Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет2/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov
Адамзатты мір с ру тарихында депті негізгі проблемалары жа с, Новое пополнение от TINK0FF INVEST, trler-5-synyp
А 91
ƏОЖ 80/81
КБЖ 83
ISBN 978-601-7504-21-2
© «Palitra-Press»


3
АЛҒЫСӨЗ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілін 
қолдану мен дамыту мақсатында бүгінгі күні атқарылып жатқан 
қызмет ұшан-теңіз. Қоғамның қай саласында болсын мемлекеттік 
тілдің қолданысын жетілдіруге байланысты іс-шаралар қарқынды 
жүргізілуде. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуда 
негізгі екі бағытқа басымдық беріліп отыр. Оның бірі мемлекеттік 
тілді оқыту болса, екіншісі – ісқағаздарын мемлекеттік тілде 
жүргізу. Бірінші бағыт бойынша мемлекеттік органдарда, жоғары 
оқу орындарында тіл үйрету орталықтары ашылып, қазақ тілін 
үйретуге өз деңгейлерінде септігін тигізіп жатыр. Қазақ тілін 
оқыту әдістемесіне арналған түрлі оқулықтар мен оқу құралдары, 
электронды бағдарламалардың саны күн санап артып келеді. 
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу ісін дамыту барысында 
да жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Жергілікті атқарушы 
органдардан бастап, қоғамның, ғылымның әрбір саласына 
байланысты ісқағаздарының үлгілері, оларды автоматтандыруға 
арналған электронды бағдарламалар да жеткілікті. Солай бола 
тұрса да мемлекеттік тілді қоғамның немесе ғылымның кез 
келген саласына енгізу жұмыстарындағы маңызды бағыттың бірі 
– аударма ісінің қажеттілігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Өйткені мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың жоғарыда 
аталған екі бағытын да жүзеге асыруда аударма процесінің 
алдан шығатыны айдан анық.Оның үстіне, кез келген ұлттың 
тілі, ең алдымен, халық пен халықтың, ұлт пен ұлттың бір-
бірімен күнделікті тіршілікте қарым-қатынас жасауының құралы, 
екіншіден, әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастар тілсіз 
жасалмайды, үшіншіден, адамзат қоғамының дамуының басты 
көрінісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет