Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді



Дата08.02.2022
өлшемі20,92 Kb.
#123818
Байланысты:
1С.Құрманхан А.Р
1122, КШМ сабақ, Срайыл Бағлан Жанұзақұлы, 11 лек, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: Филология және әлем тілдері
Кафедрасы: Қазақ тілі мен әдебиеті
СӨЖ
Тақырыбы: Көркем әдебиет жанрларының даралық ерекшеліктерін жаңаша таныту технологиялары


Орындаған:Құрманхан Ақтоты
Қабылдаған:Умбетаев М.


Көркем әдебиет жанрларының даралық ерекшеліктерін жаңаша таныту технологиялары
Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді. Шығарманың өзегіне сюжеттік сипаттың шағынынан бастап мол көлемділерін қамтитын эпостық туындылар (күлдіргі сөз (анекдот), әңгіме, очерк, новелла, повесть, поэма, оқиғалы өлең, роман, роман-эпопея) – бәрі де қазақ сөз өнерінің әлем әдебиеті үдерісіндегі классикалық деңгейдегі көтерілген биіктігін дәлелдеді. ХХ ғасырдағы қазақ прозасының романдары эпикалық сипатпен жазылатын көркем шындық поэтикасының көрнекті көрсеткіштері қатарын құрады. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі — эпикалық жырлар. «Эпос-идеялық, көркем мәні және композициялық құрлысы жағынан музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.
Қанипа Бітібаева – Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың «Абай жолы» сияқты әлем таныған көркем эпопеяны оқыту жөніндегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіскер «Абай жолы» эпопеясын тереңдете оқыту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образдарды талдауға көмек-нұсқаулар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туындыны топтай, жинақтай оқытудың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева «Құнанбайлар әлемі» деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнанбай әлемі төмендегідей топтастырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды.
Классикалық эпос пен батырлық ертегісіне тән, типологиялық сипатта болып келетін «қаһарманның дүниеге келуінен бастап, оның өмірін толық қамтуды, яғни оның қайтыс болғанына дейінгі жәйтті баяндауды қажет ететін ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану перзентсіз ата-ана, болашақ батырдың ерекше тууы, оның тез өсіп жетілуі, алғашқы ерлігі, үйленуі, қаһармандық істері, қартаюы сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Жырларда көбінесе, батырдың ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстары кең түрде, көтермеленіп суреттеледі. 
Драмалық шығарманы түсіндіргенде олардың денгейліктерін арыттыру ойын — сауық қойатын жерлердің сахнасында орындап көрсетуге шығарма екенін, текст диолог пен монологқа құрылатын кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп, олардың аты – жөні, жынысы кәсіби қызметі мамандығы жыл мөлшері, жақын серігі досы көрсетіледі.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің, өрлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі.
Есімі еліміздің мектептері мен педагогтары арасында кеңінен танылған осы бір дарынды жанның ұлт әдебиетін насихаттаудағы орасан еңбегін әріптестері жақсы біледі. Парасатты педагогтың қазақ әдебиетін терең, жан-жақты тануға, оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары әркез зиялы қауымды сүйсіндіріп келеді. Елінің бай тарихы мен бүгінгі жеткен рухани жетістіктерін терең сабақтастықта қарастыра отырып, ол ұлт тәрбиесін көркемсөзді танудан, көркемсөзге деген қастерлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Сондықтан біз педагог Бітібаеваның әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы көп салалы бағдарламасының әдістеме ілімінде алар орны айырықша екенін бөліп айтқымыз келеді. Түптеп келгенде, Қ.Бітібаеваның авторлық бағдарламалары аталмыш ілімнің республика аумағында теориялық тұрғыдан жан-жақты дамуына игі ықпал еткені анық.
Ұстаздық қызметімен қоса, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруде өз үлесін қосып келе жатқан Қанипа Омарғалиқызы — 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Ұстаздың әсіресе әдебиетімізді тереңдетіп оқыту бағытындағы ізденістері мен зерттеу жұмыстары жыл өткен сайын көпшілік сұранысына ие болып келеді.
Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы» атты оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев пен Қ.Көшімбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесі» атты оқулықтарынан кейін араға 30 жылдан астам уақыт салып барып жарық көрген бұл оқулықты бүгінде республиканың барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап беруінде, маңыздылығында деп ойлаймыз. Бұл еңбекті қазіргі кезеңдегі әдебиетті мектепте оқытудың негізгі оқулықтарының бірі деп батыл түрде айтуға болады. 
Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика – дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің бірі саналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық жаттығулары керек. Оқушы назарын ақын өлеңіндегі эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып отыру керек.
Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т.б. арқылы бар ынта-ықыласын туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан дұрыс.
Адам сезіміне жүрек дірілі – лупілінің суретін салу тек лириканың ғана қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В.Белминсукии музыкаға балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етеді.
Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын ынта ықыласын туғызуда болып табылады.
Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланады. Ең бастысы оқушының өзіндік әс- әрекетіне , ой пікір еркіндігіне жол берген дұрыс. Лириканың басты бір ерекшелігі- ондағы көркемдік және суреттеу құралдарының көп кездесетіні, оқушы олардың қалай қолданылып тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек.
Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ – жауап түрінде келуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет