Аягөз аудандық білім бөлімі Бозай аулындағы «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» кмм


Дүниежүзілік ЕХРО көрмесінің тарихы



бет2/5
Дата23.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#133014
1   2   3   4   5
Байланысты:
0014cc49-d5853075
stud.kz-18429, АҚТ 4класс Программалау Ойын сценарийін құру Презентация, ҚМЖ 8 сынып, ҚМЖ 7-сынып
1.1 Дүниежүзілік ЕХРО көрмесінің тарихы.
Халықаралық көрмелер бюросы (фр. Bureau International des Exppositions, BIE) халықаралық көрмелер туралы Конвенцияның юрисдикциясына жататын (Ехро немесе Халықаралық көрме) халықаралық көрмелерді бақылау үшін жасалған мемлекет аралық ұйым болып табылады.
ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонант» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО –ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы – соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.
Құрылуы мен мақсаттары.
Халықаралық көрмелер бюросы 1928 жылы 22 қараша айында Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше – мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ штаб – пәтері Париж қаласында орналасқан. Бюроның құрамына Бас Ассемблея президент, атқарушы коммитет, мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).
Мүше елдері. (Қосымша №1 қараңыз)
Алғашқы Дүниежүзілік көрмені Лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрустал сарайы өткізілген уақыттан бастап есептегенде 2014 жылы 163
жыл толады.
Бұл, қатысушы – елдер қонақтарға өз өңдірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өңдірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибиеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленеді.
Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіл әлемдік көрмелер – бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.
Дүниежүзілік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаулары , құндылықтары мен басымдылықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдылықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпімділігі дүниежүзілік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттін дамуына белгілі бір ықпалы туралы айтуға мүмкіндік береді.

4
Әр дүниежүзілік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендермен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді. (Қоысмша №2 қараңыз)
Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы – саяси және экономикалық мәнділігі бойынша тендессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми - техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы – елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстарының дамуы мен кеңейуіне ықпал етеді. Дүниежүзілік көрмелер – әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттарымен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.
Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
Ел ішінде ХКБ-ның өзіндік мұрасы пайда болды: Лондондағы Хрустал сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр 3 көпірі; Венадағы Ротонда - әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ЕХРО бес жылда бір өткізіледі және алты айға созылады. ЕХРО мамандандырылған халықаралық көрмелер екі Дүниежүзілік үлкен көрмелердің аралығында өтеді. Міндетті түрде ХКБ бекіткен тақырыпқа ие болады әрі үш айға жалғасады.


5





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет