Еңбек. Мамандық. Етістіктің шақтары №3 сабақ Тақырып: Кім болғым келеді?



Дата13.12.2016
өлшемі110,36 Kb.
#3720
«№ 2 Мектеп-балабақша-гимназия комплексі»

Мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мұғалімі Омарова Жанат Мұхтарқызы.
Тақырыптық модуль: Еңбек. Мамандық. Етістіктің шақтары..

№ 3 сабақ.. Тақырып: Кім болғым келеді?.



Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:

1. Грамматикалық тақырып- «Етістіктің шақтары», Лексикалық тақырып- «Мамандықтар». Тақырып бойынша тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру.

2. Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар орындату арқылы алған білімдерін нығайту.

3. Оқушыларға өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.



Тәрбиелік:

1. Еңбек тәрбиесін беру ( еңбек пен білімнің адам өміріндегі маңыздылығы туралы ой-сезімдерін ояту).

2. Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

Дамытушылық:

1. Жеке тұлғаны дамыту (талдау, салыстыра білу , оқу материалынан ең бастысын, мазмұнын ажыратуы, классификациялау қабілеттерін дамыту).

2. Тіл дамыту (диалог, әңгіме құру дағдыларын дамыту).

3. Жалпы қабілеттілік, белсенділік, танымдық қызығушылықты дамыту.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Бекіту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Толық жабдықталған компьютер, проектор, магнитофон, үлестірмелі қағаздар, доп.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Қайырлы таң, балалар!

- Қайырлы таң, Қайырлы таң

Қайырлы таң Сізге.

Біз қуаныштымыз Сізді көргенге.

-Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші?

-Дайындаймын картаны,

Сүртем тақта партаны.

Гүлдерге су құямын,

Қоқыс болса, жиямын.

Кезекшімін мен енді,

Тазартамын еденді.

Терезе, есік жуамын,

Шаң, тозаңды қуамын.

-Сыныпта кім жоқ?

-Сыныпта бәрі бар.

-Бүгін нешесі?

-Бүгін ақпанның жиырмасы.

Дәптерлеріңді ашып, екі жол тастап бүгінгі күнді жазыңдар.

Бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Кім болғым келеді?» және етістіктің шақтары.

Тақырыпты жазыңдар. Ал мақсатымыз «Мамандық» тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрап үйрену, осы тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін ауызекі сөйлеуде қолдана білу. Және етістіктің шақтары туралы алған білімдеріңді нығайту.

Ең басында сабақтың

Қазақ тілін құрайтын

Дыбыстарды дауыстап

Жаттығайық қайталап.

ІІ Фонетикалық жаттығу: (доп қолданылады)

Жұмбақты шешіп, сол сөздің әр дыбысын талдаңдар.

1). «Ерте өріске ат мініп,

Қой жайып кім шығады?» (қойшы)- бәрің қайталаңдар, Маша, сен қайтала, Қанат, сен қайтала...

Қ-дауыссыз, қатаң

О-дауысты, жуан

Й-дауыссыз, үнді

Ш-дауыссыз, қатаң

Ы- дауысты, жуан.

2). «Үстіңдегі киімді кімдер тігіп береді?» (тігінші).

3). «Ұшағымен зымырап

Ғарышқа кім самғайды?» (ғарышкер).

4). «Биік, зәулім, әдемі

Үйлерді кім тұрғызды?» (құрылысшы).



Енді бағалау парағын алып, осы тапсырмаға қасыңдағы оқушыға баға қойыңдар.

Әр дыбысты айтуға

Тіліміз біздің дайын.

Қайталайық енді біз

Етістіктің шақтарын.

ІІІ. Сұрақтарға жауап беріңдер:

-Етістік нені білдіреді?- Заттың қимылын, жай-күйін.

-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?-Не істеді? Не қылды? Қайтты?

-Етістіктің қандай шақтары бар?



1-тапсырманы орындаңдар: Берілген етістік қай шақта және қай жақта тұр?

(сөздер проектор арқылы көрсетіледі)



Шарлаймыз- келер шақ, 1 жақ көпше

Сақ тұрдыңдар-...

Жарқыратасың-...

Тұрғызып жүрсіңдер-...

Көз ілмеймін-...

Самғап жүрсіңдер-...

Тілеміз-...

Қой жайдық-...

Шыдап тұрсыңдар-...

2-тапсырманы орындаңдар: (жазбаша орындау) сөйлемді аяқтаңдар:

(флипчарт құрылады)-интерактивтік тақта бойынша.

1). Кеше біз кітапханаға .... (бару).

2) Мен ертең досыма хат ... (жазу).

3). Үйдің жанында балалар ...(ойнау).

4). Дәрігер адамдарды ...(емдеу).

5). Келесі аптада біз кезекші ... (болу).

Енді бағалау парағын алып, осы тапсырмаға қасыңдағы оқушыға баға қойыңдар.
ІV. Сергіту сәті. Музыка қойылып, өлеңмен орындалады.

Грамматика қажет бізге

Сөздерді құрап білуге.

Ал лексиканы білсек біз

Жақсы сөйлеп үйренеміз.

V. Лексикалық тапсырма. Проектор арқылы суреттер көрсетіледі.

-Бұл кім?

-Ол не істейді? –сұрақтарына жауап беру.

VІ. Үй тапсырмасы қандай болды? –«Кім болғым келеді?» -шағын әңгіме құрау.

Тақтаға кім шығады? (Оқушылар презентация арқылы өз әңгімелерін айтады, оқушылар оларға әңгіме бойынша сұрақтар қояды).



Енді бағалау парағын алып, осы тапсырмаға қасыңдағы оқушыға баға қойыңдар.

VІ. Қазір 5-«В» сынып оқушыларының диалогын тыңдап, осы үлгі бойынша диалог құрыңдар. (бейнесюжет көрсетіледі).

-Сәлем, Ира!



-Сәлем, Саша!

-Ира, сен кім болғың келеді?

-Мен дәрігер болғым келеді.

-Неге дәрігер болғың келеді?

-Себебі дәрігер адамдарды емдейді. Ал сен кім болуды армандайсың?

-Мен мұғалім болуды армандаймын.

-Неге?

-Өйткені мұғалім балаларды оқытады.

Жұптық жұмыс.

Енді бағалау парағын алып, осы тапсырмаға қасыңдағы оқушыға баға қойыңдар.

VІІ. Балалар, сендер жақсы диалогтар құрдыңдар, енді бір әңгіме құрайық. Тақтада тірек схема бар. Осыған сүйеніп «Кім болғым келеді» тақырыбына әңгіме құрайық. Қанат тақтаға шығып өзі әңгіме құрады. Осы мәтін бойынша «Қарлы кесек» ойыны ойналады. Доп қолданылады.

Біздің сыныпта көп оқушы бар. Әр оқушы өзіне ұнаған мамандықты таңдап алады. Маша биші болуды армандайды. Рита аудармашы болғысы келеді. (Әр оқушы туралы айтады) Ал мен заңгер болғым келеді. Ол үшін білім керек. Білім алу үшін еңбек ету керек.

Енді бағалау парағын алып, осы тапсырмаға қасыңдағы оқушыға баға қойыңдар.

ІХ. Еңбек пен оқу туралы 102 бетте «Атамның батасы» деген Ә.Табылдиевтің өлеңі бар. Оқулықты ашыңдар. Енді өлеңді тыңдайық. (Электронды оқулық қосылады).

Оқушылар бірнеше рет оқиды.

-Бұл өлеңді кім жазды?

-Өлең қалай аталады?

-Ол не туралы?

Өлеңді бірнеше бала оқиды.



Х. Күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазыңдар: 102 бет өлеңді жаттау.
ІХ. Мамандықтар туралы

Көп үйрендік сабақта.
Тест жұмысын орындап
,

Бағалайық параққа.

Тест тапсырмалары үш түсті белгілеу карточкалары арқылы орындалады.

  1. Етістіктің сұрақтары:

- Қандай? Қай?

- Нешінші? Неше?

- Не істеді? Не қылды? Қайтты?

2. Құрылысшы не істейді?

- үй салады.

- тамақ дайындайды.

- адамды емдейді.

3. Кім көлік жүргізеді?

- мұғалім.

- шаштараз.

- жүргізуші.

4. Жақсы маман болу үшін ... керек.

- тамақ

- білім


- көйлек

5. Білім алу үшін не істеу керек?

- еңбек ету

- өлең айту

- сурет салу

6. Ғарышта кім самғайды?

- егінші

- дүкенші

- ғарышкер

7. Бүгін сабақта мен мамандықтар туралы диалог құрап үйрендім.

- иә

- жоқ


- білмеймін

8. Бүгін сабақта мен мамандықтар атауларынан сөйлем құрап үйрендім.

- иә

- жоқ


- білмеймін

9. Бүгін сабақта мен етістіктің шақтарын жақсы үйрендім.

- иә

- жоқ


- білмеймін

10. Бүгінгі сабаққа мен өзіме .... деген баға қоямын.

- «5»

- «4»


- «3»

ХІ. Балалар, енді бағалау парақтарына қорытынды бағаларды қойыңдар. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парағы

Фонетикалық жаттығу

Етістіктің шақтары

Үй тапсыр-масы

Диалог құру

«Қарлы кесек» ойыны

Тест

Қорытын-

ды баға
























Бағалау парағы

Фонетикалық жаттығу

Етістіктің шақтары

Үй тапсыр-масы

Диалог құру

«Қарлы кесек» ойыны

Тест

Қорытын-

ды баға
























Бағалау парағы

Фонетикалық жаттығу

Етістіктің шақтары

Үй тапсыр-масы

Диалог құру

«Қарлы кесек» ойыны

Тест

Қорытын-

ды баға
























Бағалау парағы

Фонетикалық жаттығу

Етістіктің шақтары

Үй тапсыр-масы

Диалог құру

«Қарлы кесек» ойыны

Тест

Қорытын-

ды баға
























Бағалау парағы

Фонетикалық жаттығу

Етістіктің шақтары

Үй тапсыр-масы

Диалог құру

«Қарлы кесек» ойыны

Тест

Қорытын-

ды баға
























Бағалау парағы

Фонетикалық жаттығу

Етістіктің шақтары

Үй тапсыр-масы

Диалог құру

«Қарлы кесек» ойыны

Тест

Қорытын-

ды баға
























Бағалау парағы

Фонетикалық жаттығу

Етістіктің шақтары

Үй тапсыр-масы

Диалог құру

«Қарлы кесек» ойыны

Тест

Қорытын-

ды баға

























Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет