Атырау облысы Атырау қаласы №35 мектеп – гимназиясысының 2 в сынып оқушысы Нағым Мерует Нұрланқызы Жетекшісі: №35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнур Асхатовна «Ең үздік ғылыми жоба»



бет4/6
Дата13.03.2023
өлшемі420,4 Kb.
#172221
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0-97830200-1491816855
англ 9бет
Қос дөңгелекҚазақ ою-өрнегінде геометриялық үлгінің жекеленген түрлері өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспан әлемінде Күн мен Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған болуы керек.





Балта – халқымыз тұтынған көне құралдардың бірі. Әрі қорғаны, әрі күнкөріс құралы. Сол себептен бұл ою көбіне төсеніш, сырмақ, алаша сынды бұйымдарға салынады. Қызыл қоңыр, көк, қара түстерге боялады.




Қарға табан. Қарға түскен небір айшықты іздердің негізінде пайда болған. Түскиіздер мен алашаларда жиі кездесетін бұл өрнек геометриялық және зооморфтық үлгідегі ою бедерлерін біріктіру негізінде қолданылады. Негізінен көк, сары, қызылы, қоңы түстерге боялады.




Ит құйрық. Ит құйрық табиғат түрлерін шығармашылықпен бейнелеу үлгісінен туған. Мұндай оюлар төрт түлік малға, мал күту рәсіміне байналысты бұйымдарда, шығармаларда қолданылып жатады.




Гүл ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады. 




Ирек, су. "Бұлақ көрсең – көзін аш" деп өсиет қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің айғағы. Ирек, су өрнегі көбіне көгілдір, көк сия түстерге боялады.




Ботакөз. Ботаның көзі іспеттес келетін бұл өрнек көбіне оюлы бұйымдардың жиектері көмкеруде қолданылады. Әсем өрнек композицияның орталық бөлігінде де кездесе береді, ою бірнеше рет қайталанғанда жиектеме түзейді.




Бес таңба. Оюдың бұл түрі дүниенің төрт бұрышын шартты түрде бейнелеу ұғымын білдіреді. Сондықтан да, дүние жүзі халықтарының шығармалары және ТМД халықтарының еңбектеріне қойылып жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет