлі, үлпекке арналған жарма және жүгері таяқшалары (ұсақ).
Сонымен қатар, бидай дәндерін ұсақтау кезінде мәнней жармасын өндіреді, жұмсақ бидайдан (марка М), жұмсақ және қатты бидай қоспасынан (марка МТ), сонымен бірге тек қана қатты бидай дәндерінен (марка Т). Жармалардың орташа энергетикалық құндылығы жөнінде № 1 диаграмма.

2.2. Жарма өндіру тәсілдері және технологиялық үрдістер схемасы
Соңғы кезге дейін жарма өндіруді механикалық технологияға негізделген. Оны жалпылай мына схема боынша көрсетуге болады: ірілігі бойынша сұрыптау - қауыздау - дәнін қауызынан аршу - дәнді астықтың түріне және алынатын сортына байланысты әр түрлі өндеу - (қырнау, жылтырату, уату немесе шаншу) - дайын өнімді сұрыптау. Схеманы қазіргі кезде ірі зауыттарда, жиі басқа тәсілдермен толықтыра отырып қолданады.
Астықты әртүрлі қоспалардан тазалау үшін технологиялық схемаға аспираторларды, сеператорлар, триерлер, тас айырғыш машиналарды, қауыздағыштарды, дүмпілдеткішті (обоечные машины), магниттік қондырғылар және т. б. тізбектеп қосады. Тазалағаннан кейін қауыздау алдында астықты сұрыптау маңызы айтарлықтай, себебі біркелкі тегіс астық жеңіл қауызданады.
Қауыздау үшін әртүрлі машиналар пайдаланылады: дүмпілдеткіштерде (соққылағыш) – дүркін-дүркін соғу қағидасына негізделген – айналмалы ұрғыштармен дән түрпілі қабырғалы (бетті) цилиндрге екпінмен лақтырылады, қауыздағыш тас немесе білікті қақпақты станоктар қысу (сығу) мен үйкелу қағидасына негізделген (бұл машиналарда дән екі жұмыс бетінде – бір қозғалмалы және біреуі қозғалмайтын – алдымен сығылады (қысылады), сосын қозғалудың нәтижесінде гүл қауызы жарылады); резиналы білікті қауыздағыштарда деформациялық қозғалыс байқалады; тік қауыздағыштарда – голлендрлерде – үйкеліс қағидасына негізделген - астыққа айналмалы түрлі тастар, табақшалар (дегелектер), немесе торлы цилиндрлер (мұндайда дәннің дәнге үйкелісі жүреді) дүркін-дүркін әсер етеді.
Әртүрлі машиналарды пайдалану кәсіпорының техникалық мүмкіндігіне ғана емес, сонымен бірге дәннің физикалық қасиеттеріне және құрылысына байланысты. Соққыға негізделген дүмпілдеткіш машиналар арпа мен сұлыны қауыздауға ғана жарамды. Қарақұмық пен тары білікті қақпақты станоктарда, күріш-қауыздағыш тастарда және резиналы білікті қауыздағыштарда жақсы қауызданады. Машиналар әр астық тобын өндеуге мұқият реттелуі қажет. Қай қауыздау тәсілі болмаса да, астықтың біраз бөлігі қауызданбай шығады. Сондықтан қауызданғаннан соң өнімді желпумен сұрыптайды және қауызданбаған астықты сәйкес машиналарға кері қайтарады. Қауыздаудан кейін дәнді өндеу-гүл қауызының қалдығын аластату үшін қырнаудан тұрады. Одан басқа қырнау кезіндегі жеміс және дән қабығы, сондай-ақ ұрығыда аластатылады. Мұның барлығы жарманың тауарлық түрін жақсартады. Осыдан өндеуден кейін ол ылжырап піседі және жақсы сіңеді. Жарманың кейбір түрлері мен сорттары (күріш, ас бұршақ, арпа және т.б.) қауызданғаннан және қырлағаннан кейін арнаулы тастарда және голлендерде жылтырлатады – бұл олардың түрін құлпыртады және біркелкілендіреді. Қырлау мен жылтыратуда машинаның жұмыс бетіне үйкелуіне негізделген. Көптеген астықтардан өндірілген жармаларды ірілігіне қарай бірнеше фракцияларға бөледі.
Механикалық өндеу процесінде (тазалау және әсіресе қырлау мен қауыздау) кейбір астықтың дәндері жасалынған әсерлерге шыдамайды да уатылады. Міне сондықтан жармалардың негізгі ассортименттерін сапасы төменірек өнім алынады. Қарақұмықтың ең жақсы жармасы – дәнегі (өзегі), яғни жарма жартыкеш, пісіргенде (аспаздық өндегенде) ботқаға айналатын жарма алынады. Күріштің қырналған бүтін дәндері мен уақтарының сапалық айырмашылықтары бұдан да көп. Жарма дайындағанда мал азықтық немесе техникалық мақсатта пайдаланылатын – ұ н т а қ пайда болады. Бүтін жарма, уақ жарма және ұнтақтың шығымы бойынша жекелеген машиналардың және бүтіндей кәсіпорынның жұмысын бағалайды.
Ауыл шаруашылығында жарманы негізінен тары, қарақұмық, сұлы және арпа астығынан дайындалады, көбінесе қысқартылған схема бойынша, сондықтан ассортименті аса көп емес.
Қарақұмық астығы 11 қоспадан тазартылуы үшін, диаметрі 8-10 мм (жоғарғы тор көздерінің 5 мм, төменгі тор көздердің 1,8-2,0 мм) қабылдағыш елеуіші бр сепараторға түседі. Көтерілген шаң циклонға түседі. Магнитті аппараттан өткен астық ірілігіне қарай сұрыпталуы үшін қатқабатты елеуішке түседі: біріншісінің тор көздерінің диаметрі 4,1 мм ; екіншісінікі 3,5 мм; үшіншісінікі 3,1 мм; төртіншісінікі 2,5-2,7 мм. Нәтижесінде астықтың төрт төрт фракциясын алады. Соңғы елеуіштен өткен астықты қалдыққа 1 жібереді. Сұрыпталған астықтар жееленген жанақтарға түсіп, олардан білік қақпақты станоктарға жіберіледі (1-сурет).

1-сурет. Ауыл шаруашылық түртекті жарма тартатын машинада қарақұмықты өндеу схемасы;
Астықтың әр фракциясын жеке-жеке қауыздау, өзегінің (дәнінің) молырақ шығуына мүмкіндік береді. Қауыздалғаннан кейін өнімді сеператорға жібереді де (әр фракция үшін сәйкес елеуіш ауыстырылып қойылады), төрт фракцияға сұрыптайды: жарма – дән, уақ жарма, ұнтақ және қауыздалмаған астық. Соңғысы қайтадан шанаққа жіберіледі; ал дайын өнім тағы да магнитті аппараттан өткізіледі. Ауыл үшін көлемі кішірек жаңа агрегаттар шығарылған.
Нәрлі және алуан жарма дайындау үшін қазіргі кезде жарма зауыттарының технологиялық үрдісінің схемасына астықты сумен және бумен өндеуді, сондай-ақ жоғары қысыммен пісіруді қосады. Тазаланған астықты буландырылғанда өзектің (дәннің) беріктілігі артады, ал қабығы морт сынғыш келеді де, жоғарғы сортты жарма шығымы жоғарылайды, жарманың ылжырап пісуі жеделдейді. Одан басқа, буланғанда астық ферменттерінің белсенділігі артып, жарманың сақталу мерзімі ұзарады. Өнеркәсіпте ботқа пісіруге небары 10…15 мин жеткілікті жармалар шығаруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет