Шариғаттағы кек алу және айыппұл жазаларының ерекшеліктері мрнти: Әшім Бақжан



Дата08.09.2017
өлшемі132,33 Kb.
#31947
Шариғаттағы кек алу және айыппұл жазаларының ерекшеліктері

МРНТИ:


УДК: 343.97.
Әшім Бақжан, Абай атындағы ҚазҰПУ-ті Тарих және құқық институты 6М030100- «Құқықтану» мамандығының 1-курс магистранты, Achim_90@mail.ru.
Ғылыми жетекшісі: Қалқаева Н.Б.,- Абай атындағы ҚазҰПУ-ті Тарих және құқық институты «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты. e-mail: nesibeli77@mail.ru
Аңдатпа

Мақалада шариғат бойынша жаза тағайындау институтын оқып үйрену барысындағы жүйелеу жоспарын саралау, ең алдымен, мұсылман құқығы заңдарынан бастаудың да өзіндік алғышарттары бар заңды құбылыс мұсылман мемлекеті мен қоғамға тән екендігі айтылады. Алланың әмірлігімен деп жүзеге асатын шариғат бойынша қылмыстық жазаның пайда болу тарихы терең екендігі біздерге әуелден белгілі. Шариғаттағы тыйым салушы талаптары Аллаға сыйына отырып, шариғат тәртібімен белгіленген жазалармен тікелей байланысты болып келетіндігі айтылады. Заңды білуге ұмтылу, оны мойындау және Алланы құрметтеу, өз құқықтарын қорғау сол бойынша арыздану - халықтың үйреншікті әдетіне айналдыру жолында шариғат пен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жазаны зерттеудің үлкен маңыздылығы мақаладағы өзекті мәселе болып отыр.

Шариғат пен қазақ әдет-ғұрып құқығында заңға бой ұсыну, оны құрметтеу, заң бұзушыны жазалау, кінәні шын жүректен мойындау, қылмыскерді жазасыз қалдырмау, қылмысты мойындау, шын өкінгенді кешіру, қиямет күніңді білу сияқты қылмыс пен жазаға байланысты маңызды қағидалар тұжырымдалып, ол ережелер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа тараған.

Түйін сөздер: құран, шариғат, диат, төгілген қан үшін өтемақы, құн алу, қанды кек, хадд, зинақорлық, ғайбат сөйлеу, ішімдік ішу, ұрлық, тонаушылық, діннен безу, көтеріліс жасау, өлім жазасы, түрмеге қамауға, дүрелеу, қол-аяғын кесу, таспен атып өлтіру,таъзир, аяғына жығу, кешірім сұрату.
Особености наказаний в виде мести и взысканий штрафа по шариату
Ашим Бакжан, магистрант 1-курса специальности 6М030100- юриспруденция Института истории и права КазНПУ имени Абая, Achim-90@mail.ru.

Научный руководитель: Калкаева Н.Б., к.ю.н., старший преподаватель кафедры Уголовно-правовых дисциплин Института истории и права КазНПУ имени Абая, e-mail: nesibeli77@mail.ru
Аннотация

В статье отмечается такой важный момент, что претворение мусульманского уголовного права в жизнь - это прерогатива исламского государства и общества. Общества, в котором повеление доброго и порицание запретного являются обязанностью каждого члена. Общества, двигателем которого является богобоязненность его членов. Общества, в котором закон воспринимается как воля Всевышнего Аллаха. Что подразумевает веру в его закона абсолютную справедливость, совершенство, полную свободу от человеческого фактора и недоработок. Но самое важное с практической точки зрения - это то, что следование и подчинение шариату являются непременным условием искренности веры человека, и они наряду с намазом превращаются в поклонение Аллаху.

Шариат, взывая к совести мусульманина, воспитывает в нём сознательное стремление к соблюдению закона по своему внутреннему убеждению, а не из страха перед наказанием. Его божественная природа, предполагающая веру в его идеальность, взращивает в личности уверенность в Судном дне, в который тот, кто сделал зло весом в пылинку, увидит его.

Ключевые слова: коран, шариат, диат, компенсации за пролитые крови, налог на добавленную стоимость, хадд, наказание за проституцию, сквернословие, склоки, употребление алкоголя, воровство, мародерство, уклонение от религии, восстание, смертная казнь, тюремное заключение, бить битой, резать руки, ноги, убийство камнем,таъзир, приклонить к колени, заставить извиняться.
FEATURES OF PUNISHMENTS IN THE FORM OF REVENGE AND COLLECTINGS THE PENALTY ACCORDING TO SHARIA
Achim Bakgan – undergraduate of 1 course of specialty 6M030100 "Law" of Institute of history and right of KAZNPU of Abay, Achim - 90@mail.ru.

Kalkayeva N.B.- PhD in Law, senior teacher of department of "Criminal and legal disciplines" of institute of history and right of KAZNPU of Abay, e-mail: nesibeli77@mail.ru

Abstract

In article such important point is noted that implementation of the Islamic criminal law in life is a prerogative of the Islamic State and society. Society in which command kind and censure forbidden are an obligation of each member. Society which engine is the fear of God of his members. Society in which the law is perceived as a will of God Allah. What implies belief in its law absolute justice, perfection, complete freedom from a human factor and defects. But the most important from the practical point of view is that following and subordination to Sharia are an indispensable condition of sincerity of belief of the person, and they along with a Mohammedan prayer turn into worship of Allah.

Sharia, appealing to conscience of the Muslim, cultivates in it conscious aspiration to compliance with law on the internal belief, but not for fear of punishment. Its divine nature assuming belief in its ideality cultivates in the personality confidence in the Doomsday in which the one who made the evil is powerful in a mote, will see it.

Keywords: the Koran, Sharia, diat, compensations for the spilled blood, the value added tax, khadd, punishment for prostitution, foul language, squabbles, alcohol intake, theft, marauding, evasion from religion, a revolt, capital punishment, imprisonment to beat with a bat, to cut hands, legs, murder by a stone, таъзир, to bend to knees, to force to apologize.
Кіріспе. Шариғаттың түгелдей рухына Алланың шапағаты дарыған деп есептелгендіктен, жазалар да оның атынан “Алланың белгілеген шектерінен” асқаны үшін тағайындалады (Құран 65/1).

Шариғатта жаза төрт түрге: қысас, диат, хадд, таъзир болып бөлінеді. Толығырақ айтсақ:



  1. Қысас (әрекетке әрекет) (Құран 5/49: “Жанға-жан, көзге-көз, мұрынға -мұрын, құлаққа-құлақ, тіске-тіс, жаралағандығы үшін кек алу”) Қысас жазасына көбіне кісі өлтіру, адамның дене мүшесін зақымдау, мертіктіру жатады. Мұны шариғат “адам құқығына қол сұғу” деп қарайды;

  2. Диат (төгілген қан үшін өтемақы немесе құн алу). Өлген жақтың туысқандары кісі өлтірушіден “қанды кек” алмай, орнына құн (диат) аламын деуге құқылы. Кейде еш нәрсе алмай, кешіруі де мүмкін. Мұндай жазаның тәрбиелік мәні өте үлкен;

  3. Хадд жазасына тартылғандарға кешірім берілмейді. Хадд жазасына зинақорлық, ғайбат сөйлеу, ішімдік ішу, ұрлық, тонаушылық, діннен безу, көтеріліс жасау және т.б. жасағандар тартылады. Бұлар өлім жазасына, түрмеге қамауға, дүрелеуге, қол-аяғын кесуге, таспен атып өлтіруге және т.б жазаланады;

  4. Таъзир жазасына қысаспен хадд жазасына жатпайтын, онша ауыр емес қылмыс жасағандар жазаланады. Бұларға айып салынады, дүрелейді, жалаңаштап көшеде алып жүреді, аяғына жығып, кешірім сұратады және т.б.

Негізгі бөлім. Жазалау көпшілік алдында өтеді. Шариғат бойынша көп қолданылатын жазалар тізімін келтірейік: қан төгілгені үшін, өлім мен дене жарақаты үшін құн төлеу; түрлі қылмыстық және азаматтық қылмыстар үшін сот белгілейтін айыппұл; діннен бас тартқаны үшін, киелілерге залал келтіру, сенім мен дінді қорлағаны үшін өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойына қамауға алынумен жазаланады; жақын туыспен зинақорлық жасағаны үшін жазалау; үш ретке дейін зинақорлық үшін - 100 дүре, төртінші рет үшін өлім жазасы; үйленген әйелмен зинақорлық жасау - таспен ұру немесе ұзақ уақыт бойына үйде қамап қою; бір жыныстылармен, өлікпен зинақорлыққа бару - 25 дүре; өтірік жала жапқаны үшін еркін адамға 80 дүре, құлға - 40; шарап ішкені үшін - еркін адамға 40-80 дейін дүре соғу, құлға - соның жартысы; ұрлық жасау - Алланың және адамдардың алдында ауыр күнә, сондықтан ұрының оң қолын шауып, жазалайды (Құран 5/42); әйелді өлтіргені үшін құнның жартысы (50 түйе), ер адамды өлтіргені үшін - 100 түйе төленеді; мұсылманның христианды немесе иудейді (зимми) өлтіргені үшін - 100 түйе немесе 1 мың динар көлемінде (10-12 мың дирхем немесе шамамен 10-12 кг күміс) құн төленеді; адамның дене мүшесін жарақаттағаны үшін тура сондай жарақат немесе адам өлтіргендей жаза қолданылады; ұсақ тәртіп бұзушылық үшін халық алдында сөгіс жариялау, есекке, қара сиырға теріс отырғызып көше бойымен алып жүру секілді жазалар тағайындалады; өлтіруге итермелегені үшін өмір бойы бас бостандығынан айырумен жазалайды; әкесін өлтіргенге – қинау.

Шариғаттық ұстанымдар мен алғышарттардың барлық жүйесіне діни “заң” сипат берілген. Алайда, теологиялық бағыттағы барлық шариғат нормалары кешенінің мағынасы күнделікті тіршілікке қатысты болып саналады. Адамдар арасындағы қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігінен пайда болған шариғат адам өмірінің экономикалық жағын, саяси мүдделерін, мәдени тұрмыстық жағдайы мен діни көзқарастарын қамтиды. Оның нормаларында адамдардың ойлап тапқандары, жасағандары немесе неге талпынса, сол қамтылады. Бұл жерде Шығыс пен Батыстың көптеген халықтарының көпжақты тәжірибесі жинақталған, жалпы адамзаттық руханилықтың дұрыс нормалары біріктірілген, адам өміріне маңызы өте жоғары ойлар өте қысқа да, әдемі етіп берілген. Осы жағынан шариғат мұсылман Шығыс елдерінің тәжірибелік және рухани ескерткіші болып табылады.

Мұсылман құқығының барлық зерттеушілері кек алу және айыппұл төлеу адам өлтіру (кек алу мақсатында және абайсызда) және түрлі дәрежеде дене жарақаттарын салу сияқты қылмыстарға қолданылады деп санайды. Шариғатта бұл “қылмысқа тең жаза” тенденциясы деп жүргізіледі. Құранда “әрқалай жауыздықтың жазасы, өзіне ұқсасты жамандық деп, яғни әрбір жамандықтың өзіне тән жазасы бар” “Әй, мүміндер, егер сіздер өзіңізге жеткізілген бір залал үшін өш алғыңыз келсе, тек сіздерге келтірілген залалға тең қайтарым алыңыз”, - деп жазылған [1, 76 б.].

Мұхаммед пайғамбардың “кек алу мақсатында өлтіру үшін - өш, кек” деп айтқаны хадистердің бірінде жазылған.

Шариғатта кек алу - өш алудың санкциясы көрсетілген. Құқыққа қарсы және қоғамға қауіпті қылмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай тең жаза белгілеу керек деген [2, 17б.].

Шариғат бойынша кек алу жазасын қолданылудың, оны сақталып қалудың себептерінде әлеуметтік-тарихи негізділік болды. Ислам діні келгенге дейін араб тайпаларының және оларға жақын жерлерде өмір сүрген басқа тайпалардың халқы арасында да қанды өш алудың болғандығы, бір топтың мүшесі басқа топқа жататын кісіні өлтірілсе, марқұмның жақындарының кек алу мақсатында тек қылмыскерді емес, кінәлінің күнәсіз жақындарын өлтіргендігі тарихтан белгілі. Демек, кек алу жазасы исламға одан бұрынғы адамдардан, ережеден мирас болып келген. Сонымен қатар шариғаттың бірінші даму кезінде қанды өш алумен бірге жәбірленушінің жақындарының ризашылығымен айыппұл, яғни қан ақысын алу арқылы өзара кешірім жасауды уағыздайтын да ережесі бар. Мысалы: құранда Бақара сүресінің 178 аятында “Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: Азатқа-азат, құлға-құл, әйелге-әйел (өлтіріледі). Дегенмен оған туыс жағынан кешірім берілсе, ережеге үйлесуі үшін екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі қажет. (Егер қысас кешіріліп, құнға тоқтаса, алушының орынсыз егеске қысас істемеуі, берушінің де дұрыс орындауы керек). Міне, осы Раббылары жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кім де кім бұдан кейін шектен шықса, (кек сақтаса) ол үшін ахиретте күйзелтуші азап бар”, - деп көрсетілген. Шейх Мұхаммедке америкалық ғалым “христиан діні исламнан қайырымдырақ емес пе, оның қағидаларында: “кім сенің оң бетіңнен ұрса, сол бетіңді бер”, - делінген, исламда: “Алдымен өш алып, кейіннен кешіруге шақырады”, - деген сұрақтарды қойғанда, ол былай жауап берген: Ислам - адамның шын көңіл шақыруы, бұл мәселеде ислам шақыруы христиандықтан қайырымдырақ десем болады. Себебі жамандыққа жолыққан кісіге өш алу ақысы берілсе, оның көңілі тыныш табады. Ол ақы үшін бір істі істеуге рұқсат алады, кейін осы ақының иесін кек алудан кешіру дұрыс болады деген ойға көндірілсе, ол кешіріледі. Ешбір күдік жоқ, егер адам кек алуға мүмкіндігі бола тұрып кешірсе, бұл рақметпен құрметтей келіп шыққан кешірім болады. Бірақ біз оны кешіруге шақырсақ және кек алу құқығын бермесек (христиандар сияқты) ол мұнымен келіссе де, бәрібір жаман көріп кетеді, себебі бұл амалсыздықтан кешіру деп жауап берген.

Шариғатта дене жарақатын салу қылмысы үшін құранда көрсетілгендей: “жанға-жан, көзге-көз, құлаққа-құлақ, мұрынға-мұрын, тіске-тіс” бойынша жазалаумен бірге “кім кешірсе, бұл ол үшін алла тағаланың үкіміне лайықты үкім қылмаған рақымсыздар” деген ережеге де амал қылған.

Мұсылмандық қылмыстық құқық теориясында адам өлтірудің әдейі өлтіру түрін сипаттайтын бірқатар белгілеріне қарай оны аса ауыр қылмыс деп санаған жағдайда, мұндай қылмысты жасаған айыптыға тек тең жаза - өш алу қолданылады. Қазір де бірқатар ислам мемлекеттерінде адам өлтіру үшін тек өлім жазасы қолданылады. Кек алу мақсатында адам өлтіруге мүмкіндіктер берілген. Белгілі ғалым И.И. Карпец “Қылмысты қайталау, қылмыс жасауды кәсіпке айналдыру, қоғамның қауіпсіздігіне және тыныштығына қарсы қылмыстардың орын алу қауіпі бар қоғамда өлім жазасын қалдыру керек” дейді [3].

Шариғатта бірнеше қылмыскерлердің, яғни олардың қылмысқа қатысқандығының түріне қарамай бір адамды кек алу үшін өлтіргенде, олардың бәріне бірдей жаза - өш алу белгіленген. Сондай-ақ бір кісі бірнеше кісіні кек алу үшін өлтірсе, олардың барлығы үшін қылмыскерге өлім жазасы белгіленген.

Жас баланы кәмелетке жеткен кісі, әйелді еркек кісі, құлды еркін кісі, ақыл-есі дұрыс адамды ақылы дұрыс кісі, көрді көзі ашық кісі, қолы не аяғы кесілген кісіні барлық мүшелері бүтін кісі, кәпірді мұсылман кісі өлтірсе, кек алу назарға алынбайды, яғни қылмыскерде кек алынған, яғни өлім кесілген: Имам Шафии құл үшін еркін адамнан өш алынбайды, деп Ханафийге қарсы ойын білдірген.

Абу Ханифаның балиғат жасындағы және кәмелетке жетпеген адамды суға батырған адамнан кек алынбайды, деген ойына қарсы Абу Юсуф және Мұхаммед аш-Шайбании “кек алынады” деген болса, имам Шафии “Айыпты да суға батырылсын” деген [2].

Біреуді ойластырып жарақаттаса, бірақ кейін жәбірленуші төсекте жатып өлсе де кек алынған. Мұсылмандардың басына қылыш көтерген адам өлімге үкім етілген. Хадисте “Қалада бір адам бір кісіге қару көтеріп, кейін басқа бір нәрсемен ұрса, ал адамның өлімі басқа адамның әрекетіне байланысты болып, ол өлтірсе, онда осы өлтірген кісіден кек алынады. Түнде үйіне ұры кіріп мүлкін алып шығып кету кезінде артынан қуып барып өлтірген адамға жаза жоқ”, – деп көрсетілген [2]. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша керісінше, айыпты жазаланады. Шариғаттағы бұл ереже қазіргі жағдайға тура келмейді. Біздің ойымызша, адамның өмірі мүліктің құнымен өлшенбеуі керек. Адам денесіне зардап келтірген жағдайда кек алу үшін айыпталушыға да тура осындай жарақат немесе ұқсас жарақат келтіру мүмкін болмаса, мысалы, қолын, аяғын, денесінен кесіп алу, құлағын түбінен кесіп алу, көзін тамырымен ойып алуға ұқсас жарақат салудың мүмкіндігі болмаса, онда айыппұл төлеген.

Осы сияқты тістен басқа сүйектерді сындырып жарақаттағанда да кек алынбайды, көп мөлшерде айыппұл төлеген. Шариғатта келесі жағдайларда да дене жарақаты үшін тең жаза – талион қолданылмауы көрсетілген.

Еркін адам мен құл және екі құл бір-біріне денесінің маңызды бір органына жарақат салған жағдайда, талион қолданылмаған, себебі еркін адам мен құлдың арасында теңдік жоқ, сондай-ақ құлдардың арасында да олардың бағасы тең еместігі назарға алынған. Басты миға дейін, қарынды ішекке дейін жарақаттағанда, сондай-ақ тілді кескенде, күйеуі өз әйелін ұрғанда кек алынбаған. Бірақ айыптының бұл жағдайларда айыппұл төлеуі міндеттті болған.

Жоғарыда көрсетілгендей, адам тарихының алға басуына, уақыттың өтуіне байланысты шариғатта да адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарына белгіленген кек жазасының қолданылуы азайып, қылмыстың ауыр-жеңілдігін ескере отырып, қажет болған жағдайда айыппұл төлеу кеңінен таралған.

Айыппұл өлтірілген кісінің мирасына, дене жарақаты болғанда жәбірленушіге айыпты жағынан төленетін ақы болып табылады.

Шариғатта өлтірілген кісі үшін төленетін құн ақысы: 100 бас түйе не 1000 динар (бір динар – 4,235 гр алтын тенге), 10 000 дирхам (1 дирхам – 3,13 гр күміс тенге) немесе 200 бас қой не 200м мата, (бір мата бір адамға киім бас тігуге жететін өлшемде) не 200 бас қара мал түрінде белгіленген .

Жоғарыда көрсетілген айыппұл ақы өлшемін белгілеуде Мұхаммед пайғамбар адам өлтірген айыптының мал-мүлкі есебінен: түйесі барларға -100 бас түйе, қара малы барларға – 200 бас қара мал, қойы барларға – 200 бас қой төлеу міндетін жүктеген. Халифа Омар болса алтыны бар айыптыларға мың динар, күмісі барларға он мың дирхам, түйесі барларға – 100 бас түйе, қара мал иесіне – 200 бас қара мал, қойы бар кісілерге – 200 бас қой, матасы барларға – 200 м. матадан тұратын айыппұл төлеуді белгілеген. Осыдан басқа Халифалар Омар және Осман адам өлтіргендерге төленетін айыппұл ақысын ақшалай не мүмкіндігі бар болса, түйемен төлеуге де рұқсат берген [4, 175 б.].

Кек алу үшін адам өлтіргенде ауыр айыппұл, яғни түрлі жастағы түйелерден 25 тен төрт ұлыс және бір жасқа толған ұрғашы түйе, екіншісі – екі жастағы ана түйе, үшіншісі – үш жасқа толған ана түйе, төртіншісі – төрт жасқа толған ана түйе төленген. Ауыр айыппұл деуге себеп ол түйелердің саны емес “бұл жастағы түйелерді бірме – бір тауып алу қиын болған”. Абайсызда кісі өлтірілгенде айыппұл ақысы жүз түйе, бірақ жасына қарай бес ұлыс: бір, екі, үш, төрт жасты ана түйеден жиырма, бір жасқа толған еркек түйеден – 20 берілуі шарт деп саналған [4, 175 б.].

Адамды абайсызда өлтірудің жазасы бір құлға бостандық беру болған, егер кінәлінің жағдайы бұл шараға сәйкес келмесе, онда екі ай ораза ұстаған, не 60 кісінің қарнын тойдыру керек болған. Тағы да айыбы үшін айыппұл төлеу керек болған, айыпты мирас құқығынан ажыратылған.

Әйелдер қылмыс жасағанда, еркектерден алынатын айыппұлдың жартысы алынған. Шариғатта әйелдердің экономикалық жағдайы есепке алынып, оларға қатысты айыппұл қолдануда біраз жеңілдік берілген. Сондай-ақ шариғатта адамға келтірілген жарақаттың ауыр-жеңілдігіне байланысты бірнеше түрдегі айыппұл төлеу белгіленген. Мысалы, денедегі жұп органның екеуіне залал келтірілсе толық айыппұл, біреуіне залал келтірілсе жарты айыппұл, мұрынға, жыныс органына, миға, тілге, сақал не шаш енді шықпайтын етіліп алып тасталса, саусақтардың барлығына залал келтірілсе де айыппұл белгіленген.

Шариғатта айыппұл төлеу сияқты жаза түрінен пайдалану бұл негізгі айыптының қылмыстық әрекетінен жәбірленген тұлғаға айыпты жағынан жеткізілген материалдық және рухани залалды толық мөлшерде өндіруге қызмет етеді. Қазіргі күнде де айыппұл шариғат заңдары мен қағидаларына бойұсынатын Сауд Арабия, Оман, Йемен Халық Демократиялық Республикасы және басқа мемлекеттердің қылмыстық заңында жаза түрі сияқты пайдаланылуда. Оның мөлшері мемлекет тарапынан белгіленуі керек. Мысалы, Сауд Арабиясында айыппұл ақысы 45 мың реал, Йемен Араб Республикасында 60 мың реал деп белгіленген.



Бұл жазаның тиімділігі туралы В.А. Лихачёв “Жәбірленушіге келтірілген залалды өндіруді көздеген бұл санкция қылмыстық заңның және оны жүзеге асыратын соттың абыройын асырады. Сондықтан қазір ұлттық және халықаралық дәрежеде айыппұл жазасынан қосымша немесе негізгі қылмыстық жаза ретінде кеңірек пайдалануға ұсыныс байқалады” дейді [5, 134 б.].

Қорытынды. Шариғатта айыпппұл жазасының келтірілуі оның жақсы жағын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіндегі адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар туралы 96, 98, 100, 105, 109, 117, 118, 119, 296 және тағы басқа баптарында көрсетілген қылмысты әрекеттерге қолданылатын жазаның бір түрі ретінде сотталушыны материалдық тұрғыдан жазалауды қолдана отырып, айыппұлдың бұл қылмыстар бойынша да белсенді түрде қолданылғанын қалаймыз. Бірақ біз айыппұл туралы сөз қозғағанда, тек материалдық залалды емес, рухани залалды да өндіруді назарға аламыз. Азаматтық және Еңбек кодекстерінде рухани залалды өндіруге назар бөлінген. Осыларды есепке ала отырып және әлеуметтік экономикалық жағдайы мен саяси жүйесі дамыған шет мемлекеттердің жаза қолдану тәжірибесін ескере отырып, айыппұл жазасын Қылмыстық кодекске белсенді түрде кіргізуді мақсатқа лайықты деп санаймыз. Мұндай қорытындығы келуіміздің басты себебі дамыған шет елдердің жаза қолдану қызметінде айыппұл жазасы барлық қолданылған жазалармен салыстырғандағы үлес салмағы 80-90 % аралығын құрайды. Мысалы Жапония мемлекетінде ең жиі қолданылатын жаза түрі айыппұл болып, ол жазаға тартылғандардың 95 % құрайды екен. Айыппұл жазасы Жапония қылмыстық заңы бойынша автокөлікпен байланысты қылмыстарға ғана емес, сондай-ақ денсаулыққа жарақат салу, абайсыздықта қаза келтіру қылмыстары бойынша да қолданылады. Деректерде көрсетілгендей, Германия Федеративтік Республикасында айыппұлға жалпы сотталғандардың 80 % тартылады. Олардың мұндай көрсеткішіне қарай отырып, айыппұлдың тек пайдақорлықпен және қоғамдық тәртіпке зиян келтірумен байланысты қылмыстар бойынша ғана емес, сондай-ақ кез келген қылмыстар тобы бойынша қолданатындығын байқауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Құран Кәрім (Қазақша мағынасы және түсінігі) / Аударған: Халифа Алтай. – Алматы, 2000. – 472 б.

  2. Мұхаммед пайғамбардың хадистері / Аударған Н. Қазыбеков. – Алматы: Жазушы, 1993. – 64 б.

  3. Карпец И.И. Смертная казнь: за и против. - М.: Юридическая литература, 1989. – 98 с.

  4. Абу Юсуф Йакуб. Китаб ал-Харадж: Хрестоматия по исламу / Пер. с арабского, введения и примечания. - Москва: Наука, 1994. – 320 с.

  5. Лихачев В.А. Уголовное право в освободившихся странах (сравнит.исслед.) – М.: Наука, 1988. – 205 с.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет