Атырау облысы, Махамбет ауданы Д. Төленов атындағы мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Нұргүл Сүндетқалиқызы



Дата15.09.2017
өлшемі65,78 Kb.
#32465
Атырау облысы, Махамбет ауданы Д. Төленов атындағы мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Нұргүл Сүндетқалиқызы

Өнер көзі -халықта,

Үйренейік жалықпа.(1- слайд)

Мақсаты:Оқушылардың бойларына ұлттық салт -дәстүрді, ұлттық рухты сіңіру арқылы жақсы қасиеттерді үйреніп,адамгершілік сезімін дамыту.

Көрнекілік: Кесте, тапсырмалар, сандақша, кие тұтқан сандар , т.б(2-слайд)

Бөлім аттары

Өнеге сағатының өтілу түрі мен мазмұны

Уақыты

Кіріспе бөлімі

Модульмен таныстыру.

1.Ұлтжандылық тәрбие

2.Құқықтық ( ұждан) тәрбие

3. Рухани –адамгершілік тәрбие



2 мин

Сұхбат бөлімі

Өнер көзі -халықта,

Үйренейік жалықпа.



  1. Гейм. Мен қазақтың ұрпағымын.

  2. Гейм. Ұлағатты ұлттық ұғымдар.

  3. Гейм. Өнерлі өрге жүзер.

  4. Гейм. Біліп жүргенің жөн.

  5. Гейм.Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ.




40мин

Қорытынды бөлімі

Нені игердім? Нені білдім? Нені түсіндім?

3мин

Даланың терең, жұтсаң ауасы кең,

Танысайық бұл кештің шарасымен.

Өнеге сағатын кешендік бағдарламаның 3 бағыты бойынша жүргіземін. Шара бүгінгі күннің талабына сай топтық жүйемен өткізгенді жөн көріп отырмын.Жарыс түрінде өткізіледі. Жарыс болған соң , әділ баға беретін әділқазы сайлаймыз керек.

Халықтың ізгі дәстүрі –біздің ең асыл мұрамыз. Бауыржан Момышұлы . (3-слайд)

Ұрпағы мен боламын бабалардың

Биікке өнерімен бара аламын.

Қанекей, тыңдайықшы барша халық.

Кім екен түпкі атасы балалардың?

1-Гейм. Мен қазақтың ұрпағымын (4-слайд) (топ жетешілер топтарын таныстырады.)

1-топ -Фатима

Өсиетін ата менен әженің

Ұқ ұрпағым, санаға құй ,дәріпте.

Қабыл алып, орындасаң тілегін,

Тәлім болар ол да үлгі әліппе.

Намысын шар болатқа жанығандар,

Өнер- білім жолында жалындаңдар.

Егеменді елімнің ұрпақтары.

«Өсиет» тобының сәлемін қабылдаңдар.

2- топ-Айдос

Ардақ тұтып аталарды сыйлаймыз,

Абзал әке ақылын да тыңдаймыз.

Кішілерге үнемі қамқор болып,

Бойымызға тек жақсылық жинаймыз.

Өткен тарих сайрап жатқан бір аңыз,

Білімнің ақ парағын ақтарамыз.

«Өнер көзі- халықта» баба сөзі

Өнерді үйренуден жалықпайммыз.

«Дәстүр тобынан » жалынды сәлем.

Жеті атасын білген ұл ,

Жеті жұрттың қамын жер.

-демекші балаларым, жеті атасын біле ме екен?

Әр геймнің қорытындысы есептелінеді. Әділқазы алқасы әрбір гейм сайын бағасын беруі керек. Бағасын беріңіздер.

2-Гейм. Ұлағатты ұлттық ұғымдар ( Халқымыз кие тұтқан сандарды 3,7 сандары туралы не білеміз?) (5-слайд)

Әділқазы алқысына сөз кезегін береміз. Бағасын беріңіздер.



Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.Екі топтың жанкүйерлері өнер көрсетеді. (6-слайд)

Біреулер сынға түсер- өнерімен

Біреулер жырға түсер өлеңімен.

Не болса да айтады жүрегімен

Би де нағыз өнер деп білемін мен

«Ұлттық ойын дардан » компазициялық қойылым.



Балаларға өнер- білім берілсін.

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Көрініс. «Алдаркөсе мен салт атты» Әділқазы алқысына сөз кезегін береміз. Бағасын беріңіздер.



Ақтарып кітап әлі де

Түсініп ал, аңдып ал.

Өнердің жақсы бәрі де,

Таңдауыңша таңдап ал!

4- Гейм. Біліп жүргенің жөн. ( топпен жұмыс) (7-слайд) 5 сұрақ беріледі , тез жауап беруілеріңіз керек.

1-топ

  1. Жасы үлкен адамға қалай сөйлеу керек? (Сіз)

  2. Жылға таласып құр қалған қай жануар? ( Түйе)

  3. Қыста жейтін ет? (Соғым)

  4. Әкеңнің әкесі кім болады? (Ата)

  5. Киіз үйдің жабын киіздерін ата? ( түндік, үздік, туырлық)

2-топ

  1. Өзіңе көрсетілген ізетке, жасалған ілтипатқа ,сыйға не айту керек? (рахмет)

  2. Жыл басы қазақша қай ай? (Наурыз)

  3. Халық қай түлікті киелі деп санайды?( түйе, жылқы)

  4. Нағашы жұртқа сен кімсің? (жиен)

  5. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.)

Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,

Жобасын, балаларым біле ме екен?

5-Гейм «Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ!» (8-слайд)

Сандықшаға жасырынған заттар әкелінеді. Қандай рәсімге қатысты дүниелер екенін айту керек.



1.Тұсау кесерді қазақ үш түрлі жолмен орындаған; (9-слайд)

  1. Шөппен кеске – шөптей қаулап өссін, аяғы жеңіл, өмір жасы ұзақ болсын!

  2. Тоқ шекпен кескен- малды болсын, қорасы қойға, жайлауы төрт түлікке толсын!

  3. 3. Ала жіппен кескен- адал, ешкімнің ала жібін аттамасын деген ырым. Отбасы адамдары ақылдасып, өздері ерекше сыйлайтын адамды таңдап, тұсау кесер рәсімін жолдайтын болған.

2.Бата айта білесің бе? (10-слайд)

Жаңбыр менен жер көгере,

Батаменен ел көгере- дегендей бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. «Жақсы сөз –жарым ырыс»- дегендей үлкендердің ұлағатты адамдардың берген батасы тарихта ұрпақтан- ұрпаққа үлгі болған.

Жанқұтты шешен былай деп бата берген екен.

Аллаңа жағам десең –азанды бол.

Ағайынға жағам десең- қазанды бол.

Халқыңа жағам десең- әділ бол.

Судай таза бол,

Жердей берік бол.

Ауылыңның көркі бол.

Достарыңның алды бол.

Оқуда зейінді бол.

Өмірге бейімді бол.

Күнделігің беске толсын

Ата-анаңның жүрегі қуанышқа толсын!

Өмірлерің ұзақ болсын.

Сөзім халыққа қуат болсын! Әумин!!!

(11-слайд)

Сегіз қырлы бір сырлы

Ізетті мәдениетті


Халық дәстүрімен сусындаған толыққанды азамат болу үшін

Адал ниетті мейірімді

Қайырымды кішіпейіл

Ұқыпты


Қорытынды: -Нені игердім? -Нені білдім? -Нені түсіндім? Алған әсерлеріңді ортаға салыңдар.

Табылар білім болса, бар асыл да ,

Кезек келді қазылардың бағасына

Топ аты

1-гейм

2-гейм

3-гейм

4-гейм

5-гейм

Жалпы ұпай

Өсиет



















Дәстүр



















Мұғ алім: (12-слайд)

Өзінің кім екенін танытатын,

Бойына ұлттық киім жарасымды-ай

Қазақтың салт-дәстүрін дамытатын

Болсыншы балалардың бәрі осындай.



Егеменді еліміздің ертеңгі – жас жеткіншектерді халықтың рухани қазынасын, өнерін қастерлеп, аталар даналығынан толық сусындапөсіңдер. Халқымыздың адал сүт емген перзенті болуларыңызды тілеймін.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет