Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник



бет59/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
31-параграф. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник

190. Лауазымдық міндеттері.


ауыл шаруашылығы жануарының күйлеуін айқындайды, ұрықтандыру алдында дайындық жұмыстарын жүргізеді, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрықтандыруды жүргізеді;
биоматериалдармен қамтамасыз етуге, құрал-саймандар мен жабдықтарды сатып алуға өтінімдер жасайды;
қолдан ұрықтандырудан алынған төлді кiрiске алу актiсiн жасайды;
ректалдық зерттеу нәтижелерін есепке алады, қолдан ұрықтандыру бойынша есеп жасайды;
материалдарды, мүкәммалдарды, аспаптарды, дәрілік заттарды, ветеринариялық препараттарды және орындарды ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды.
191. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Ветеринария туралы», 
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, асылдандыру жұмысын және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулық нұсқамаларды, қолдан ұрықтандырудың технологиясын, ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру және өсімін молайту жөніндегі ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені, орындарға, құрал-саймандарға, жабдықтарға, ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымына арналған қолданыстағы стандарттарды, бағаларды, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуі тиіс.
192. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник: (Зоотехния, ветеринария) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және ІІ санатты жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник: (Зоотехния, ветеринария) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі санаты жоқ техник лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі санатты жоқ техник: Еңбек өтіліне талап қоймастан (зоотехния, ветеринария) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіптік) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет