Қатысушылардың психологиялық



бет4/6
Дата29.11.2022
өлшемі187,07 Kb.
#160242
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 апта
matematika-dokument-microsoft-word, matematika-dokument-microsoft-word, Practical Work 03 - Web pages HTML, 6 класс олимпиада тапсырмалары тарих, 1128918, СОЧ Математика 5кл каз
Осылайша, инклюзивті білім беру процесінің бірінші ерекшелігі бір сыныпта қалыпты дамып келе жатқан балалар мен ерекше даму мүмкіндіктері бар балалар оқытылады.
Инклюзивті білім беру балаларды оқыту мен тәрбиелеуде әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін неғұрлым икемді болатын оқыту мен оқытуға көзқарасты әзірлеуге тырысады, сондай-ақ инклюзивті білім беру оқушылардың қажеттілігінің әртүрлілігі қызмет көрсету континуумы, оның ішінде олар үшін неғұрлым қолайлы білім беру ортасы сәйкес болуы тиіс деп болжайды. Инклюзивті оқыту практикасының негізінде әрбір оқушының жеке басын қабылдау идеясы жатыр, демек, оқыту әрбір баланың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдастырылуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру үдерісінің екінші ерекшелігі.
Швед ғалымы У. Янсон инклюзияны «білім беру ұйымы әлеуметтік- педагогикалық сипаттағы құбылыс болып табылады. Сәйкесінше, инклюзия жеке баланы өзгертуге немесе түзетуге емес, оқу және әлеуметтік ортаны осы баланың мүмкіндіктеріне бейімдеуге бағытталған», -дейді.
«Инклюзивті білім беру» ұғымының мәнін анықтау барысында әртүрлі көзқарастар болғанымен, бірақ оларға ортақ төмендегідей көзқарастар да бар:

  • барлық балалар, физикалық, психикалық, зияткерлік айырмашылықтарға қарамастан жалпы мектептік іс-шараларға қатыса алады;

  • денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрбыларымен тұрғылықты жері бойынша бір сыныпта оқиды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз зерттеуде инклюзивті білім беруді дене, психикалық, зияткерлік, мәдени, этникалық айырмашылықтарға қарамастан барлық балаларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін икемді білім беру жүйесі ретінде қарастыратын үшінші ғалымдар тобы берген анықтаманы ұстанамыз.
Әр түрлі ғылыми дереккөздерді талдау бізге «инклюзивті білім беру» ұғымын нақтылауға мүмкіндік берді.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық балаларды, олардың дене, психикалық, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша бір жалпы білім беретін мекемеде оқыту мен тәрбиелеудің тұтас процесі, онда олардың білім алу қажеттілігі ескеріледі және тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Осының барлығы ересек адамға қоғамның тең құқылы мүшесі болуға мүмкіндік береді, оның сегрегациялану мен оқшаулану тәуекелін төмендетеді. Инклюзивті білім беру – бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ететін, барлығына білім беруге қол жетімділікті білдіретін жалпы білім беруді дамыту процесі.
Отандық ғалым Р.А. Сүлейменова былай деп анықтама береді:
«Денсаулық жағдайына, әлеуметтік, этникалық және экономикалық жағдайына қарамастан, барлық балаларды ақысыз оқу үдерісіне қосуды көздейтін білім беру үдерісінің құраушысы [39].
Ал, инклюзияны Қазақстанда алғаш рет зерттеп, әдіснамасын жасаған ғалым З.А. Мовкебаева: «Жалпы білім берудің қолжетімділігін және барлық балалардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне бейімделуін білдіретін жалпы білім берудің даму үдерісі» [19].
Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы мәселесі қазақ өркениетті қоғамында да даму генезисі бар. Сондықтан да, осы мәселеге кеңірек тоқталсақ.
М.И. Никитина мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға бейімделуінің негізгі шарты қалыпты дамып жатқан қатарластарымен бірге бірыңғай мектеп кеңістігінде оқытуды атап өткен болатын [45].

  • Инклюзивті білім беру бағытында жасалған тың зерттеулерге шолу жасайтын болсақ, олар Қазақстанда инклюзивті білім беру кеңістігін құру бойынша:

  • мектептердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

  • сыныптардағы білім алушылар санының көптігі;

  • педагогтің күн тәртібінің тиімсіздігі;

– мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың бойында өзіне деген сенімсіздіктің қалыптасуы тәрізді бірқатар қиындықтарына тоқталады:
З.А. Мовкебаева инклюзивті білім беруде педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің жеіспеушілігі мен оқу-тәрбие процесіне дайын емес екендігін айтады [19].
С.В. Алехинаның айтуынша, инклюзивті білім беру қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастырудың өмірлік маңызды процесі [23].
Инклюзивті білім беру процесінде көптеген кедергілер кездеседі, атап айтсақ, әлеуметтік мәселелер, яғни ата-аналар тарапынан болатын сенімсіздік, мектеп пен ата-ананың арасындағы байланыстың әлсіздігі, мектеп әкімшілігінің басқару стилінің жаңа технологиялармен, инновациялармен қаруланбауы.
Мектепте әр білім алушының зияткерлік, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігі құрылуы қажет екендігін атап өтеді. Ғалымның пікірі бойынша, мектеп – мүмкіндігі шектеулі балалар үшін әлеуметтік ортаның рөлін орындап, ынтымақтастық кеңістік құруға дайын болуы қажет. Сондықтан да, мектепте балалардың бір-бірімен әрекеттесуіне мүмкіндік туғызатын орта құру қажет.
А.К. Оралбекова өзінің көп жылғы еңбегінде инклюзивті білім беру үдерісінің әлеуметтік-психологиялық жағдайына тоқтала отырып, білім алушылардың тұлғааралық әрекеттесу барысында мынандай қасиеттер қалыптасады деп көрсетеді:

  • ынтымақтастықта жұмыс жасауға қабілетті болуы;

  • білім беру үдерісіне және сабақтан тыс іс-шараларға белсенді қатысуы;

  • жетекшілік етуге және жетекшіге еруге ынталы болуы;

  • сыртқы келбетінің қанағаттанарлық болуы;

  • қолайлы әлеуметтік мәртебеге ие болуы;

  • дене белсенділігінің өсуі т.б. [3].

Көптеген заңнамалық құжаттарда денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға бейімдеудің шараларын жүргізу қажеттілігі көрсетілген. Біздің елімізде «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзетушілік қолдау көрсету туралы» заң бар. Кейбір елдерде (Бельгия, Дания, Англия және т.б.) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуына мүмкіндік жасайтын заң да бар. Бұдан байқайтынымыз, әрбір мемлекет мүмкіндігі шектеулі адамдары қолдаудың әлеуметтік-педагогикалық механизмдерін жасауда және оны әртүрлі жолдармен енгізуде. Біз жоғарыда ғалымдардың тың пікірлеріне сүйене отырып, «инклюзивті білім беру», «инклюзия», «интеграция» ұғымдарына талдау жасауға тырыстық.
Интеграция (лат. integration-қалпына келтіру) - 1) ағзаның дифференцияланған бөліктері мен функцияларын тұтас біріктіру; 2) ғылымдардың дифференциациялау процестеріне сәйкес жақындастыру және байланыстыру процесі.
Интеграция – қандай да бір элементтерді тұтас біріктіру, қандай да бір бірлікті қалпына келтіру; жүйелер теориясында - жүйенің жекелеген компоненттерінің өзара байланысының жағдайы және осындай мәселені туындататын процесс.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жаппай мектепке интеграциялау арнайы білім беру элементтерін жалпы білім беру жүйесіне көшіруді болжайды және жалпы білім беру жүйесінде психикалық және дене кемістігі бар балаларды оқытуды біріктіреді. Бұл осы санаттағы балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, әдістемелік те, психологиялық та, техникалық та қамтамасыз етеді, сонымен қатар денсаулық мүмкіндіктері шектеулі білім
алушылар үшін жалпы мектептерде жекелеген сыныптар құрылады. Осылайша, интеграция денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтенуіне ықпал етеді, бірақ инклюзивті білімге қарағанда олардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.
Инклюзивті оқытуды енгізу білім беру жүйесін дамытудың жоғары түрі ретінде оның танымдық мүмкіндіктеріне және тұрғылықты жері бойынша оның денсаулығына сәйкес білім беру құқығын іске асыру бағытында қарастырылады.
Инклюзивті оқыту және тәрбиелеу – бұл жалпы білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл ретінде қарастырылатын ұзақ мерзімді стратегия. Оқытудың инклюзивтік түрі білім беру үдерісінің барлық субъектілеріне: мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына, қалыпты дамушы білім алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне, мұғалімдер мен білім беру кеңістігінің басқа да мамандарына, әкімшіліктерге, қосымша білім беру құрылымдарына қатысты.
Барлық мұғалімдер білім алушылардың дамуында кездесетін кемшіліктерді ескеруі тиіс, мысалы, тіл және әдебиет мұғалімі баланың тіл сауаттылығының деңгейіне назар аударуы қажет, бұл дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін есепке алуды, сөздерді лексикалық дұрыс пайдалануды көздейді.
Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері интеллекті бұзылған балалардың психологиялық және психофизикалық даму ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс.
Гуманитарлық пәндер мұғалімдері қоғамда ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру және табысты бейімдеу үшін оқытылатын цикл пәндері мазмұнының әлеуметтік, мәдени, тәрбиелік құрамдас бөліктеріне назар аударуы тиіс.
Көркем-эстетикалық цикл пәндерінің мұғалімдері дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескеруі тиіс, атап айтқанда: сөйлеу, есту, көру, қоршаған ортаның жағымды жағын қабылдау және эстетикалық қасиеттерді сезіну.
Инклюзивті білім беру процесінің үшінші ерекшелігі әрбір баланы оқытудың жеке мүмкіндіктерін есепке алу арқылы жүзеге асады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін кедергісіз орта құру мақсатында инклюзивті сыныптарда психологиялық- педагогикалық қолдау ұйымдастырылады, оған мыналар кіреді: психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің болуы (арнайы психолог, логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог), ДМШ балаларға кеңес беруші, әлеуметтік педагог), жеке оқу жоспарлары және оқуда қиындықтары бар оқушылар үшін жеке оқыту бағдарламалары.
Инклюзивті білім беру процесінің ерекшеліктерін, педагогтың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігінің мәні мен мазмұнын анықтай отырып, инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті қарастыруға болады. Педагогтардың инклюзивтік құзыреттілігі
мәселесі бойынша И. Н. Хафизуллина, И. А. Романов, Е. А. Бунимович, З. А. Мовкебаева, Р. А.Сулейменова және т. б. зерттеулері бар.
И.Н. Хафизуллинаның докторлық диссертациясында білім алушылардың әр түрлі білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мекемесіне қосуды қамтамасыз ету, оның дамуы мен өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, инклюзивтік білім беру процесінде кәсіби функцияларды жүзеге асыру, болашақ мұғалімдердің инклюзивтік құзыреттілігін анықтау мәселелері қарастырады [46].
Е.А. Бунимович инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және оларды қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен бірлесіп оқыту жағдайында педагогқа өзінің кәсіби құзыреттілігін тиімді жүзеге асыру қажеттілігі туралы айтады.
Мұғалімнің инклюзивтік құзыреттілігі оның кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және ол негізгі мазмұндық және функционалдық құзыреттіліктерді қамтиды.
Біздің ойымызша, И.А. Романовская мен И.Н. Хафизуллина ұсынған мұғалімнің құзыреттілік құрылымы қызықты болып табылады.
Ғалымдар бірнеше құзыреттіліктерді ұсынады: жалпы құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, арнайы кәсіби құзыреттілік және жеке кәсіби құзыреттілік.
Педагогикалық құзыреттілік құрылымын авторлар екі компонентке бөледі: негізгі мазмұндық және негізгі функционалдық құзыреттілік. Негізгі мазмұндық құзыреттілікке: құндылық-мағыналық, жалпы мәдени, зияткерлік, ақпараттық және тұлғалық, өзін-өзі жетілдіру жатады [46].
Аталған авторлар мұғалімдердің инклюзивті құзыреттілігін арнайы кәсіби құзыреттілік деңгейіне жатқызады. Жоғарыда аталған зерттеулерге жүргізілген талдау бізге кәсіби құзыреттілікті бірнеше аспектіде қарастыруға мүмкіндік береді:

  1. Педагогтың белгілі бір білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігі (мұғалім, тәрбиеші, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, педагог- психолог).

  2. Әр түрлі мекемедегі педагогтардың кәсіби құзыреттілігі (жалпы орта білім беретін, инклюзивті, арнайы (түзету) мектептер және т. б.).

  3. Педагогтың түрлі санаттағы балалармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс жасау барысындағы кәсіби құзыреттілігі.

Инклюзивті білім беру үдерісінде мұғалімнің психологиялық- педагогикалық құзыреттілігін қарастырайық, ол келесі құзыреттіліктерді қамтиды:

  • мұғалімнің әрбір тұлғаның құндылығын сезінуі және қабылдауы;

  • денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды сәтті әлеуметтендіру үшін инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсіну;

  • инклюзивті білім беру процесін жүзеге асыруға терең қызығушылықпен қарау;

  • білім алушы ұжымында мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның тең құқылы мүшелері ретінде сенім, мейірімділік атмосферасын құруға ұмтылу;

  • арнайы педагогика мен психологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін, жеке әдістемелерді, білім алушылардың даму деңгейінің диагностикасын білу;

  • инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың негізгі тұжырымдамаларын, технологияларын және ерекшеліктерін, туындайтын психологиялық-педагогикалық проблемаларды, кедергілер мен тәуекелдерді білу;

  • ерекше даму мүмкіндіктері бар балалардың психологиялық, жас және жеке ерекшеліктерін, ауытқушылық түрлерін білу;

  • вариативтік тәсіл негізінде арнайы технологияларды, педагогикалық қызметті жобалау және ұйымдастыру әдістерін білу;

  • инклюзивті білім берудің педагогикалық міндеттерін шешу үшін қажетті ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және жетілдіру қабілеті;

  • инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық іс-әрекеттің рефлексиялық қабілетін меңгеру;

  • инклюзивті мектептің тұтас педагогикалық процесінде нақты кәсіби міндеттерді шешу қабілетінің болуы;

  • білім алушы ұжымының даму деңгейін, жеке тұлғаның дамуын, жеке білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу, тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктерін, отбасы мен социумның микроклиматын, инклюзивті білім беру жағдайында жалпы педагогикалық процестің жағдайын диагностикалауды жүзеге асыру қабілетінің болуы;

  • білім алушылардың, ата-аналардың, пән мұғалімдерінің, әкімшіліктің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қажеттіліктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық қызметті құрастыру қабілетінің болуы;

  • инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық процесс субъектілерімен өзара конструктивті іс-қимылды жүзеге асыру қабілетінің болуы;

  • оқу бағдарламаларын ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктеріне бейімдей білуі;

  • мүмкіндігі шектеулі балалармен өзара қарым-қатынас орната білуі;

  • ерекше білім беру мүмкіндіктері бар білім алушылардың жетістіктерін бағалай білуі;

  • ерекше білім беру мүмкіндіктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу процесінде арнайы әдістемелік құралдарды меңгеруі;

  • арнайы білім берудің коррекция әдістемелері мен технологияларын меңгеруі.

Жоғарыда аталған мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруі инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық қызметті жүзеге асыруға кәсіби дайындығын анықтайды.
Біз жалпы педагогтің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қарастырдық, оқытудың бейініне және басқару деңгейіне байланысты
педагогтардың кейбір психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін қосқымыз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет