Ақтау қаласы. Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Балақыз Жунисова Абдурахмановна



Дата06.07.2018
өлшемі139,28 Kb.
Ақтау қаласы.

Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Балақыз Жунисова Абдурахмановна

11-сынып. Қазақ тілі. Қысқа мерзімді жоспар.

Тақырыбы: : Н.Назарбаев «Тәуелсіздік толғауы»

Мақсаты :«Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алуына қол жеткізу, Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ойқорытындысын жасауға мүмкіндік туғызу, Елбасының шешендік толғамын пайымдап, оның сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.

Әдісі: топтық жұмыс, Блум таксономиясы.

Түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру

Нәтиже: :«Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алады, Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, өзбетінше ойқорытындысын жасауға мүмкіндік туады, Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді түсінеді, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен  іздестіреді.

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

ресурстар

2м.

10м



15м








І . Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Топқа бөлу

ІІ. Білу. «Білемін. Білгім келеді. Білдім» стратегиясы. Барлығына бірдей тапсырма 1,2 бағанын толтыру.Білетін ақпаратын жазады.
ІІІ. Түсіну. Интерактив тақтадан мәтінмен танысу.Одан әрі мүмкіндігінше мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөлу керек.

1 Тәуелсіз ел атану

2 Түсіністік пен келісімде өмір сүру

3 Тәуелсіздік рух.

4.Халық даналығы

5.Жалпыға ортақ еңбек.

6. Мәңгілік ел болу
ІҮ. Қолдану. «Қос күнделік» кестесін толтыру. Мәтінді оқуда өз қөзқарасын білдіреді.

Берілген сөйлемді толықтырады.


Ү.Талдау. Тәуелсіздік сөзіне ассосация жасау және топтастыру керек.
ҮІ.Қорыту. Білемін. Білгім келеді. Білдім» стратегиясы.Білдім бағанын толтыру.

ҮІІ. Бағалау. Критерилер жасау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. «Елбасының еліне жасаған еңбегі» шығарма жазу.

ІХ. Рефлексия. Кемпірқосақ суреті.



Топқа бөлінеді


Бұрынғы білетін ақпараттарын пайдаланып кестені жазады.

Мәтінмен танысады.


Мәтінмен жұмыс жасайды

Күнделік толтырады.


АКТ қолданады

Кестені толтырады


Сабақты қорытады.
Топты бағалайды.
Сабақ туралы пікірін жазады.



Смарт бейжик арқылы


Интерактивті тақта.


Стикерлер,

маркерлер,

Оқулық.

Дәптер



БББ.

Білемін

Білгім келеді

Білдім









Қос күнделік.



Мәтіннен үзінді

Сұрақтар мен түсіндірмелер

...тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жанжүрегімізбен түсінеміз.  


Тарихтың бізге бұйыртқан таңдауы: бейбіт өмір сүру таңдауы (ассамблея 20ж), байлығымызға дербес иелік ету таңдауы (отандық өнім), болашақты өзіміз жасау таңдауы екенін анық түсіндіреді (мәңгілік ел).




Сөйлемдерді толықтырыңдар.
Біздің жаңа ........... жарық жұлдыз болып дүниеге келді. 
Тәуелсіздік – сан буын ........... қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.
Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі ... – халықтың даналығы. Қазақстанды ... жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы.

Рефлексия. Кемпірқосақ суреті.

1жолақ. нені үйрендім?

2 жолақ. не маңызды болды?

3жолақ. не қиын болды?

4жолақ. қиындықты жеңу үшін не істей аламын?

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі

 

Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғышрет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан алыстатып барады.

Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жанжүрегімізбен түсінеміз.  

Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы.

Ол – туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өзқалауымызбен жұмсау таңдауы. 

Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы.

 

Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. 



Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы Рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады.  

Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды.

Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады.

Ол біздің экономикамыздың өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орнымен, ұлан-ғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.

Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.

Тәуелсіздік – кешегі батыр бабалар өсиет еткендей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.  

 

Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – ХАЛЫҚТЫҢ ДАНАЛЫҒЫ. 



Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы.

Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кеңпейілінің даналығы.

 

Тәуелсіздік дегеніміз – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК.



Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі.

Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі.

Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі.

Оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар.

Оның ғылымға, инновациялар мен прогрес-ке әрдайым айқара ашық есігі бар.

Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мақсаткерлігі бар.



 

Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы.



Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көкбайрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз.

Бұл – біздің мәңгілік ұстанымымыз!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет