Аудитор – кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. Мемлекет кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық ақпаратын тексеріп кәсіпорын қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекеттік салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.