«ауыл» халықТЫҚ-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды бағдарламасы



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі488,7 Kb.
#120309
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АУЫЛ партиясы55
АУЫЛ партиясы55, Нұрлыбай Лунара, Документ

ҚАНДАСЫМ – ҚАМАЛЫМ! Қазақстан – барша қазақтың атамекені. «Ауыл» партиясы отандастарын қорғауды өз миссиясы деп санайды. Біз қоныс аударушылардың барлық проблемасын жан-жақты шешетін Интеграциялау бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз. Ол бағдарлама мынадай мақсаттарды көздейді: *Шетелдегі қазақтардың тарихи отанына оралуы үшін қолайлы жағдай жасау; *Азаматтық алу рәсімдерін хабарлама беру тәртібіне дейін оңайлату, қандастар қоныстандырылатын облыстардың географиясын кеңейту, көтермеақы сомасын ұлғайту; *Отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс жасау үшін ұлттық мәдени орталықтардың қаржыландырылуын ұлғайту; *Шетелдегі қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтауы үшін жағдай жасауға жәрдемдесу және олардың этномәдени бірлестіктерін қолдау; *Қандастарды жұмыс күші артық аймақтардан еңбек күші тапшы өңірлерге көшіріп, олардың тұрғын үй, білім алуына, жұмысқа орналасуына кепілдік беретін ішкі көші-қон бағдарламасын іске асыру.

«АУЫЛ» партиясы: *ЖЕРДІҢ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА ЖАЛҒА БЕРІЛУІНЕ ЖӘНЕ САТЫЛУЫНА ТЫЙЫМ САЛУ ҮШІН *САЛАУАТТЫ ЖӘНЕ РУХЫ БИІК ҰЛТ ҮШІН *ОТБАСЫ МЕН АНА МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ ҮШІН *БОЛАШАҒЫНА СЕНІМДІ ЖАСТАР ҮШІН *АУЫЛДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ МЕН ГҮЛДЕНУІ ҮШІН АУЫЛДЫ ҚОЛДАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ !



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет