«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бақылау Оқу мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі47,49 Kb.
#117516
Байланысты:
sabaq-kz attachment sor.-bzhb-aza-tl-7-synyp
sabaq-kz attachment sor.-bzhb-aza-tl-7-synyp, sabaq-kz attachment sor.-bzhb-aza-tl-7-synyp, II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ 6-сынып

«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бақылау


Оқу мақсаты: 7. 3. 5.1-оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.


Бағалау критерийі: Білім алушы

*Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, қысқа


мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты: 15-20 минут


1-тапсырма: Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, мәтінді ықшамдаңыз. Мәтінді ықшамдауда қарамен жазылған сөздерді синонимдер арқылы түрлендіріп жазыңыз.



Түпнұсқа мәтін

Жинақы мәтін

Қазақ халқының ауа райын жан-жануарлардың әрекетіне қарап болжауы «амал» деп аталады. Алты ай қыстың қаһарлы бораны мен қатты аязын «Ақырап айы» деп атаған. Ақырап айының бірінші күні қазан айының 14-жұлдызына сәйкес келеді. Сол күні таңсәріден бастап табиғат тамыршылары әр сағатты қатты бақылауға алған. Сағат сайын күні бұрын дайындалған күлді ұшырып көріп, желдің бағыты, жылдамдығы,күннің суытуы, не жылынуы, жауын-шашын болуы есепке алынған. Бұл болжамды алты күн бойы кезек-кезек күн-түнді күзеткен есепшілер жүргізген. Алты күнде алты айлық қыраулы қыстың қас-қабағын анықтаған.»Ақыраптың алты күні» осы екен.
Жылы жақтан құстардың ұшып келуіне байланысты наурыз айының соңына қарай жауған қар «құс қанаты» деп аталады.
Келесі ай сәуір «отамалы» деп те аталады. Осы айдың 14-19-ы аралығында күннің суытуы, жаңбырлатуы-қалыпты жағдай. Ертеден бұл күнді «Қыдыр қамшысы» деп атаған екен. Сәуір айының 8-9-ы күндері «Қызыл жұмыртқа» салқыны, мамырдың 20-25-і арасында «Құралай салқыны» өтеді.
Қыркүйек айында «Сүмбіленің сууы» жүреді. Сүмбіле жаңбыры өткен жердің көдесі қалың болады.Халқымыз: «Сүмбіле туса-су суыр»,-деп те айтқан.
Байқасаңдар, ауа райын жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігімен байланыстыра отырып болжауда қазақ халқынан асқан білгір ұлт жоқ.


----------------------------------------


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, жинақы /қысқа/ мәтін жазады





1-тапсырма

Орфографиялық тұрғыдан сауатты жазады

2

Сөйлемдердің лексикалық құрылымын орынды қолданады

2

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жазады

2




Жинақы мәтін құрастыруда негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді

2

Қарамен жазылған сөздердің синонимдік баламаларын тауып жазады

2













Жалпы ұпай саны

10




жоғары

орта

төмен

10-8 ұпай

7-5

4-0










Оқушының аты-жөні ---------------------------------------------------------------

Сыныбы--------------------










Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет