Атыс дайындығы тақырып: Калашников автоматы мен пулеметі


Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,84 Mb.
#189408
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
805867 2

Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік
  • Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады (сурет):
  • - ұңғы қорабы, көздеу жабдықтары және тапанша сабы;
  • - ұңғы, ұңғы қорабымен;
  • - газ поршені мен бекітпе жақтауы;
  • - бекітпе;
  • - қайтармалы механизм;
  • - ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;
  • - соққы-ағытқыш механизм;
  • - құндақ;
  • - оқжатар.
  • Сонымен қатар автоматта ұңғы аузындағы тежеуiш компенсаторы мен сүңгі - пышақ, ал пулеметте жалын сөндіргіш пен тіреуіш аяғы болады. Автомат жиынтығына керек - жарақ, бау және оқжатарды салуға арналған сөмке (сөмкеде екі оқжатар) кіреді.
  • Жиналмалы дүмі бар автомат (пулемет) жиынтығына, сонымен қатар оқжатар салынатын қалтасы бар автоматқа (пулеметке) арналған қапшық, ал түнгі көздеуіші бар автомат толымына түнде атуға арналған көпсалалы көздеуіш кіреді.
    • Калашников автоматының (қол пулеметі)
    • жұмыс қағидаты
    • Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ - дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.
    • Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ - дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты алып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық қайырмаға қояды).
    • Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқжатардан кезекті патрон ды іліп алып оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесiн шүріппенің автоілмегінен шығарады.
    • Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңестерінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кіруімен жүзеге асырылады .
    • Егер ауыстырғышты автоматты атысқа қойса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.
    • Егер ауыстырғыш жекелей атуға қойылатын болса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып қайта басу керек.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет