Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


Жұмыс 5. ІІ тақырып бойынша қорытындылау



бет14/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Жұмыс 5. ІІ тақырып бойынша қорытындылау
І нұсқа

  1. Молекулалық азот пен ақ фосфорға салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: А) агрегаттың күйі бойынша; Б) химиялық қасиеті бойынша; В) реакциялық қабілеті мен адам ағзасына әсері бойынша жауабын реакция теңдеуімен дәлелдеңдер.

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Р→Р2 О5→НРО3→ Н3РО4→Na РО4→Ag3 РО4

  1. 37 г. калий гидроксиді аммоний сульфатымен әрекеттесуінен 15 г. аммиак алынды. Аммиактың шығынының массалық үлесін есептеңдер



ІІ нұсқа

  1. Азот пен фосфор элементтеріне салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: А) атом құрылысында; Б) тотығу дәрежесінде; В) олардан түзілген оксидтердің құрамы мен қасиетін. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

N2→NH3→NО→ NО2→H NО3→Ba(NО3) 2

  1. 17г. натрий нитратын концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіру арқылы алынатын азот қышқылының массасын есептеңдер; егер қышқылыдың шығымының масалық үлесі 0,96 болса

ІІІ нұсқа

  1. Азот пен фосфордың ұшқыш сутектік қосылыстарына салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: молекулалық құрылысынан, физикалық және химиялық қасиетінен. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

P→Ca3 P2→ PH3→ Р2О5→H РО3→ H3 РО4

  1. 30г. аммоний хлоридін артық мөлшерде кальций гидроксидінен қыздыру арқылы алынатын аммиактың (қ.ж.) көлемін есептеңдер, аммиактың шығымының көлемдік үлесі 0,92 болса

ІVнұсқа
1. Азот пен фосфордың қышқылына салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: молекулалық құрылысынан, физикалық және химиялық қасиетінен. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер
2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Pb(NО3) 2→NO2→HN О3→NH43→ NH3→(NH4) 2SO4
3.62 г. фосфорды оттегінде жаққан кезде 130 г. фосфор (ІV) оксиді алынды, фосфор (ІV) оксидінің шығымының массалық үлесін есептеңдер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет