Қазақ даласында ХҮііі-хіх ғасырларда жүргізілген іс қағаздарының түрлерін атап көрсет


жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату түру тілегі туралы мәлімдемесі



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі60,99 Kb.
#86650
1   2   3   4   5
Байланысты:
f5f8febe80415a

1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату түру тілегі туралы мәлімдемесі.
1716 жылғы қыркүйектің 13-і күні тобыл жұртының татар қызметшілерінің басшысы Сабанақ Құлмаметев мырзаға Қазақ ордасының жіберген адамдары Бекболат Екешев, Байдәулет Бөриев былай деді: оларды Тобольскіге Қайып хан жіберіп, Сібір губернаторы князь Матвей Петрович Гагаринге оның, Қайып ханның, ұлы мәртебелі патшамен мәңгілік татулықта болғысы келетінін жеткізуге әмір беріпті: ал қоңтайшымен оның, Қайып ханның, арасында көп жылдардан бері дау бар екен, осы жолы да, өз елшілері жүріп кеткеннен кейін, оған, қоңтайшыға, он немесе он бес мың адаммен соғысқа аттанғысы келіпті. Алдағы уақытта да, егер ұлы патша оған, қоңтайшыға қарсы соғысқа бар десе, ол, Қайып хан, тек қана өзінің жиырма және З0 мың адамымен немесе орыстың әскери адамдарымен бірге оған қарсы соғыс ашуға әрқашан әзір болады. Ал ендігі жерде Қазақ ордасынан шыққан қарақшы адамдар патша слободаларына қандай болса да күйзеліс келтірсе, ал оны Қайып хан білсе, ол адамдарға жаза қолданылады немесе жаза қолдану үшін ол адамдар Тобольскіге жіберіледі. Ал егер ол ұры адамдар слободаларда ұсталса, ол адамдарға жарлық Тобольскіде қолданылсын, сөйтіп оларға сауда жасасу үшін Тобольскіге баруға әмір етіліпті. Ал Қайып хан Тобольскіге Қазақ ордасымен және бұхарлықтармен сауда жасасу үшін жыл бойы немесе жыл сайын Тобольскіден қанша адам көрсетілсе, сонша адам жіберіп отырады дейді. Осы жөнінде және татулық жөнінде Қазанға да қағаз жазып арнайы елшілер жіберіліпті.
"XVI - XVIII гасырлардагы қазақ-орыс қатынастары",
құжаттар жинағы, 18-бет.
Мысал:
Мәлімдеме
2020 жылғы қыркүйектің 1-і күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті Байыш Жансая былай деді: Мен, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студентімін, Колледждің біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол мамандарды даярлау бойынша миссиясын жүзеге асырудағы өзімнің жауапкершілігімді түсіне отырып, студенттік қоғамдастықтың корпоративтік мәдениетін қолдауды және дамытуды, жетекші білім беру мекемесі мен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы ретінде Колледж имиджін сақтауды парызым деп есептей отырыпМұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі студентінің ар-намыс Кодексін қабылдаймын және оны мінсіз орындаудың міндетін жариялаймын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет