Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет13/67
Дата06.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#34034
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
ҚАЗАҚ – ҚОНАҚЖАЙ ХАЛЫҚ

Қазақ халқы – ертеден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп келе жатқан жолаушы «Бөлінбеген еншім бар» деп, жолшыбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ бола берген. Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі қыдыр», «Қонақты қусаң – құт, ырыс қашады», «Қонақпен бірге құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да, қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, аттана бере жамандап кететін болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.


Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп, есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауып алу деген болмаған.
Қазақ халқы қонақтарды «Арнайы қонақ», «құдайы қонақ» (жолаушылап келе жатып түстеніп, не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстағы ағайын, туған- туысқандарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый- құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп келе қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген.
Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін, үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат және басқа) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға сонымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.
Шай ішілген соң, асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайды жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді.
Үй иесінің балалары да аяқтарынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.
*************************************************************

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет