Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы


Мазмұн межесінің өзгеруі немесе айқындалуы



бет16/34
Дата06.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#36003
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
4. Мазмұн межесінің өзгеруі немесе айқындалуы. Арнайы лексикада бастапқы тұрпат межесі сақталады да, ал бірліктерінің мазмұн межесі ауысатын құбылыстар да байқалады. Бұл құбылыс жаңа концепциялар туындаған жағдайларда ғана қарастырылады.
5. Полисемия. Көп мағыналы сөз бірнеше ұғымға сәйкес келеді. Көп мағыналы сөздің мазмұн көлемі маңызды белгілері негізінде бірнеше бөлшектерге бөлініп, десигнат топтарын бір-бірінен ажыратып тұрады.
Мәселен: барабар аударма – 1) толыққанды аударма; 2) толыққанды алмастыру; 3) түпнұсқа мәтініне толық сәйкес келетін аударма мәтіні; 4) стилистикалық ерекшеліктерді ескеретін аударма; 5) түпнұсқа мазмұны мен пішіні бірлігінің аудармада берілуі; 6) поэтикалық мәтін; 7) әдеби аударма; баламасыз лексика – 1) баламасы жоқ лексикалық бірліктер; 2) бастапқы тіл сөздері; сөзбе-сөздік – 1) аудармалық қате; 2) екі тіл таңбаларының жалған байланысын жасау; 3) тіл нормаларының бұзылуы; 4) аудармашының қатесі; айтылым – 1) таңбалар тізбегі; 2) хабарлама бірлігі; 3) сөйлеу бірлігі; 4) мәтіндік шындықтың кіші бөлігі; 5) сөйлеу барысында рәсімделген аяқталған ой, тұжырым; шығыс тіл – 1) аударма тілі (машиналық аудармада); 2) аударма жасалған тіл; 3) салғастырылушы тіл; 4) мәтін тілі және т.б.
6. Омонимия. Омонимдер – айтылуы бірдей, мағыналық жақындығы жоқ сөздер. Омонимдердің пайда болу себебі әр түрлі: 1) көп мағыналы сөздердің арасындағы семантикалық байланыс үзілуі арқылы жасалады; 2) сөздердің тарихи дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; 3) кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі арқылы жасалады. Мысалы: сәйкестік І – бір-біріне сай үйлестік, ұқсастық; сәйкестік ІІ – аударма жайындағы ғылымның ең негізгі категорияларының бірі. Аудармадағы абсолютті сәйкестік бастапқы және аударма мәтіндерінің формалды, мағыналық және ақпараттық құрамдас бөліктерінің сәйкес келуі арқылы сипатталады, алайда іс жүзінде оған қол жеткізу мүмкін емес деуге болады. Сәйкестік категориясы аудармада «сөзбе-сөздік аударма – еркін аударма» оппозициясында көрінеді. Сондай-ақ, сәйкестік деп бастапқы мәтін бірлігін аудару нұсқаларының бірін айтады; түпнұсқа І – алғашқы негіз, бастапқы; түпнұсқа ІІаудармадағы бастапқы мәтін, аударма осы мәтіннен жасалады; бейімдеу І – жуықтау, жақындау, икемдеу; бейімдеу ІІ – 1. рецепторға бірдей әсер ету мақсатында сипатталған жағдаятты өзгерту нәтижесінде сәйкестіктерге қол жеткізу амалы. 2. мәтіннің түрлі өңделуі; 3. қажетті дәрежеде дайын емес оқырмандар үшін мәтіннің әзірленуі; қабылдау І – адам миында болатын түсіну, сезіну процесі; қабылдау ІІ – аудару барысында бастапқы тілде оқу немесе тыңдау іс-әрекетінің бастамасын білдіреді; нақтылау І – дәлдей түсу, анықтау, айқындау; нақтылау ІІ – бастапқы тіл бірлігіне қарағанда аударылған бірлік мағынасының нақты болуына байланысты аударма амалдарының бірі.
Сонымен бірге, аударматану терминдік бірліктерінің материалы негізінде салааралық терминдер-омонимдер түрлері де анық байқалады. Мысалы, транслят – транслят (аударматану – радио, теледидар); селекторселектор (аударматану – байланыс жүйесі) және т.б.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет