«ауыл» халықТЫҚ-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды бағдарламасы



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі488,7 Kb.
#120309
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АУЫЛ партиясы55
АУЫЛ партиясы55, Нұрлыбай Лунара, Документ

“Ауыл” партиясы – қоғамдық-саяси ұйым. Құрылтай съезі 2000 жылы 30 қаңтарда өтті. 2000 жылы 30 наурызда ҚР-ның Әділет министрлігінде тіркелді. Партия төрағасы болып Ғани Қалиев сайланды. Партия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын жеделдетуге, қоғамды демократияландыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік әділеттілікті орнату, нарықтық экономиканы қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бағыттарын дамытуға ықпал ету міндеттерін алға қойған. Жоғарғы органы – съезд, басшы атқарушы органы – саяси кеңес, жұмысшы органы – саяси кеңестің саяси бюросы, бақылаушы органы – Орталық тексеру комиссиясы. Қазақстанда 14 облыс, Астана және Алматы қаласында, 121 ауданда комитеттері мен 783 бастауыш ұйымы бар. ҚР-ның 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес 2003 жылы 2 сәуірде ҚР-ның Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті. Партия қатарында 80 мыңнан астам мүшесі бар (2003). Партияның қазіргі төрағасы – Әли Әбдікәрімұлы Бектаев.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет