«Ата ана мен баланың арасындағы махаббат»



бет2/4
Дата22.04.2024
өлшемі62 Kb.
#201171
1   2   3   4
Байланысты:
«Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат» (тренинг - жиналыс)
1588747642, 11 сынып 2 тоқсан 11 сабақ, 04-Newton sLaws of Motion, 2 5294337912979068241, 7 сынып 2 тоқсан БЖБ, 2 5294337912979068258, Документ Microsoft Word (2), 9 сынып 7 сабақ, «Бизнеске бағыт» кітабы.
ІІ. «Жан жылуы»



Көзімізді жұмып, терең демаламыз. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Ішкі дүниеміз жап-жарық болып кетті. Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Осы гүлді елестетіңіздер .Бұл жай гүл емес. Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек - бұл сіздің балаңыз. Біз гүлге жылуымызды беріп, аялап өсірдік. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.

Көздерін жұмады

Гүлдің макеті,
музыка

ІІІ. «Менің қалағаным...»

Ата - аналар мына ортадағы гүлдің үстіндегі 3 түсті көбелек стикердің өзіңізге ұнағанын таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
«Менің қалағаным...».
Қызыл түс- энергия түсі,ол адамды іс – әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп
отырады. Жоғары сенімді, жігерлі, мінез- құлқы батыл тұлға.
Сары түс- көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар – іскер, мінез- құлқы мықты тұлғалар.
Жасыл түс- әрқашан өз мақсатына жетеді, шыдамды, байсалды тұлға.

Қызыл, сары, жасыл түсті көбелектерді таңдайды

Гүл макеті, стикерлер

ІҮ. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы.

Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың сол жағына жақсы , оң жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар.3 мин

  1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.
Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.

Қағаздың сол жағына жақсы, оң жағына жаман қасиеттерін жазады.
Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады.
Қағаздың оң жағын ұсақтап жыртады



А4

VІ. Аялы алақан (тренинг)



Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу. 6 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)

  1. Балаңызды қалай таныдыңыз?

  2. Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?

  3. Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет