Ата-аналар жиналысының жоспары Мектеп: 29 ом сынып: 7«ә» Мерзімі


Ата-аналардың рөлі (қыз балалардың тәрбиесі, ұл балалардың тәрбиесі)



бет3/4
Дата24.11.2023
өлшемі11,13 Mb.
#193395
1   2   3   4
Байланысты:
ата аналар жиналысы 09.11

3.Ата-аналардың рөлі (қыз балалардың тәрбиесі, ұл балалардың тәрбиесі)
1. Отбасы – адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы. Сухомлинский В.А. Білім беру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды отбасында қарастыру. Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілік болып табылады. Отбасындағы парыз риясыз сүйіспеншілік болып табылады. «Бәрінен бұрын баланы көруге, түсінуге және сүюге үйрету керек, сосын барып қана оны оқуға үйрету керек». Януш Корчак.
Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі болғандықтан отбасын үнемі. нығайтуымыз керек.
Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық болады.
Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін ата-аналардың қарым-қатынас типтерін қарастырар болсақ.
Орынсыз қамқорлық (бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды).
Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды)
Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті психикалық ауруларға апарады).
Жоғары талаптар қою (балалар сасақалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сенімсіздік сезімі басым болады)
Кемсіту, елемеу (мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады.).
2.«Отбасылық әліппенің» алтын ережесі ретінде қарастырылатын мына дәйексөзде «Рухани мұғалім жәй мұғалімнен он есе маңызды, әке рухани мұғалімнен жүз есе маңызды, ал ана әкеден мың есе маңызды», деп айтылғандай бала тәрбиелеуде ата-аналардың тәрбиесі басты орынды иеленеді.
-Бала өміріндегі ананың рөлі. Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Әйел сүйіспеншілік пен адалдыққа үйретеді, қарапайымдылық – өмірдің күші, ақиқатты басшылыққа алу-оның күнделікті парызы. . адалдық адамгершілік, – бұл әйел табиғатының мәні. Әйелдің маңызды рөлі – бұл аналық рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет