«Атомдық энергетика» Орындаған: «Ә. Бөкейхан атындағы 76 мектеп-лицейінің»



бет2/4
Дата11.04.2023
өлшемі28,84 Kb.
#174208
1   2   3   4
Байланысты:
жоба

2.2. Атом электр станциясының тарихы.
Атомдық энергетика (ядролық энергетика) дегеніміз – техниканың ядро ішіндегі энергияның өзге түрін жаңғырту және оны өнеркәсіптік, тұрмыстық қажеттілікте пайдалану саласы. 1969 жылға дейін өнеркәсіптік атом электр станциялары болған жоқ. 1973жылға қарай энергия бағасы күрт өсті,сонымен қатар энергетика саласының тәуелсіздігін жоғалту мүмкіндігі күшейе бастады. Ал атом энергиясы ол болашақтың жалғыз балама көзі болады деп санады. 1990 жылы дүниежүзіндегі атом электр станциялары (АЭС) электр энергиясының 16% өндірді.Мұндай электр станциялар 31 елде жұмыс істеді және де 6 елде салына бастады. Уран бөлінуінің ядролық реакциясын алғаш рет АҚШ-та 1942 жылы желтоқсанда Энрико Ферми бастаған ғалымдар жүзеге асырған еді. Кеңес Одағыда ядролық реакторды алғаш рет 1946 жылы 25 желтоқсанда ғалым Игорь Васильевич Курчатов басқарған физиктердің тобы іске асырған. Әлемдегі бірінші атом электр станциясы (АЭС) 1954 жылы КСРО-да, Обнинск қаласында салынған. Өндірілген электр энергиясының қуаты 5 МВт құрады. Энергия көзі ретінде уран-235 пайдаланылды. Атом туралы ғылымның пайда болуы мен дамуына ағылшын химигі Р.Бойлю(1627-1691) , ағылшын физигі Р.Гук(1635-1703) және голландық физигі Х.Гюйгенс(1629-1695) еңбектері ықпал етті. Атом энергетикасы ол технологиялардың ең тиімді саласы. Атом энергиясы ол отын, реактор, атом электр станциялары және т.б. материалдардан тұрады. Қазіргі кезде бүкіл әлем осы атом энергиясымен жұмыс істейді.
2.3. Қазақстанға АЭС керек пе?

Қазір әлем бойынша 32 елде 441 атом электр станциясы жұмыс істеп жатыр. Алдыңғы бестікке АҚШ, Франция, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея кіреді. Алдағы уақытта Беларусь, БАӘ, Бангладеш және Түркия деген сияқты елдерде салынбақ. Біз АЭС-ті айналып өте алмаймыз.Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті XVII өңір­аралық ынтымақтастық форумында «Мен 2060 жылға қарай көміртегі бойынша бейтараптыққа жетуді мақсат етіп қойдым. Біздің елдің халқы мен экономикасы өсіп келеді, ал ол үшін энергияның маңызы зор. Көмір өндіру дәуірінің біртіндеп құлдырауымен, сенімді негізгі энергия өндіру көздері туралы ойлануға мәжбүр боламыз. 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы туындайды. Әлемдік тәжірибе ең оңтайлы жолды ұсынады. Бұл – бейбіт атом. Иә, оңай шаруа емес. Сондықтан осы мәселені ұтымды шеше білуіміз керек, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермейік», деген еді. Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС салыну керек. АЭС-сіз өмір сүруге мүмкін, бірақ көптеген қиыншылықтар болады. Егер осы онжылдықта Қазақстанға АЭС салынбаса, көміртекті энергетикамен қаламыз. Ал ол көміртек кесірінен, экспорт құлдырайды. Егерде Қазақстан “жасыл экономикаға” тұжырымдамасы бойынша, 2050 жылға дейін баламалы (көміртексіз энергия) көздерің қамтамасыз етпесек, біздің ел қиыншылықтарға тап болады. Ал егерде атом энергетикасы болмаса, ол энергия көзіне қол жеткізу мүмкін емес.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет