Атырау қаласы, Бірлік селосы, Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің



Дата04.05.2017
өлшемі38,7 Kb.
#15649
түріСабақ
Атырау қаласы, Бірлік селосы,

Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Даулеткалиева Балауса Киковна

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы Сәбитұлы



Сабақтың мақсаты:

а) ) білімділік: Асан қайғы жайлы білетін мәліметтерін талқылай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, толғаулар арқылы терең түсінік беру;

ә) тәрбиелілігі: Оқушылардың өз ойын еркін айта отырып, адамгершілікке, елін, жерін сүюге, патриоттық сезімге, имандылыққа,кешірімді болып,кекшіл болмай, кішіпейіл болуға баулу.

б) дамытушылығы: Ой қорытындысын жасау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал ету;



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасы, сатылай кешенді талдау,баяндау,мазмұндау, мәнерлеп оқу, ой қозғау, әуезбен әсерлесу,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Асан қайғының суреттері,Қазақстан картасы, кестелер мен сызбалар, тест, слайд,сөздік жұмысына арналған кесте, домбыра,интер тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, география,саз

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеп, назарларын аудару



Сабақ барысы.

І. Қызығушылықты ояту.

Жер-байлық,

Мал- бір жұттық,

Батыр-бір оқтық,

Жер-мәңгілік дейді.

Халқына шұрайлы Жер іздеген кім?

Оқушылар жауабы: Асанқайғы

І. Топтастыру

Қазақ ордасының Өткір сөзді би дала философы

ұраншысы

Дәулескер күйші Асан қайғы Майқы би ұрпағы

Терең ойшыл Халық қамқоры Асқан ақылгөй

ІІ Мағынаны тану

Асан қайғы барып қайтқан өңірлер,толғаулар туралы слайд арқылыкөрсетіліп, мағұлмат беріледі

Деңгейлік тапсырма.

І-топ.


А) Асан қайғы өмірі

Ә) Асан қайғы «Жерұйық» деп нені атаған?

ІІ-топ

А) Асан қайғы заманында қандай хандықтар болған?



Ә) Қилы-қилы заман болмай ма?

Суда жүрген ақ шортан

Қарағай басын шалмай ма?-деген толғауындағы қарағай мен шортанның бейнесін Асан қайғы кең көлемде қалай ашқан?

ІІІ топ.


А) Жер туралы мақал-мәтелдер айт. Асан деген атқа «Қайғы»деген сөздің тіркесуі нені аңғартады?

Картамен жұмыс Асан қайғының барып қайтқан өңірлерін көрсету

«Жүйесін тапқан сөз жүрекке жетер»

Ең асыл нәрсе не?

Бір ауыз сөз

Сөзден

Тәтті нәрсе жоқ Ауыр нәрсе жоқ Жеңіл нәрсе жоқ



Асан қайғы толғаулары: Еділ бол да, жайық бол Бұл заманда не ғаріп

Таза мінсіз асыл сөз Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Көлде жүрген қоңыр қаз Қырында киік жайлаған

Қилы-қилы заман болма



«Талдай білген ұтады» Сатылай кешенді талдау

-Бұл заманда не ғаріп?

1. Авторы: Асан қайғы

2. Тақырыбы: Сөз қадірін білу, ер азаматтың өз халқымен,жерімен бірлікте болуы.

3.Идеясы: Әр нәрсенің қадір-қасиетін білу

4. Толғау дегеніміз-заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын үгіт өлеңдер. Онда ой желісі үзілмей,аз сөзге көп мағына сыйғызып,өмір құбылыстарын кеңінен шолады, дауында,шешуінде жырау өзі айтады.

5. 1шумақ

6.18 тармақ

7.2 бунақ

8. 7-8 буын.

9. Ұйқас –аралас ұйқас(қара өлең,егіз,шұбыртпалы)

10. Әдеби теориялық ұғымдар.

Эпитет-ақ қалалы,асыл шырын,бетегелі бел,айдын-шалқар көл,қайратты ер.

Аллитерация-Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.

11. Түсіндірме сөздік.

Боз-бетегелі,изенді,селеулі ақ дала

Мүрит-Діни лауазымды адамдарғақол тапсырып, солардың ісін дәріптеуші шәкірт,ізбасар

Ғаріп-жетім,мүсәпір

Пір-қолдап-қорғаушы,сыйынушы адам

Құладын-қаршыға тұқымдас кішірек келген жыртқыш құс

Бел-таудың қырқасы

12 Түйіні, тәрбиелік мәні. Сөз қадірін білу,туған жердің, елдің қадір-қасиетін ұғыну

«Ой толғаныс»

«Әуезбен әсерлесу» Асан қайғының «Желмаяның жүрісі» күйін тыңдайды»

«Адам, сен де бір жердің перзентісің!»

Оқушы ойы Оқушы ойы Оқушы ойы



Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» (Асан қайғы атасына арнап өлең шығару)
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет