Ауылдық округ бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)



Дата20.06.2018
өлшемі249,28 Kb.




2018-2020 жылдарға арналған

Дауылкөл ауылдық округінің

азаматтық бюджеті





Ауылдық округ бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)

Тұрмағамбет ауылы, 2018 жыл

Сіздердің назарларыңызға Дауылкөл ауылдық округі бойынша 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады, онда ауылдық округ бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттардың шығындалу бағыттары туралы ақпарат берілген.



2018-2020 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің

азаматтық бюджеті
Ауылдық округ бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)
I. 2018-2020 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Дауылкөл ауылдық округінде 366 отбасында 2026 адам тұрады.

Дауылкөл ауылдық округте тіркелген кәсіпкерлер саны 69, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 49.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша шаруашылықта ірі қара – 218 бас, қой мен ешкі – 190 бас, Жеке қожалық бойынша ірі қара – 2620, Жылқы – 466, Қой мен ешкі – 5353, Түйе – 5, Құстар – 2200 болды..

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша ауылдық округте 14 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, 9 жас маман дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінен өткізілді.

Ауылдық округ бойынша 1 жұмыссыз азаматша «Бизнес-кеңесші» курсын оқыды. Қысқа мерзімді, яғни аспазшы, техник-бағдарламашы, тігінші мамандықтары бойынша кәсіби білімдерін жетілдіргендер саны 5 адам.

Сондай-ақ, ауылдық округте шаруа қожалығы 4, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1, дүкен 3, жолаушылар тасымалы 5, мал шаруашылығы саласында 19, монша 1, шаштараз 1, ағаш ұстаханасы 1, ветеринариялық аптека 1, наубайхана 1, көлік жөндеу стансасы 1, кооператив саны 2 жұмыс атқарады. 2017 жылы «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» курсын оқып сертификатын алған 6 азаматтың төртеуі 11,4 млн. теңге шағын несие алып, мал санына көбейту мақсатында жұмыс істеуде.

«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI Заңында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 28 284 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 15 274 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 33 745 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу їшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 405 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 28 284 теңге болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін – өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу тапсырылған болатын.

Жергілікті өзін – өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік бюджеттің 4 – деңгейі ретінде, яғни Қармақшы ауданы бойынша 2 кент және 6 ауылдық округ енген, ал 2020 жылдан бастап қалған 6 ауылдық округтер енгізілетін болады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Дауылкөл ауылдық округі бюджетінің түсімдері және шығындары
2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру шеңберінде, Қармақшы ауданының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.

«2018-2020 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешімімен Дауылкөл ауылдық округі бюджеті бекітілді.


2018-2020 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджетінің негізгі параметрлері

млн. теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

Түсімдер

72,3

65,4

68,1

1. Кірістер, оның ішінде:

72,3

65,4

68,1

Салықтық түсімдер

1,5

1,5

1,5

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

70,8

63,9

66,6

Субвенция

61,8

63,9

66,6

Ағымдағы нысаналы трансферттер

9,0

0

0

Нысаналы даму трансферттері

0

0

0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

0

0

0

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

Қарыздар түсімі

0

0

0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

0

0

0

Шығыстар

72,3

65,4

68,1

Шығындар, оның ішінде:

72,3

65,4

68,1

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

19,7

18,9

19,6

Қорғаныс

0

0

0

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

0

0

0

Бiлiм беру

26

26,3

27,4

Денсаулық сақтау

0

0

0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1,3

1,4

1,5

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

16,3

18,8

19,6

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0

0

0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

0

0

0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0

0

0

Көлiк және коммуникация

0

0

0

Өзгелер

9

0

0

Борышқа қызмет көрсету

0

0

0

Трансферттер

0

0

0

Бюджеттік кредиттер

0

0

0

Қаржы активтерін сатып алу

0

0

0

Қарыздарды өтеу

0

0

0

Ескерту: сырғымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қоспағанда, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады.
Түсімдері
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2000-нан астам халқы бар қала, кент және ауылдық округтерде бюджеттің 4-деңгейі енгізілуіне байланысты Дауылкөл ауылдық округі өз дербес бюджетін қалыптастыратын болады. Осыған сәйкес ауылдық округ әкімі Бюджет кодексінің 52-1 бапқа сәйкес жергілікті салық түсімдерінен және ауылдық округ әкімінің иелігіндегі меншікті жалға беруден түсетін кірістерден, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылардан, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдардан, жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдарынан қолма қол бақылау шоттарына түсімдер түсіру арқылы кірістері жоспарланып, шығындары мен айырмасы субвенция ретінде жоспарланды.

2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалуда.

2018-2020 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округі бюджетінің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

2018 жылға – 1,5 млн. теңге;

2019 жылға – 1,5 млн. теңге;

2020 жылға – 1,5 млн. теңге.


Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)
Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.


Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

2018-2020 жылдарға аудандық бюджеттен Дауылкөл ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі төмендегідей, оның ішінде:

2018 жылы – 61,8 млн теңге,

2019 жылы – 63,9 млн теңге,

2020 жылы – 66,5 млн теңге;

«2018-2020 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен 8990 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.


Дауылкөл ауылдық округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2018-2020 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2018 жылға арналған бюджет жобасы Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты болдырмауға жасалған бюджет.


Сала бойынша 2018 жылғы Дауылкөл ауылдық округі бюджетінің шығындары



Сала бойынша 2018 жылғы Дауылкөл ауылдық округі бюджетінің шығындары
млн.теңге

ф/г

Атауы

2018 жылға арналған жоспар

Барлық шығындар көлемінің үлесі,%




II. Шығындар

72,3

100

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

19,7

27,2

02

Қорғаныс

0




03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

0




04

Бiлiм беру

26,0

36,0

05

Денсаулық сақтау

0




06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

0




07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1,3

1,80

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

16,3

22,5

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

0




11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0




12

Көлiк және коммуникация

0




13

Өзгелер

9,0

12,5

14

Борышқа қызмет көрсету

0




15

Трансферттер

0



Жыл сайын Дауылкөл ауылдық округі бюджетінің шығындары 5 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Жергілікті атқарушы органдар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.



Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.



Білім беру
Биылғы оқу жылында білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында ауылдық округте №29 орта мектеп жұмыс жасайды және мектепке дейінгі тәрбие жұмысында №8 балабақша жұмыс жасайды. Балабақшада 75 бала 3 топта тәрбие алады.

Барлығы ауылдық округтың бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға 79,7 млн теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2018 жылға – 26 млн. теңге, 2019 жылға – 26,3 млн. теңге, 2020 жылға – 27,4 млн. теңге.



2018-2020 жылдарға білім беру саласы шығындары

млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

26,0

26,3

27,4

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

26,0

26,3

27,4

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

0

0

0

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

0

0

0


Денсаулық сақтау
Тұрғындарға дәрігерлік қызмет жасауда Тұрмағамбет дәрігерлік амбулаториясы жұмыс істейді. Онда барлығы 23 адам, оның ішінде 1 дәрігер, 12 арнаулы орта білімді медицина қызметкері, 4 кіші медқызметкер,1 автокөлік жүргізушісі, 1 жұмысшы еңбек етеді. Амбулаторияда 15 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. 2017 жылы күндізгі бөлімде 565 науқас жатып ем алды. Жыл көлемінде балаларды туберкулез ауруына тексеру мақсатында 222 манту сынымасы жасалды және халықты флюорографиялық тексеруден -1245 адам өткізілді. Жоспар бойынша балалар мен жасөспірімдер және ересек топтағы тұрғындарға егу жұмыстары уақытымен жүргізіліп отыр. Жас аралығындағы халықты жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу мақсатында 1179 адам тексеруден өтті.
Әлеуметтік қолдау
2017 жылы 2 отбасының 8 мүшесіне 230670 теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 52 отбасының 206 баласына 3 152 239 теңге балалар жәрдемақысы, 19 отбасының 98 адамына 410 338 теңге тұрғын үй көмегі төленді. Ауылдық округ бойынша шартты ақшалай көмек алатын «Өрлеу» жобасына 3 отбасы қатысты.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністігі
Ауылдық округтың бекітілген бюджеті бойынша мәдениет саласына үш жылға 54,7 млн теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2018 жылға – 16,3 млн. теңге, 2019 жылға – 18,8 млн. теңге, 2020 жылға – 19,6 млн. теңге.

Ауылдық клуб үйі, кітапхана, аудандық жыраулар үйінің бөлімшесі клуб үйіне орналастырылған. 2017 жылы ауылдық округте 2 аудандық шара өткізілді. Мереке күндері, атаулы күндер арнайы дайындықпен өз мәнінде аталып өтті. Кітапханада 22120 кітап қоры бар. Оқырман саны 803.

Ауылда №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалы «Қазақ күрес» үйірмесі жұмыс істейді. Қазіргі таңда спорт үйірмесінде спорттың үш түрінен (қазақша күрес, самбо, дзюдо) 50 оқушы жаттығады.

Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, санитариялық тазалық, жарықтандыру
мын.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

1,3

1,4

1,5

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

0

0

0

Елді мекендердерді абаттандыру мен көгалдандыру

0,4

0,4

0,5

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

0,9

1,0

1,0

Ауылдық округте санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жыл көлемінде жүргізіледі. Тазалық айлықтары барысында ауыл тұрғындары, мекеме жұмысшы қызметкерлері өз аулаларын тазартып, ағаш отырғызып өздеріне тиісті жұмыстарын атқарды. Көктемгі айлықта «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясын қосып есептегенде 3000 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Бұрынғы егілген ағаштардың түбі әктеліп, күтімге алынды.

Шаруашылық техникасымен ауыл тұрғындарының ауласындағы және көшелердегі күл-қоқыстар шығарылды. Ауыл орталығындағы Ешнияз сал көшесінің бойына жаңадан 4 тұғыр орнатылып, бильбордтар ілінді.

Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесіне ағымдағы жөндеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.



2018 жылы аудандық бюджеттен Дауылкөл ауылдық округінде Т.Ізтелеуов ескеркішінің аббаттандыру жұмыстарын аяқтауға қаржы бөлінді.

Ауыл шаруашылығы
Ауыл округінде 2017 жылы Тұрмағамбет ЖШС-і 2700 га күріш, 579 га мақсары, 4 га бақша, 1 га көкөніс, 15 га картоп, 498 га жаңа жоңышқа, 895 ескі жоңышқа дақылдарын екті. Округтегі экономикалық белсенді халықтың 250 жеке тұлғасы шаруашылықта жұмыспен қамтылған. Науқан уақытында уақытша жұмыспен 20 адамды қамтыды.

Жеке қожалықта МІҚ 2487 бас, қой-ешкі 5634 бас, жылқы 400 бас, 2100 құс\ бар. Ауыл малын сырғалау және оларды базалық мәліметке ендіру жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы ауыл тұрғындары тарапынан егілген егіс көлемі барлығы 125 га, картоп 62 га, көкөніс 25 га, бақша 38 га егіс егілді.
Каталог: article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Презентация к классному часу для учащихся фортепианного отделения дши «Мне дорог Бах»
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> История открытия радиоактивности н. М. Вострикова моу сош №62, Центральный район, г. Воронеж в науке все важно. Гейне
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Урока: «Тело облачает душу, оно же ее и разоблачает»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет