Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері Орындаған: Али Ақниет



бет1/3
Дата08.10.2022
өлшемі1,38 Mb.
#152194
  1   2   3
Байланысты:
Ұжым Ақниет
12222, Оқу сауаттылығы 4 сынып

Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері

Орындаған:

Али Ақниет

М-21-3

Қамтылатын тақырыптар:


1. «Ұжым» туралы түсінік. 2. Ұжымның даму кезеңдерi. Мектептегi тәрбие ұжымының құрылымы. 3. Ұжымның қоғамдық пiкiрдi қалыптастыруы. Оқушылар ұжымының түрлерi. 4. Балалар ұжымының кезеңдері. 5. Ұжымының қалыптасу жолдары.

«Ұжым» туралы түсінік


Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.(nam.collectivus - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.

Ұжымның даму кезеңдерi


Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс – әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс – әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез – құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс – әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс – әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет