Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ш. Берсиев орта мектебі



бет1/3
Дата22.06.2017
өлшемі230,65 Kb.
#19796
түріСабақ
  1   2   3
Ақтөбе облысы

Ойыл ауданы

Ш. Берсиев орта мектебі

География пәні мұғалімі

Бекітемін: МДОІЖО Г. К. Ибрашева

Күні: 11.02.2016 ж 8 «а» класс пәні: география

Сабақтың тақырыбы:   Шөлейт зонасы 

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның шөлейт зонасына сипаттама беру

Білімділік:  Қазақстанның шөлейт зонасының ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін дамыту. Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру. саяси-идеялылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге, дүниетанымдылыққа баулу. Оқушыларды өз халқының тарихын оқып білуге,салт-дәстүрін сақтауға,мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, табиғат зоналарының картасы, атлас. тірек-сызбалары,слайд.



Сабақтың түрі: баяндау-әңгімелесу, , аралас сабақ

Сабақтың тегі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:   көрнекілік, баяндау,сұрақ-жауап,сызбамен жұмыс.

Сабақтың тәсілі: жалпы класпен,жұптастыру

Пән аралық байланыс: математика, физика, химия, биология, әдебиет, география

Сабақтың барысы



I. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылар мен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру

«Бұл қандай адам?» тренингі арқылы оқушыларды сабаққа психологиялық белсенділігін қалыптастыру.



II. Үй тапсырмасын тексеру 

  1. Дала зонасының аумағы қанша?

  2. Климаты қандай?

  3. Жылдық орташа температурасы (жаз, қыс) қанша?

  4. Жауын – шашын мөлшері қанша?

  5. Қандай өзендер жатады?

  6. Топырағы қандай?

  7. Жануарлар дүниесі

  8. Өсімдіктер жамылғысы




Табиғат зонасы

Ауданы

Климаты

Орташа температурасы

Жауын-шашын мөлшері

Өзендері (қоректенуі)

Жануарлары

Өсімдіктері

Топыра

ғы

 

 

 

 

 

 







 


ІІІ. Жаңа сабақ

А) фронталды әңгіме

Уа, туған жер

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр

Ұлан ғайыр жері бар біздің – Қазақстанымыз.Әр адам өз туған жері, кіндік қаны тамған жерін ұмытар ма? Қазақ деп соққан жүректері әр адам елін мақтаныш етпес пе? Осы дархан кең даланың бар байлығы сақтау және бағалау сіздердің қолдарыңызда. Табиғаттың берген сыйы жеріміздің байлығы оны сіздер жақсы білесіздер. Біздің аумағымызда қанша табиғат зонасы бар еді? Біз қандай табиғат зонасын зерттеп болдық? Біз осы кең байтақ жеріміздің табиғатының шөлейт зонасымен танысқалы отырмыз.



Ә) Шығармашылық тапсырма

Бұл үшін мен сіздерді (рөлдік ойын) саяхатқа шақырғым келіп отыр. Осы табиғат зонасын зерттеу үшін мамандар керек емес пе? Сол мамандарды сайлайық. Картораф, климатолог, ботаник, гидролог, зоолог, экологтар шөлейт зонасы туралы мәлімет жинап, зерттеп талдасын.



Картораф Шөлейт зонасы дала мен шөл зонасының аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км созылып жатыр. Республика аумағының 10,8 % - ын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48°С с. е. бойымен өтеді.

Климатолог Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.

Ботаник Өсімдіктері

Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетегежусан,түймедағыбоздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изенебелектеріскенкөкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. ҰлытауОртауБұғылыҚызыларайШыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында доланамойылитмұрынқарақатжәне таңқурай өседі.



Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет