Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебі «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешісі Мамбеткулова Кунжамал Утарбаевна



Дата08.06.2018
өлшемі21,52 Kb.
#41333
түріСабақ
Ақтөбе қаласы

Пригород орта мектебі

«Айгөлек» шағын

орталығының тәрбиешісі

Мамбеткулова Кунжамал Утарбаевна
Үй жануарларына қонаққа барамыз
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру,олардың өзгешеліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білу қабілеттерін,тақпақтарды қайталай отырып және сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту.Үй жануарларына қамқорлық жасау.Аталған мақсатқа жету үшін «Мақта қыз бен мысық» атты ертегіні драмалап қалыптастыру.

Сабақ барысы:Құрметті балалар ,бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр.Сондықтан тәртіп сақтап,сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысайық.Ең алдымен сабағымызды амандасудан бастайық.Ал,балалар,шеңбер құрып тұрайық.Балалар,біздің тұратын жеріміз «Жер планетасы» деп аталады екен.Көгімізде әдемі аспан бар.Ол аспан әлемі-ғарыш.Біз жер планетасында өте тату-тәтті өмір сүреміз.Мейірімді достармыз.Қане,бәріміз,жерімізбен,аспанымызбен,бір-бірімізбен амандасайықшы!

Амансың ба,Алтын күн!

Амансың ба,Жер ана!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көргенде қуанам!

Ендеше,қонақтармен амандасайық

Үлкенге де-сіз,

Кішіге де-сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар,қандай жыл мезгілі? - Күз..(ауа-райы туралы,күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді,Үй жануарларына жем,шөп дайындайды). Онда,біздің бүгінгі сабағымыз үй жануарлары туралы болады.Сол үшін үй жануарларына қонаққа барамыз.(машинамен)



Тәрбиеші: Өте жақсы балалар,енді орнымызға отырайық.Мен,бүгін балабақшаға келе жатқанда,сандықша тауып алдым.Ол сандықтың ішінде үй жануарларының төлдерін сиқырлап салып қойыпты,оларды құтқару үшін жұмбақты шешуіміз керек және тақпақтар айтуымыз керек.

Жұмбақтар:

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын көжек,-дейді(қоян)

Өзі жуас,момын

Бір шешпейді тонын (қой)

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (түйе)

Тәрбиеші: Енді балалар үй жануарларының төлдері туралы тақпақтарды кім айтады?

1. Мадина

Құлыншағым-құндызым,

Құлдырайды,шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

2.Ануар

Құлыншақ,құлыншақ,

Шапқылайсың даламен,

Дос болсайшы құлыншақ

Мен сияқты баламен

3.Диляра

Әукім-әукім,әукешім,

Қасиыншы әукесін

Енең,әне,келеді,

Ақ мамасын береді

4.Қазыбек

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.

5.Ақерке

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме,деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың

6.Айса

Тентек болма,ақ бұзау

Еріншек болма,ақ бұзау

Кең далада сенімен

Жарысып мен жүгірем

Тәрбиеші: Балалар,енді сандықтағы сиқырланған төлдерді аналарының қасына шығарайық.

Сергіту сәті:Балаларды бәріне қоян бет-перделерін үлестіріп сергіту сәтін орындайды.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.(бәрі хормен айтады)

Балалар орындарына отырып жайғаса бергенде,есік қағылып,қазақша киінген,иығында қоржыны бар қыз бала кіріп әдеппен түгел сәлемдеседі.



Тәрбиеші: Сәлемет пе,айналайын! Не іздеп жүрсің?

Қыз: Мен мысығымды жоғалтып алдым, Балалар,сендер көрмедіңдерме?

Балалар: Жоқ

Қыз: Жок...ол...ол мына қоржында

Тәрбиеші: қане,көрейік

Қыз: жоқ,алдымен менің бір сұрағыма жауап берсін,сонда ғана қоржынның ауызы ашылады.

Қыз: Қандай үй жануарларын білесіңдер? (балалар жауабы)

Тәрбиеші: Балалар,менің де қонағымызға бір сұрағым бар.(қызға қарап) –Сен өзі ертегі кейіпкері емессіңбе?

Қыз: Ия,мен Мақта қызбын.Мына қоржынның ауызын балалар сол «Мақта қыз мысық» ертегісіндегі жануарларды атаса аламын.

(Балалар:мысық,сиыр,тауық т.б.)



Тәрбиеші: Міне қызық,мына қоржында аталған хайуанаттардың бетперделері бар екен.қане,дұрыс жауап берген балалар киіп көріңдер.

Қыз: Осы бетперделерді пайдаланып ертегіні сахналасақ қайтеді(балалар келіседі)

Рөлдер бөлісіп алынады да,қалған балалар көрермен болады.



Рөлдер:

1.Мақта қыз-Диляра

2.Мысық-Сауле

3.Сиыр-адайхан

4.Тал-Қайсар

5.Қыздар-Мадина,Ақерке

6.Дукен-Іңкәр Т.

7.Тауық-Шыңғыс



8.Тышқан-Азамат

Мақта қыз мысық болған баланы «мысығым табылды» деп өзімен бірге алып кетеді. «Қошақаным» әнімен сабақты аяқтау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет