Реферат тақырыбы: "Мені? ?лкем ж?ма? мекен!" Орындаған: Далабаева Еркеназ Тобы: пмно 22-1 Тексерген: Сәменова Г. М



бет1/4
Дата07.10.2023
өлшемі56,64 Kb.
#184074
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Мен лкем - ж ма мекен! РЕФЕРАТ
РЕФЕРАТ АНГЛ, жаратылыстану, Реферат та ырыбы М алімні зерттеушілік м дениет де гейін ай ы, Метод указ ДМ лаб раб (3)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Мені? ?лкем ж?ма? мекен!"

Орындаған: Далабаева Еркеназ


Тобы: ПМНО 22-1
Тексерген: Сәменова Г.М

Қарағанды, 2023


Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. ?лкені? тарихы
2.2. Климаты
2.3. Табиғаты
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Менің өлкем - Жаңаарқа ауданы.Жаңаарқа (2020 жылға дейін — Атасу)[2] – кент, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының және Жаңаарқа кенттік әкімдігі орталығы, темір жол стансасы.Облыс орталығы – Жезқазған қаласының солтүстік-шығысында 320 км жерде, Сарысу өзенінің салалары – Жақсы Сарысу мен Жаман Сарысу өзендерінің қосылған жерінде орналасқан.1929 жылдан аудан орталығы, 1941 жылдан кент.1999 жылы тұрғындар саны 14281 адам (6864 ер адам және 7417 әйел адам) болса, 2009 жылы 14265 адамды (6958 ер адам және 7307 әйел адам) құрады.Атасуда локомотив депосы, астық қабылдау пункті, сүт зауыты, агроөнеркәсіптік бірлестік, тұрмыстық комбинат, баспахана, 7 жалпы білім беретін және спорт мектептері, кәсіптік-техникалық училище, мәдениет үйі, мұражай, 4 клуб, стадион, емхана, аурухана, санэпидстанса бар. Атасу арқылы Жезқазған – Жарық – Қарағанды темір жолы, Қарағанды – Жезқазған, Жезқазған – Балқаш автомобиль жолдары өтеді.

Негізгі бөлім
2.1 Өлкенің тарихы
Тарихы көне дәуірлерден сыр шертетін, тұлпарының тұяғы дүниені дүркіретіп, әлем тарихында ерекше орын алған Cақтар мен Ғұндар, Көк бөрінің рухынан жаратылған Көк Түріктің жалғасы болып табылатын халқымыздың өзіндік тағылымды тарихы өзгеге мақтаныш, өзімізге үлгі тұтарлық. Қайталанбас салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпымен ерекшеленетін Қазақ халқының талай ғасыр иемденіп келе жатқан кімді болмасын кеңдігімен көз тартқызар сайын даласының әрбір аймағы мен тау – тасы үлкен зерттеуге сұранарлық шежіреге толы.
Осындай шежіреге бай, сан ғасырдан сыр шертер қасиетті, киелі өңірдің бірі, әйгілі Сарыарқаның жуан ортасынан орын алған Жаңаарқа жері.
Шұрайлы да шырайлы Жаңаарқа – өлкесі – сан даралар мен даналардың киелі ордасы, алтын бесігі, ата мекені. Бұл қасиетті топырақ – сан ғасырды бойлап тарихтың талай құпиясын сақтаған, бүгінгі күндері даласы ән мен жырға айналған, берекелі еңбек өрбіткен өңір.
Биыл аудан болып құрылғанына 80 жыл толуын атап өткелі отырған қойнауы ырыс, жайлауы тыныс, еліміз бен ұлтымыздың тарихына аты алтын әріппен жазылған талай, талай тарлан тұлғаларды, алтын айдарлы азаматтарды түлетіп ұшырған текті топырақ, қасиетті мекен Жаңаарқа өлкесінің тұмса тарихы сонау есте жоқ ескі замандардан тамыр тартып, ерте ғасырлардан бастау алады.
Атақты академик Ә.Марғұлан Жаңаарқа жеріндегі Атасу қонысын Орталық Қазақстандағы ең ірі, ең ерте қоңыстардың бірі деп есептеп, оның ерекшеліктерін ескере отырып, Атасу мәдениеті деген атау еңгізді. Ауданымыздың аумағында орын тапқан тарихи ескерткіштері, күмбездері өңіріміздің көне замаңғы тарихынан сыр тартады.
Жаңаарқалықтардың атырапқа атын жайған және бір өзіндік қасиеті – мұнда шынайы өнерді пір тұтатын, өнерлі ұлдарын ұлық көріп, төбелеріне көтере білген, додалы сайыс,дүбірлі жарыс десе ішкен астарын жерге қоятын іскер әрі намысты қолдан бермейтін, үлкен жүректі сері халық , сауықшыл ел қалыптасқан. Бұл төңіректе екінің бірі әнші – күйші, палуан, атбегі, десек артық айтқандығымыз да, мақтанғандығымыз да болмас.
Өзге жерге барып өзімізді таныстырсақ ең алдымен ХVIII ғасырдың ортасында әділдігімен аты шыққан, Абылай ханның сенімді би шешендерінің бірі болған Байдалы би, одан беріректе Жаңаарқа жерінде өмір сүрген сегіз қырлы, бір сырлы күйші композиторлары Сайдалы Сары Тоқа, Ықылас, ақындары, Маймақ, Айна, шешендері Бек, Тұяқ сал Төлебай, билері Бекқожа, Қаспақ Құтжан, Талжан, ел билеген Шоң, Тәті сияқты азаматтары есімізге оралады.
Жаңаарқа тарихы үшін бүкіл қазақ елі үшін мақтанышқа айналған, сұлулықтың символы болған, сегіз қырлы бір сырлы, қоғам, мемлекет қайраткері, даулпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің алатын орны ерекше, оның замандасы, еліне адал қызмет еткен Жанайдар Садуақастың да жасаған еңбегі зор.
Қазақстан өз алдына іргелі ел болып,қалыптасқаннан бері Жаңаарқа ауданының әлеуметтік – экономикалық жағдайы да қарқын алып дамуда. Бұл жылдар аралағында біздің ауданымыз да, Қазақстанның барлық аймақтарымен бірге жаңарып, дамудың жаңа бір сатысына көтерілді деп айта аламыз. Оған кейінгі жылдарда өзгеріп, гүлденіп жатқан оң өзгерістер көз жеткізе түседі. Облыс бойынша даму қарқыны жағынан үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан біздің аудан, Қазақстанның дамуына өзіндік қосып келе жатқан аймақ екені сөзсіз.
Бүгінгі Жаңаарқа – бірнеше буын ұрпақ өкілдерінің ат байлар атамекені, ардақ тұтар қасиетті қонысы. Жаңаарқа текті мінез, асқақ абырой, алдаспан намыстың елі.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана халқымыз. Ендеше еліміз егемендігін алып, етек – жеңімізді жинаған шақта, алтын бесігіміз саналатын туған жеріміздің өткеніне көз жүгіртіп, тарихын түгендеу басты парызымыз болып қала бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет