Қазақ афавитінде



бет6/8
Дата08.11.2022
өлшемі66,48 Kb.
#157001
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қазақ тілі ережелері

Көңіл-күй одағайлары

ой, бәрекелді, ойпырмай, құдай – ай



Ой, қандай тамаша!

Жекіру, ишарат одағайлары

жә, тәйт, тек

Жә, күңкілдеме!
Тәйт! Кет! Жоғал!



Шақыру одағайлары

Әй, әлди-әлди, аухау



Әй, Еркін, қайдасың? Әлди-әлди, әй, бөпем!





Тұрмыс-салт одағайлары

Ассалаумағалейкум, кеш жарық, рахмет.



Ассалаумағалейкум, Абай аға! Кеш жарық!





К Ө М Е К Ш І Е С І МД Е Р
Өзіндік мәні жоқ сөздер тобы көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысып, заттардың кеңістіктегі орналасу қатыстарын көрсетеді.



Зат есім+ілік септік

Көмекші есім
(тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы)

Үй + дің

іш – і

Бөлме + нің

орта – сы

Е Л І К Т Е У С Ө З Д Е Р
Айналадғы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.



Мағынасына қарай

Еліктеуіш

тарс-тұрс (етті), гу-гу (сөйледі), бырт-бырт (шайнады)

Бейнелеуіш

жалт (қарады), бүл-бүлк (қайнады), желп (етті), дір-дір (етіп тоңды)

Тұлғасына қарай

Негізгі

күрс, тарс, жылт, жалт, солқ

Туынды

арсалаң, томпаң, көлбең, қорбаң, жылтың

Құрамына қарай

Дара

арс, гүрс, қайқаң, көлбең, сырт

Күрделі

а) маң-маң, бот-борт, арбаң-арбаң
ә) арс-ұрс, жарқ-жұрқ, былқ-сылқ
б) мырс ету, бүлк ету, жалт-жұлт ету

Л Е К С И К А

Лексика – тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы. Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.


Сөздің затты я құбылысты білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады.
Сөздің екі я одан көп мағынаға ие болуы сөздің көп мағыналығы деп аталады.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа – басқа сөздердің тобын білдіреді.
Мағынасы бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.
Мағынасы бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

Сөз мағыналары

Сөздің тура мағынасы

Сөздің ауыспалы мағынасы

Сөздің көп мағыналылығы



ашық есік

ашық мінез

адамның басы, судың бас, таудың басы



Омонимдер



Антонимдер



Синонимдер

Айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер. Түс, қас, ай

Тілдегі мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздер.
Биік – аласа, ақ – қара, жаман – жақсы, үлкен – кіші, кең – тар

Мағыналары жағынан бір – біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздер.
Тез – жылдам; сұлу - әдемі; кір – лас.



Ф Р А З Е О Л О Г И З М Д Е Р
(Тұрақты тіркестер)
Құрамы өзгермейтін сөз тіркесі болады. Ондағы сөздерді ауыстыруға болмайды. Сондықтан олар тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп аталады.

Фразеологизмдер

Мағынасы

Бес саусақтай білу

Өте жақсы білу

Құлақ түру

Тыңдау

Бармағынан бал тамған

шебер



С И Н Т А К С И С
Синтаксис тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым – құрылысы, басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы.
Сөйлемде кем дегенеде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөз тізбегі сөз тіркесі деп аталады.

Синтаксис

Сөз тіркесі

Сөйлем

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркестері

Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Мынау хатты Абай ағам Әбішке жазып еді.
Сөйлемнің сөз тіркестері: мынау хатты, хатты жазды, жаңа жазды. Әбішке жазды, Абай ағам жазды. Бұлар – етістікті сөз тіркестері. Мынау хатты деген – есімді сөз тіркесі.

Бүгін мен мектепке барамын.

Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

Сөздердің байланысу түрлері




қиысу

матасу

меңгеру

қабысу

жанасу




Ашынған әйел мән-жайын айтады.

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

Ел жайлаудан қайтып, күзекке беттеп келе жатқан.

Бұл шетте жыртық, шоқпыт лашықтар, құрым қара қостар, кішкене күркелелер бар.

Бүгін келді, кештете келді.




С Ө З Т І Р К Е С І Н І Ң Т Ү Р Л Е Р І

Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.


Басыңқы сөз зат есім, сын есім, сан есімнен болса, есімді сөз тіркес, етістіктен болса, етістікті сөз тіркесі деп аталады.



1.

Зат есімді тіркестер

Ағаш күрек, аласа төбе

2.

Сын есімді тіркестер

Үлкен денелі, сөзге шешен, іске шебер

3.

Сан есімді тіркестер

Екіден бірі, онның екісі, тамыздың бесі

4.

Етістікті тіркестер

Мектептен шығу, апасымен келу

СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ



Анықтауыштық қатынас

1.

Байланыстың матасу және қабысу түрлерімен

Баланың ойыншығы, қара тон

2.

Басыңқы сөзден бағыныңқыға кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? Сұрақтарымен

Үйдің терезесі, алты дәптер

3.

Лексика – грамматикалық мағына даралық, нақтылық мәнді

Айымның досы, бөлменің есігі. Көкшетау қаласы

Толықтауыштық қатынас

1.

Меңгеру арқылы жасалған байланыс түрі

Сөзге шебер, гүлді суару

2.

Басыңқы сөзден бағыныңқыға кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? септіктерінің сұрақтарымен

Көзбен көру, менен алды

3.

Лексика – грамматикалық мағына сандық сапаның затқа қатыстылығы; қимылдың негізін білдіру; қимылға қажеттізатты білдіру; бағыт – бағдарды анықтау.

Оқуға ынталы, отқа жану, қағазға орау, мектептен шығу

Пысықтауыштық қатынас

1.

Меңгеру, қабысу, жанасу байланысытарындағы етісітктерден

Ауылда ашылды, былтыр ашылды

2.

Қайда? қайдан? қашан? қалай? сұрақтары қойылады

Кеш бару, Астанадан келу, баяу айту, тез жүру, қасақана істеу, ұялғаннан келмеу.

Қ Ұ Р М А Л А С С Ө Й Л Е М
Екі немесе бірнеше сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.


Құрмаластың жасалуына қарай түрлері

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір – бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.

Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.

Ол келгенде, кино басталды.

1857 жылы Энгельс ауырып жатқанда, Маркс медицинаны зерттеп, досын дерттен емдеудің жолын іздеген.

С А Л А Л А С Қ Ұ Р М А Л А С С Ө Й Л Е М



Ыңғайластық

Қарсылықты

Себеп – салдар

Кезектес

Талғаулы

Түсіндірмелі

және, әрі, да, де, та, те

біра, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен

өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті



бірде, біресе, кейде

не, немесе, яки, не болмаса, әлде, әйтпесе

жалғаулығы жоқ

Есік тарс ашылды да, отырғандар түгел жалт қарасты.

Нұрбек пен Бектес көл жағасына дейін жүгірді, Санжар кетіп қалыпты.

Үлкендер қатты қорыққан болуы керек, себебі үйдегілер дауыстарын шығара алмай жаншылып, егіліп жылайды.

Кейде тамақтв біз дайындаймыз, кейде олар әзірлейді.

Өлеңді не Ермек өзі айтсын, немесе бәріміз айтайық.

Оқушыларына екі нәрсені үйретті, бірі – еңбек, екіншісі – адалдық.

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет