Қазақ антропонимдерінің ІІІ дәуірдегі лексикалық құрамы



Дата07.02.2022
өлшемі19,67 Kb.
#86328
түріҚұрамы
Байланысты:
Үшінші дәуір


Қазақ антропонимдерінің ІІІ дәуірдегі лексикалық құрамы

Үшінші дәуір — тарихта жаңа заман саналатын — XVII—XIX ғасырларда дамыған көп салалы антропонимдерді қамтиды. Бұл дәуірлерде қазақ халқының тарихында елеулі оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, біріншіден, XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақстанның Ресей империясына қосылуы аяқталып, қазақ хандарының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары күшейе түскен, екіншіден, қазақ халқының Жоңғария шабуылына қарсы азаттық күресі жүріп жатқан кезі болатын.


Осы кездерде орыс тілінен енген сөздерді ғалым Ғ. Мұсабаев дәуірлерге бөліп, олардың шығу, пайда болу жолдарына ғылыми талдау жасаған.

  • Бірінші дәуір — XVII ғасыр- ға дейін

  • Екінші дәуір — XVII ғасырдан XIX ға- сырдың екінші жартысына дейін

  • Үшінші дәуір — XIX ғасырдың екінші жартысынан Қазан төңкерісіне дейін.

Бірінші дәуірде орыс тілінен енген кісі аттары болмаған. Екінші дәуірде, Қазақстанға орыс шаруаларының келуімен жаңа қалалар орнап, орыс мәдениетінің тарауымен орыс, қазақ халқының тығыз араласып, қарым-қатынас жасауы негізінде көптеген сөздермен қатар кісі аттары да енді.
Ер аттары: Андрей, Ескендір (Александр), Мекәйіл (Михаил), Жебрәйіл (Григорий), Жержіс (Георгий, Жорж), Капитан, Майор, Поручик, Полковник, Жандарал, Мәтби (Матвей), Майыр, Болысбек.
Әйел аттары: Анна, Мариям, Сәтен, Бәтес, Шәйнек, Болатнай, Қазына, Кампит, Теңгегүл т. б. Бұл кезде енген есімдер күшті дыбыстың өзгерістерге ұшыраған.
Әділдік үшін күрескен қанды шайқастарда халық арасынан шыққан көптеген батырлардың даңқы шықты. Олардың батырлығы мен ерлігін мадақтаған жырлар туды. Ондай батырлық жырлар: «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Өтеген», «Ер Көкше», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Қарабек», «Төрехан», «Ақжонасұлы ер Кеңес», «Манашұлы Тұяқбай», «Қырық батыр» жырынан: «Қарадөң батырдың ұрпақтары» т.
Жоңғар қалмақтарының шабуылы кезінде ерлігімен көзге түскен қаһарлы батырлар да аз болмаған. Мысалы, Баян, Жанатай, Ташым батыр, Тайлақ, Сайрық, Есет батыр, Құдайназар батыр, Құлсары батыр сияқты батырлардың есімдері халық тарихында жазулы.
Қалмақ шабуылы тұсында туған ғашықтық жырдың бірі — «Қыз Жібек». Фольклорист оқымыстылар арасында бұл жырды XVII ғасырда, жоңғар феодалдарына қарсы күрескен заманда шықан деген пікір бар. Жырдың басты кейіпкерлері — Қыз Жібек, Төлеген, Қаршыға, Шеге, Базарбай, Қамқа, Сансызбай, Бекежан, Сырлыбай, тағы басқ кісі аттары кездеседі.
Қaзақ тарихының қай кезеңін алып қарасақ та, діни кісі есімдері кездеседі. Бұған әр кезеңдегі танымал тұлғалардың есімдерінен мысалдар келтіруге болады.
Үмбетей / Уммат.Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) – Ақмолa облысында, яғни Ортaлық Қазақстанда дүниеге келген. Бұқар жыраумен құрдас болған Үмбетей жырау. «Үмбет» араб тілінен алынған «уммат» – халық, көпшілік, қауым. Ибни Абидин «Рәдд-ул-мухтар» кітабында үтір намазы туралы: «үтір намазы – дінде зарури (міндетті түрде) білінетін танылған ғибадат, мұны «Ижма-и уммат» көрсетіп тұр. Ижма-и үммат(үмбет ғалымдардың ауызбірлігі) арқылы білдірілген зарури (міндетті) ғибадатқа тәуелді (шариғатқа сай және күмәнді бол са да басқа мағына шығармастан) сенбеу ханафи ғалымдардың үкімі бойынша күпірлік болады.
Махамбет / Мухаммад. Пaйғамбарымыз Мухаммaдтың (с.а.а.) есімдері мәселелеріне келер болсақ, оның әрбірі Пaйғамбарымыздың (с.а.с.) ең жоғары деңгейдегі рухани және адaмгершілік қасиеттерін бейнелейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллал-лаһу ъаләйһи уа-ассаләм) атын иеленушілер арамызда көп.Мәселен, Сегіз сері, Шоқан. Сол аттың құдіреті болса керек, қазақтың та нымал көптеген ғұламалары, ойшылдары осы есімге ие. Ш. Уәлихановтың шын аты – Мұхамедханафия болса, Мұқағали ақынның да шын аты Мұхаммедқали болған. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов–қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Ал Мұхамедхaнафия есімі Мұхаммед және Ханафия есімдерінің бірігуінен жасалса, Мұхамедияр Мұхамбеттің досы болған адам. Мұқағали есімінің де өзіндік мәні бар, ол Мұқa және Ғали сөздерінің қосындысы болуымен қатар «аса күшті, зор, батыр» деген мағына береді. Осындай мысалдар қатарындақазақтың дауылпаз ақыны, күйші, 1804-1846 жылдары өмір сүрген Махамбет Өтемісұлын да алуға болады.
Сұлтанмахмұт / Махмут– араб тілінен алынған «мaхмуд» – мақталған, мақтауға лайық, мақтаулы.Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893-1920 жылдары өмір сүрген қазақ ақыны, ағартушысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет