Ата-аналармен келісім шарт



бет1/2
Дата27.09.2023
өлшемі18,7 Kb.
#182690
  1   2
Байланысты:
келісім шарт ата-анамен


Ата-аналармен келісім шарт
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ
АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ ШАРТ №
Алматы қаласы « » 2020 ж.
Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «мектепке дейінгі ұйым» деп аталатын МКҚК №166 Бөбекжай-балабақшасы атынан меңгеруші Ималова Роза Майдановна (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда) бір жағынан және екінші жағынан 
_________________________________________________ (баланың тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда) бұдан әрі «ата-ана» деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуінің ________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда) (бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында төмендегілер туралы осы шарт жасалды: 
1. Шарттың мәні
1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы, өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Мектепке дейінгі ұйым:
1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;
2) (білім басқармасының (бөлімінің) атауы)
берген № ______________________________________________________________________,
(жолдаманың нөмірі және мерзімі)
жолдаманың негізінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (бұдан әрі – Стандарт) айқындалған жас кезеңіне сәйкес баланы топқа қабылдауға; 
3) баланың өмірі мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мектепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге; 
4) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;
5) ата-ананың келісімімен баланы медициналық көрсетілімдер кезінде балалар емханасына тексерілуге жіберуге; 
6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ _____ – _____ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға; 
7) карантин, бала сырқаттанған жағдайда, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделу, сауықтыру, түзету және оңалту кезінде (көрсетілім бойынша анықтама, қорытынды ұсынғанда), ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілдеріне еңбек демалысын бергенде және жазғы мерзімде баланы сауықтыру үшін екі айға дейін демалысын алған уақытта (ата-ананың жазбаша өтініші негізінде) баланың орнын сақтауға; 
8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;
9) баланы келесі топқа әр жылдың 1-30 тамыз аралығында көшіруге;
10) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Санитарлық ережелер) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына сәйкес (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген), санитарлық ережелердің талаптарын сақтауға міндетті. 
3. Мектепке дейінгі ұйым:
1) балаға ата-ананың қалауы бойынша қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынуға (ақылы және ақысыз); 
2) баланы мектепке дейінгі ұйымнан баланың тамақтануы үшін ай сайынғы төлемақы белгіленген мерзімде уақытылы төленбеген, бала бір айдан астам дәлелсіз себептермен және әкімшілікке ескертпей келмеген; дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасының негізінде баланың мектепке дейінгі ұйымға келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға
3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға; 
4) баланың ата-анасы немесе заңды өкілі алкагольді ішімдік ішіп келгенде, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған туыстарына баланы бермеуге; 
5) ата-ана жүйелі түрде өз міндеттерін орындамаған кезде ата-ананы бұл жөнінде 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде ескертіп, мерзімінен бұрын осы шартты бұзуға; 
6) қажет болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.
4. Ата-ана:
1) мектепке дейінгі ұйым Жарғысы мен осы шартты сақтауға;
2) баланың тамақтануы үшін ________ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге
3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;
4) жақын туысқандарына, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарға баланы мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға; 
5) баланың болмауы туралы алдын ала мектепке дейінгі ұйымды уақытында хабардар етуге;
6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге; 
7) мектепке дейінгі ұйымды себепсіз босатпауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш күннен астам уақыт болмаған жағдайда Санитарлық ереженің 134-тармағына сәйкес денсаулығы туралы анықтама әкелуге
8) мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжым қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша «Мектепке дейінгі ұйыммен» өзара іс-қимыл жасауға міндетті. 
5. Ата-ана:
1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға; 
2) мектепке дейінгі ұйымда баланың бейімделу кезеңінде белгілі бар уақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға; 
3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға; 
4) Мектепке дейінгі ұйым Жарғысының және осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;
5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. 
3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі
6. Ата-ананың баланың тамақтануы үшін 18500 (он сегіз мың бес жүз) теңге сомасы ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін төленеді. Бала дәлелді себептермен (сырқаттану, демалыс (ата-ананың өтініші), ауыру, емделу, сауықтыру, түзету мен бейімделу (көрсетілім бойынша анықтама ұсынған жағдайда) мектепке дейінгі ұйымға төлем жасалынған ағымдағы айда келмеген жағдайда, нақты шыққан күндеріне қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі. 
4. Тараптардың жауапкершілігі
7. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет