Аталып өтілетін даталар


ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 140 жыл



бет2/8
Дата11.03.2017
өлшемі1,18 Mb.
#11404
1   2   3   4   5   6   7   8

ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 140 жыл

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – 19 ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автномиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Ә.Н.Бөкейхан 1866 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7-ші ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Ақтоғай ауданының бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н.Бөкейхан есімі берілді.

Бастауыш білімді элементарлық орыс мектебінде алып, 1888 жылы Омбы техникалық училищесін, бұдан соң 1894 жылы Петербор орман шаруашылығы институтының экономика факультетін бітіреді.

ХІХ ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепелдемесімен орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А.Шербина экспедициясының құрамында болды. 1905 жылдан бастап Россия конституциялық-демократиялық (кадеттер) партиясының мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болды.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол І-Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н.Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала ген.-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері назарылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выбог қаласына жүріп кеткен еі. Әлекеңде солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санк-етербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбр болды. 1909-17 жылдар Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-1914 жылдары Ә.Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

Әлихан, Ахмет, Жақыптар Алаш партиясын құрып, 1917 жылы желтоқсанда өткен осы партияның съезіне Ә.Бөкейханов Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланды.

1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә.Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылдары екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә.Бөкейхановтың зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жоғалтпады. Ақырында сталиндік билік оны 1937 жылы тағы да тұтқынға алып, 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесті.

1989 жылы 14 мамырда КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Әлімхан Ермековтің және көптеген замандастарының естеліктеріне қарағанда, Әлихан өз заманының аса білімді де білгір, парасатты, терең ойлы, ірі қайраткері болған. Темір құрсау салынған біздің еліміздегі емес, шетел ғалымдары мен тарихшылары Әлтхан Бөкейхановтың қайраткерлік және шығармашылық қызметін ертеден-ақ жан-жақты зерттеп, оны Шығыстың шын мәнісіндегі ұлы тұлғасы деп танып баға берген.


Әдебиеттер:
Абайды оқы, танырқа..: (Құрастырған, алғы сөзi мен түсiнiктемелерiн жазған - М. Мырзахметов, филология ғылымының докторы).- Алматы: Ана тiлi, 1993.- 160 бет.

Абдрахманов Б. Ақылы дария данышпаны: Тағзым // Орт.Қазақстан.- 2003.- тамыз.-10 б.

Аққұлұлы С. Әлихан Бөкейхан (1866-1937): /ХХ ғасыр: ұлт тұлғалары ұлағаты//Үкiмет Жаршысы.- Алматы,2000.-N3.- 68-69 б.

Аққұлұлы С. Әлихан Бөкейхан және орыс масондығы. //Өркен. 1994.- 5 наурыз.

Арiнұлы А.Қазақ елiне ортақ тұлғалар// Қарқаралы.-2001.-3 ақпан

Әбділдинов Д. Әлихан Бөкейханов және земство // Нұра. –1995.- 25,28 қазан

Әбдирашұлы Ж. Тағдырдан тумай жатып сұрап алған//Таң-Шолпан.- 2001.- N2.-100-115 б.

Әбдiрахманұлы О.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс және қазақ зиялылары// Азия Транзит.-2002.-N2.-46-49 б.

Әзиев Ә. Алаш туралы құнды еңбек: Жаңа кiтап//Орт.Қазақстан.- 2001.-10 қаңтар

Әли Ф. Түркiстан төрiндегi бас қосу: архивтен алынған айғақтар// Абай.- 2005.- N1.-25-31 б.

Әлиханның үш сұрағы: Кененiң жауға шапқан бас батыры// Орт.Қазақстан.- 2002.- 4 қыркүйек.-8 б.

Әшкеева Н. Әлихан Бөкейханов және алашорда үкiметi// Iзденiс.- 2002.- N2.-228-233 б.

Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет: Таңдамалы ғылыми зерттеулерi.- Алматы: Ғылым, 1997.- 504бет.

Бектұров Ж. Үш Әлекең: /Бөкейханов туралы/ //Орт.Қазақстан. 1989. –29,30,31 тамыз, 1,6,7,13 қыркүйек.

Бөкейханов Ә. Қазақтың қамын ойлаумен…/Алғы сөзін жазған С.Жәмкенұлы/ //Ақиқат. – 1992.-№2.- 39-43 б.

Бөкейханов Ә. Қазақстан ұлттық энциклопедия.- Алматы. – 1999.- Т.2.-401-404 б.

Бөкейханов Ә. Қарағанды облысы. Энциклопедия. – Алматы.- 1990.- 609 б.

Бөкейхан Ә.Таңдамалы: Шығармалар жинағы. 2 кiтап.- Алматы: Өлке, 2003.- 224 бет.-(Алаш мұрасы)

Бөкейханов Ә. Талқан соғысы. Тағы соғыс. /1913-14 жж/ //Қазақ тарихы. –1999. –№2.- 30-32 б.

Бөкейхан Ә. Шығармалар.- Алматы; Қазақстан, 1994.- 384 б.

Бөкейхан С. Әлекеңнiң әулетi: Шежiре деректерi // Жұлдыз.- 2003.- N3.-108-121 б.

Жақсылиев М. Ақылдан қалған сынықтар. /С.Сәдуақасов және Ә.Бөкейханов ұрпақтары туралы/ //Қаз. әдебиеті.- 1990. 12 қаңтар. 12 б.

Жарылғап М. Димаш ағамен осылай кездескен едiм: Д.Қонаевтың туғанына-90 жыл// Орт.Қазақстан.- 2002.- 12 қаңтар

Жәлелов Ө. Тәуелсiздiк жаршысы: Тұңғыш қазақ математигi, профессор Ә.Ермеков жайлы сөз / Ө.Жәлелов, С.Әлiбаева// Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.- 16, 18 мамыр

Жолдасбекұлы М. Елтұтқа [Мәтiн] : [10 томдық ?]:ел тарихының әйгiлi тұлғалары / М.Жодасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдiмбек.- Астана: KUL TEGIN баспасы, 2001.- 358 б.: сур.

Жүсiпов С.А. Ә.Н. Бөкейханның өмiрi мен әдеби-публицистикалық мұрасы: Автореферат - Алматы, 1995.- 23 б.

Каренов Р. Алаштың бас көсемi. Шыңдағы шынарлары: [Ә.Бөкейхан туралы] // Азия Транзит.- 2000.- N1.-5-13 б.

Қазақ прозасы . 3 томдық: Хрестоматия. Т. 2. XIX-XX ғасырлар / Құраст. Х.Ж.Сүйiншәлi.- Алматы: Ғылым, 2001.- 672 бет.

Қалиақпар М. Ә.Бөкейханның бүркеншiк аттары: тұлғалардан тәбәрiк// Азия Транзит.- 2003.- N10.-19 б.

Қалиақпар М. Әлихан Бөкейханов айтқан екен: ақылдыдан- асыл сөз// Азия Транзит.- 2003.- N8.-40-41 б.

Қамзабекұлы Д. Әлихан Бөкейханның әдебиетшiлi // Таң-Шолпан.- 2002.- N5.-68-79 б.

Қаһарлы 1916 жыл: (Құжаттар мен материалдар жинағы); (Сб. док. и материалов). Т.2.- Алматы: Қазақстан, 1998.- 247 б.

Қашқынов Ж. Арыстардың құт мекенi: Ақтоғай ауданының арыстары туралы // Орт.Қазақстан.- 2000.- 17 мамыр

Қашқынов Ж. Шежiрешi: Өлеңдер // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 19 шiлде

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: Көмекшi оқу құралы.-Алматы: Санат, 1995.- 368 бет.

Қойгелдиев М. Әлихан Бөкейханов. //Ақиқат.- 1992. №6.

Құл-Мұхаммед М. "Алаш" бағдарламасы: қиянат пен ақиқат.- Алматы: Атамұра, 2000.- 240 бет.: сурет.

Құрманғазы: Жинақ қазақ және орыс тiлiнде / Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.-544 бет.

Ләмбекұлы С. Арыстар: Роман.- Астана: Елорда, 2000.- 368 бет.

Ләмбекұлы С. Арыстар: Романнан үзiндi// Азия Транзит.- 2000.-N9 (желтоқсан).-35-38 б

Ләмбекұлы С. Арыстар: Романнан үзiндi// Орт.Қазақстан.- 2001.-10, 13 қаңтар

Махмут Жарылғап. Алаштың Ақтоғайы /Құраст.:А.Сейдiахметов,Ж.Махмұт.- Қарағанды: Полиграфия, 1998.- 31 бет.

Мұсағалиева А. Әлихан Бөкейханов және қазақ қоғамындағы қылмыс// Жас Алаш.- Алматы,2000.-14 қазан.

Мұхаметханов Қ. Әлихан Бөкейханов: /Білімді экономист, ғалым, тарихшы, әдебиетші…/ //Қаз. әдебиеті.- 1990.- 8,15 маусым.

Мың бiр мақал;жиырма үш жоқтау.: Жинаст. А.Баржақсы баласы.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 96 бет.

Несiп С. Ұлт-азаттық көтерiлiс кезеңiндегi "Қазақ" газетiнiң ролi// Қарқаралы.-2001.-23 маусым

Нұрғали Р. Қазақ әдебиетiнiң алтын ғасыры: Зерттеу.- Астана: Күлтегiн, 2002.- 528 бет.

Нұрғалиев Р. Әлихан Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы. //Ақиқат.- 1994.- №11.- 64-77 б.

Омарбекұлы М. Алаш көсемiнiң Қарқаралыдағы iздерi: Қарқаралының 180 жылдығы // Қарқаралы.- 2004.- 24, 31 қаңтар. Орт.Қазақстан.-2004.- 3 ақпан.-4 б. Қарқаралы.- 2005.- N1.-48-50 б.

Оспанов С. Ұрпаққа аманат, болашаққа сабақ: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi//Қарқаралы.- 2005.- 28 мамыр.-4 б.

Өзбекұлы С. Автономия жөнiндегi айтыс: Әлихан Бөкейханов, Райымжан Мәрсеков және Әлiмхан Ермековке қатысты Томскiден табылған тың дерек // Егемен Қазақстан.- 2002.- 29 қараша

Өмiрзақ О. Мемлекеттiк Думаға сайланған қазақтар// Қазақ тарихы.- 2001.- N1.-30-32 б.

Сармурзин А.Ғ., Григорьев В.К. Бөкейханов және тарих шындығы //Қаз.әбдебиеті.- 1989.- 7 шілде.-8-9 б.

Серiкбаева А. Мұражай жәдiгерлерi оқушыларды ұлтжандыққа, адамгершiлiк пен iзгiлiкке тәрбиелеуде // Орт.Қазақстан.- 2001.- 18 сәуiр

Смаханұлы Б. Тәуелсiздiк және ұлт рухы// Балқаш өңiрi.- 2001.-15 мамыр

Смағұлов Е. Ас беру дәстүрiнiң зерттелу тарихы// Қазақ тарихы.- 2004.- N5.-34-45 б.

Тоғжанов Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов,Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-тi, 2002.- 324 бет.

Тойымбекова Ж. Алпыстың асуындағы абзал аға /Ж.Тойымбекова, С.Құлпейiсова// Азия Транзит.- 2002.- N3.-52 б.

Ұйытқы// Қазақстан ZAMAN.- 2004.- 11 маусым.- 6 б.

Халиолла М. Отарлық, озбырлық және ойрандалған отбасылар: Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi қарсаңында// Орт.Қазақстан.- 2005.- 28,31 мамыр.-4 б.



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Қала және қылқалам шеберлері Қарағанды қаласына – 70 жыл
Kraeved -> О, туған жер, тулап аққан қанымсың
Kraeved -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Kraeved -> «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деп басталатын ақынның өлеңі қай тауға арналғанын білесіз бе?!
Kraeved -> Ақынның Ақжайықта ізі қалған «САҒындым сені, оралым»
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> «Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»
Kraeved -> Балажан ақын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет