Қазақ қазынасы Қазақта қазына
Дата 20.11.2023 өлшемі 15,02 Kb. #192381
Байланысты:
Қазақ қазынасы 0014e8ec-424a5969
Қазақ қазынасы
Қазақта қазына мол қазылмаған,
Қағазға қасиеті жазылмаған.
Қарусыз қазынасын қазған бар ма?
Құр қолмен, құр даурықпен бажылдаған.
Сан сыр бар айналада айтылмаған ,
Сарыннан аулақ жатыр тасырлаған.
Кілті жоқ сыр сақталған сандық жатыр,
Дей түсіп: «Малым да аман, басым да аман».
Төмен түр әлі көзге шалынбаған ,
Сан сурет әлі соны салынбаған.
Сәулесі самаладай айна керек,
Жұрт құмар, жүйрік жаны жалындаған.
Миллион үн әлі естілмей жатыр жырақ ,
Иесі есітерлік күйін бірақ,
Ол үннің есітетін иесі сол,
Елегі елдікінен ерек құлақ.
Інжу көп әлі жіпке тізілмеген ,
Көрместен кім тереді кежгігенмен.
Бұқа ма інжу көрер, маржан көрер ,
Күл шашып көрінгенге күжілдеген.
Сөз керек солырқатып сөйлейтұғын,
Көз керек көр қыңырға «ой» дейтұғын,
Кекеспей кен кеулеуге кел , жолдастар!
Көп түртпей «кедейлермен» қой - қой түбін.
Қоялық қон соқпай бөренемен,
Бұлбұлсыз жұрт жұбанбас бөденемен.
Бытқытпай бытпылдықты доғаралық,
Жұрт кетер түк өнбес деп бұ немеден.Достарыңызбен бөлісу: