Негізгі бөлім Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата09.12.2023
өлшемі100,77 Kb.
#196019
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-2805
2-курс Өндірістік практика жоспары, @8;. 07


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару
2. Кедендік саясаттың дамуын шетелдік және отандық ғылымдардың 
зерттеу жұмыстары
3. Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздікті зерттеудің концептуалды 
тәследері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер 


Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы
«Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас
жемқорлықпен қүресті одан әрі күшейту шаралары туралы» Жарлығымен
жемқорлықпен байланысты жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдардың,
әскери қызметкерлердің, құқық қорғау органдары арнайы қызмет және сот
қызметкерлерінің, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесімен
айналысатын қылмыстық қауымдастықтардың ұйымдасқан қылмысымен
күресу өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріледі. Соның нәтижесінде
бұл органның қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілетттігі
айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен берге сыртқы бақылау функциясы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің құзырынан алынды, мұның өзі ұлттық қауіпсіздік
органдарының өзінің негізі жағынан құқық қорғау органдарына жақындатты.
Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін тікелей Қазақстан
Республикасының Президентіне бағындырылады. Олардың қызметі
заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, азаматтардың
құқығы мен бостандығын силау және сақтау, саяси партиялардың және өзге
де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу принциптеріне сәйкес
құрылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдар жүйесін Ұлттық қауіпсіздік комитеті,
Комитеттің облыстық, республика қармағындағы қалалық, астаналық
департаменттері, оларға бағындырылған қалалық бөлімдері, барлау
органдары, арнайы жасақталған бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми зерттеу
мекемелері және басқа да ұйымдар құрайды Ұлттық қауіпсіздік комитетін
Парламент Сенатының келісіммен Қазақстан Республикасының Президенті
тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Оның
орынбасарлары, қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес басқармалардан және
бөлімдерден құралған аппараты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет