Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Ұрық сақтау қоймасының меңгерушісі



бет17/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
18-параграф. Ұрық сақтау қоймасының меңгерушісі

59. Лауазымдық міндеттері:


ұрық сақтау қоймасының өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
асыл тұқымды тұқымдық малдардың тереңнен мұздатылған ұрығын стандарттардың, ветеринариялық заңнаманың нұсқамалары және сақтау қоймасының жұмыс технологиясы талаптарына сәйкес қабылдауды, сақтауды және жіберуді қамтамасыз етеді;
өндірісті жабдықпен, инвентарьмен, құрал-сайманмен және көлікпен қамтамасыз етеді;
машиналар мен жабдықтарды тиімді пайдалануды, оларды жөндеуді қамтамасыз етеді және биоқоймалардың температуралық режимдерінің журналын жүргізеді, оларға дезинфекция жүргізеді;
келіп түскен азоттың сертификаттар тексереді;
ұрықты сақтаудың дұрыстығын және оның сапасын, сақтау қоймасына жаңадан түскен ұрықтың өлшеп оралуын және салынуын қадағалайды, оның белсенділігін тексеруді қамтамасыз етеді;
шәуетті сақтауды ұйымдастырудың, оның технологиясының және онымен жұмыс істеудің ғылыми жетістіктерін және озық тәжірибесін өндіріске енгізуді ұйымдастырады;
есеп пен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз етеді;
кадрларды даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;
жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
60. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды, 
«Ветеринария туралы» Заңды, 
1998 жылғы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының заңын (бұдан әрі − «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы»);
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария және асыл тұқымды мал шаруашылығы, ұрықты сақтау және пайдалану мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ұрықты қабылдау, сақтау және жіберу қағидаларын, шәуетті сақтауды ұйымдастырудың, оның технологиясының және онымен жұмыс істеудің ғылыми жетістіктерін және озық тәжірибесін, ұрыққа арналған қолданыстағы стандарттар мен бағаларды, қолданылатын материалдар мен жабдықты, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
61. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Ветеринарлық медицина) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет