Қазақ фразеологизмдеріндегі антропонимдердің линговмәдени ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата23.09.2022
өлшемі200,52 Kb.
#150505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГОВМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ұмайға табынса, ұлды болар.
Түркі жұртында Ұмай – жер ана нəрестелердің
қамқоршысы, шаңырақтың ошақтың қолдаушысы. Сондықтан бала көтермеген
əйелдер Ұмай анаға жалбарынып, бала сұраған. Көне ескерткіштерде «Ұмай текті
шешем қатып құтына, інім Күлтегіннің ер атағы шықты» деген сөйлем кездеседі.
Сəбиді шомылдырып, сылау кезінде «менің қолым емес, Ұмай ананың қолы» деп
кие тұтып, табынған [1, б. 89].
Қорқыт ата, Асан қайғы, Алдар көсе бəрі де қарапайым адамдар ретінде
суреттеледі. Ал осы аңыз əңгімелеріміз «Қорқыттың қобызындай» немесе «Қайда
барсаң Қорқыттың көрі» деген сияқты тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз
болады. Нұх пайғамбардың кемесі туралы да осыны айтуға болады.
Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі.
Қайда барсаң да, құтылмас бір бəле (сары
уайымға түсіп, қиындықты төндірген кісі туралы айтылады).
Қорқыт VIII ғасырда жасаған мəшһүр ақын, күйші, ойшыл, данышпан адам
болған. Қорқыт – ел аузында таралған аңыздар бойынша өлмейтін, мəңгі жасайтын


өмір іздеуші. Ол «өлмейтін нəрсе жоқ» деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі
кезін қобыз үнінен іздейді [3, б. 58].
Қазақ аңыздары бойынша Қорқыт ата өзінің желмаясын мініп алып, халыққа
мəңгілік бақыт əкелетін Жерұйықты іздеген. Ол өте маңызды философиялық мəселе:
өлі мен өмірдің мағынасы туралы, шектілікті жеңіп шығудың жолдары жөнінде
талай тамаша пікірлер айтады [9, б. 254]. Бұл мақал Қорқыт бабамыздың мəңгі
жасауды армандап, ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын кезген көрінеді.
Өлімнен қалай қашса да, алдынан қазулы ор шыға берген, қайда барса да «Қорқытқа
қазылып жатқан көр» деген сөзді естіген. Осыдан «Қайда барсаң да, Қорқыттың
көрі» деген нақыл сөз шыққан [10, б. 175].
Су аяғы – Ер Қорқыт.
ауыс. Қорқыт атаның (VIII-IX ғ.) өмір сүрген қаласы
Жаңакент Сыр өзенінің Арал өзеніне құйылар жерінде тұрғандықтан, осылай аталып
кеткен («Қорқыт ата» кітабы) [7, б. 477].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет