Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тағамдар және тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер



бет6/19
Дата07.02.2022
өлшемі28,81 Kb.
#91242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер

Бауыры бүтін, басы есен. Аман-сау. Бауыры бүтін, басы есен. Сағынар сауық-күлкіні- ай, қызықтырған түлкідей, Дүние өтер бір күні-ай. (Н.Наушабаев).
Бауыры қатты. Мейірімсіз қатал (Абай тілі сөздігі). Артына белгі қалдырмай, бауыры қатты тас өлім. Жыламаймын десе де, Шыдарлық па осы өлім? (Абай).
Қарын бөле. Туысқан апалы-сіңлілі кісілердің балалары бір –біріне «қарын бөле» болып есептеледі. Сұрақ келе, қойнындағы қатыны қарын бөле болып шығыпты. (Ауызекі тіл)
Қарын шашы алынбаған. Тым жас, сары ауыз деген мағынада. (Әдебиетте сәбидің іште шыққан шашын алғанда (қырқынан шығарғанда), кемпір-кешек жиылып кішігірім тойшық, ырым жасайды. Осыдан келіп « қарын шашы алынбаған» деген фраза шыққан). Ендеше, сал шеңгелді батырына, Алынбай қарын шашы тегі асыпты (М.Әуезов).
Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда(сойған соң) көрерсің. Бұл, бұл ма, мұның зоры алда деген мағынада. Әзберген дұрыс айттың, інім...Сендер ме, сендер қуырдақтың әкесін әлі түйе сойғанда көрерсіңдер. (М.Иманжанов).
Қымыз мұрындық. Бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы.
Сүт ақы. Күйеу баланың енесіне(қыздың шешесіне) тартатын сыйы.
Сүт тайлақ. Енесінен айырмамаған тайлақ. (Күтімі күшті, еті тәтті бота тайлақ). Құнның басы атан, ең аяғы сүт тайлақ болды екен. (Ауызекі тіл).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет