"Атадан алтау, анадан төртеу"


Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер



бет9/9
Дата27.07.2020
өлшемі34,69 Kb.
#75683
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ175 ЖЫЛ
testy menedzhment
Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер

  • Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;

  • Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";

  • Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;

  • Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;

  • Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;

  • Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;

  • Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;

  • Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;

  • Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;

  • Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;

  • Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.

Абайдың 175 жылдығы тойланады

Жақында Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес, келесі жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы тойланады. Осыған орай, биыл 1 шілдеге дейін мемлекеттік комиссия құрылады. Ал 1 қазанға дейін мерейтойды дайындау және өткізуге арналған  жалпыреспубликалық жоспар бекітілуі шарт. Бұдан бөлек, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет