Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет72/75
Дата06.02.2022
өлшемі5,41 Mb.
#35116
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ

1. Риторикалық сұрау – шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі. Риторикалы сұраулы құрылым – ойды, сезімді әсерлету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді.


Мысалы: «Өлім – асусыз тау, - кімнің бауыры сау?
Пұлсыз берді, құнсыз алды, - оған не дау?
Бізге аяулы, алушыға да қалаулы»
2. Қайталау. Айшықтаудың қайталау түрлері (анафора, эпифора) шешендік сөздердің көркемдік белгілерінің бірі. Қайталанған элементтер белгілі бір ойға, айтпақ нәрсеге екпін түсіреді, көңіл аудартады.
Мысалы: «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар атаға жете туады, бір бала бар – кейін қарай кете туады» (Қаз дауысты Қазыбек шешен сөзі).
3. Анафора сөз басында, тіркес басында айтылар түйіннің құрамындағы жекелеген сөздердің немесе оралымдардың келуі.
Мысалы: Кім көрді көктің жерге құлағанын, Кім көрді күннің жарық сұрағанын. . . (И. Байзақов)
4. Эпифора – сөз соңында (әсіресе, өлеңді сөзде) бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады
Мысалы: «Қыз бала көркем көрінер, Беттегі нұрлы қанменен. . .
Еділ көркем көрінер, жағалай біткен талменен. . . »
(А. Керейұлы)
5. Градация – жиі қолданылатын риторикалық фигуралардың бірі. Бұл сөздердің, көбінесе синонимдердің, бірінен-бірінің мәнерлі, эмоциональды бола түсуі қалпында орналасуын білдіреді.
- градация (лат. Gradatio – біртіндеп көтеру), яғни дамыту айшықтаудың бір түрі: алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу.
Мысалы: «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысы.
6. Түйдектету. Мысалы: «Қиқу салып, құзға ұшқан,
Құздан суық мұзға ұшқан,
Мұздан биік бұлтқа ұшқан»
(Т. Жароков).
7. Баяулату. Мысалы: «Әм жалықтым, әм жабықтым»
(Абай).
Кейде екеуі қосарланып қолданылады, Мәселен, «Безілдет! Сарнат!
Зарлат! Үздіктірші! Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!»
(І. Жансүгіров)
8. Антитеза (шендестіру) – шешендік сөз үшін қажет анықтау тәсілінің бірі. Антитезада әр түрлі мағынадағы жекелеген сөздер, сөз тіркесі, тіпті тұтас фразалар қарсы қойылады. Бұл іспеттес оралымдар қажетті ойды белгілі бір феномендер, бағалар пайымдаулар арқылы үдете түседі
Мысалы:
«Қардан артық нәрсе жоқ,
- Ұстасаң қолыңды тоңдырады.
Қазаннан қара нәрсе жоқ, -
Ішіндегісін ішсең, мейіріңді қандырады. Қара бөрік хан басында, ақ киіз аяқ астында емес пе? Қыран құс қырымға, құзғын құс ырымға деген. Менің ішімнің саралығына қарамай, түсімнің қаралығына қараған сіздің көзіңізде көз емес, ағарып кеткен без екен. Көзі соқырдан көңілі соқыр – ғаріп, есуастан есірік – ғаріп! Сол есірік пен көңілі соқырдың я бірі,
я «пірі» болмасаң не етті?»
(Сыр бойында жасап өткен Тыныс қыздың ділмар сөзі)
9. Антитеза, біріншіден, кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың бір түрі ретінде екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін аңғартады.
Мысалы: «Қар – аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (Абай).
Екіншіден, қазіргі әдебиеттанудағы қарама-қарсылықты (контрасты) айқындау, көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да беріледі. Мұндай автор ойы ол қолданған сөздерден тереңде жатуы да мүмкін.
Мысалы: «Өссе тілім, менде бірге өсемін; Өшсе тілім, менде бірге өшемін» (Ә. Тәжібаев).
10. Метафора – сөйленер сөздің бейнелілігі мен мәнерлілігін қалыптастыруда кең көлемде қолданылар шешендік құралдардың бірі. Байырғы шешендік сөздерде жиі кездесетін көркемдеуіш құрал.
Мысалы: «Ашу деген – ағын су, алдын ашсаң тоқырар; Сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін, сен көкте ұшқан құс болсаң, мен іліп түсер сұңқармын, сен тоғай арасындағы қабан болсаң, мен – жолбарыс, - алысқалы келгенмін; өлім деген – ұзақ жолдың алысы; әкең – асқар тау, шешең – аққан бұлақ, т. б.
11. Кейіптеу – жансызды немесе абстракты нысанды жанды зат ретінде бейнелеу (кескіндеу). Әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалай да жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.
Қазақ халқының эпостық жырларында атқа тіл бітіріп, адамша ойлап, сезінетін етіп көрсету кездеседі.
Мысалы:
Ауырып домбыра да ыңыранды,
Сансыз саусақ қаңғып, қыдырады.
Бірде ысып, бірде суып, күйіп-жанып,
Жүректе сандыраған күй жынданды.
(Ілияс).
12. Аллегория қияли (алыс) түсініктерді, оқиғаларды, құбылыстарды нақты (жақын) бейнелеу. Аллегория (грек. аllegoria – астарлы сөзбен бейнелеу) - әдебиетте, жалпы көркемөнерде, белгілі бір идеяны астарлап суреттеу үшін бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, амалын екінші нақты нәрсенің бейнесінде көрсетіп айту тәсілі.
А. Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», оның ішіндегі «Иттің достығы» шығармасы.
13. Салыстыру – сөйленген сөз нысанындағы ұғымның екінші бір ұғыммен қарапайым алмасуы, салыстырылуы.
Мәселен, салыстыру-ғылыми деректерді баяндаудың дәстүрлі негізгі құралдарының бірі. «Әлемдегі күллі құбылыстарды тек салыстыру арқылы ғана танимыз» (К.Д. Ушинский).
14. Эпитет (сипаттама) – заттың не құбылыстың айрықша белгісін, нақтылық сипатын беру. Мысалы: Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына төрт-бес тұяғымыз бар деу А. Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», оның ішіндегі «Иттің достығы» шығармасы
Мәселен, салыстыру-ғылыми деректерді баяндаудың дәстүрлі негізгі құралдарының бірі. «Әлемдегі күллі құбылыстарды тек салыстыру арқылы ғана танимыз» (К. Д. Ушинский).
Эпитет – бояу. Айтылмақ ойдағы белгілі бір заттың, құбылыстың қалпы дәстүрлі шешендік сөздерінде эпитет түрінде еркін де жиі пайдаланады.
Мысалы: Жалынды күй, сарынды күй, ыңыранған күй, ырғалған күй, жынданған күй, жандырған күй, жылатқан күй, жұбатқан күй, жорға күй, тәтті күй, шерлі күй. (І. Жансүгіров «Күйші» поэмасындағы күй сипаты).
15. Монолог («бір» және «сөз») – кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі.
Асусыз тау, арылмас дау, екі ауыз сөз, торқалы той, алалы жылқы, топырақты өлім, ақтылы қой, т. б.
16. Метонимия (атын өзгертіп атау) – ойда сақталып турған бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу
Мысалы: Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу
17. Синекдоха (бірге жобалап, шамалап түсіну) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет