«Қазақ халқының Ұлы ақыны. Великий поэт степи»



Дата02.07.2018
өлшемі2,46 Mb.
#45576




«Қазақ халқының Ұлы ақыны. Великий поэт степи»
(литературная гостиная)

Оформление зала:

Книжная выставка: «Адамзаттың Абайы»

Портрет Абая

Музыкальное оформление: песни Абая, степные напевы, отрывки из оперы «Абай»
Открывают мероприятие двое ведущих, на казахском и русском языках.
Оқушы: «Абай... Абай...»

Абай, Абай ұлы ұстаз, қол басшымыз ту алған,

Рахмет қазаққа осы Абайды туа алған.

Ол бір күн ғой жарқырап жарылқайын деп жұртты,

Шыңғыстауда бір күні шыға келген тұманнан
Егер бізде Абайдың ақындығы болмаса,

Қанымыздың қанына жақындығы болмаса,

Бірімізді біріміз босқа мақтап, бос мақтап,

Ақынбыз деп асқақтап сөз алу да далбаса.
Ізгілік бар Абайда, ізге үңіліп келеміз,

Көктем жазбен қоштасып, күзді қуып келеміз.

Бәйшешектің ақ қарға өнбейтінін дүние - ай,

Жылдар зулаған сайын біз де ұғынып келеміз.

Тұманбай Молдағалиев
Жүргізуші 1: Қайырлы күн! Қымбатты қонақтар, құрметті балалар.

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні.

Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып жаңа өріс алып тұр.
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

өлмейтұғын артына сөз қалдырған,-

деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Ведущий 2: Здравствуйте, уважаемые гости! Мы рады приветствовать Вас в нашей литературной гостиной.

Наша встреча посвящена великому казахскому поэту и просветителю – Абаю Кунанбаеву. Как сказал Ахмет Байтұрсынов: «Первый поэт казахов – Абай Кунанбаев. Ни в раннем возрасте, ни в позднем периоде истории казахов не известно имя поэта, превосходящего его по величию духа»
Чтец: Что это? Абай ли это портрет?

Могущества слава и песни расцвет.

Умом и отвагою равно велик,

Какой же с Абаем сравнится поэт?
Величье акына он гордо вознёс,

Грядущего славным примером возрос.

Аргын и найман удивлялись ему,

Словам, уподобленным яркости звёзд.



Течением мысли, как море глубок...

А сердце мне шепчет: «Он был одинок...»

Без радости, но с душой непреклонной,

С досадою гений из мира ушел.

Жамбыл
Жүргізуші 1: Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Данышпан, ғұлама, елінің қамын ойлаған кемеңгер Абай жайлы сөз қозғасақ таңдау мен тебіреніске тап боламыз.
Ведущий 2: Поклонник критического разума, просвещённый и пламенный борец за культуру, трагический одиночка в мрачной среде ханжей, стяжателей, костных седобородых старшин – феодалов, Абай был выдающейся фигурой не только в истории своего народа, но и в истории Ближнего Востока. Он шел вперед своим путем сквозь мрак и косность эпохи.
Чтец: «Слово, обращенное к Абаю»

Ты великан,

Достойный наших дней.

Тебе в минувшем было жить трудней.

О, как терзались в тех печальных днях

Твои талант, и разум, и размах!

Разорвались бы сердце от тоски!

Когда б себя не вылило в стихи!

Зато прекрасною была судьба –

Воспеть народ, как самого себя!

Как нам нужны суждения твой,

Исполненные правды и любви!

И критика твоя всегда чиста

И вымыслы и зависти чужды.

К нам из бессмертия, Абай, приди,

Тебе ведь не заказаны пути.

У книг твоих такие тиражи,

Что ломятся под ними стеллажи.

Выходишь ты на разных языках,

И люди благодарны от души.

Касым Аманжолов
Жүргізуші 1: Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың алатын орны ерекше. Абайдың шығармалығы суретші, мүсінші, сазгер, ақындар үшін таусылмас мол қазына.



Оқушы: «Абай ескерткіші»



Дұрыс шығар осылай киінгені,

Дұрыс және алысқа шүйілгені.

Түйілгенін беріпсің, о мүсінші,

Қайда бірақ ақынның күйінгені?!
Ауыр кезде қайғыдан иық талған

Ақын ба екен ашумен тұйықталған!

Жасы қайда Абайдың көзіндегі;

Мысқыл қайда езуде ұйып қалған?!
Қайда Абайдың от кезі, тарпан кезі?

Құдірет боп билеген Арқанды өзі?

Қайда, қайда жүрегі лүп – лүп соққан,

Данамыздың даладай дарқан кезі?
Қай кезде де халықтың жыр ғой ары,

Бір ескерткіш – ақынға ел қояры,

Ол ақынды он есе үлкейткенмен,

Кішірейтіп жүз есе тұр ғой әрі!
Ақын қайда қолына жалау жыр ап,

Ақыл айтқан еліне жамау – құрақ?!

Тастың Абай болғысы келіп – ақ тұр,

Тас болғысы жоқ – ау бірақ!

Қадыр Мырза Әли
Ведущий 2: Творчество Абая, его личность всегда привлекали и привлекают внимание художников, композиторов, скульпторов, поэтов, писателей…



Вот и сегодня мы с вами собрались в этом прекрасном месте для того, чтобы вновь обратить свой взор к прекрасным творениям поэта, и узнать о нем ещё больше.
Чтец: Не знаю, как я жил до нынешнего дня

И пройдено, и видено немало.

В любви и спорах сердце отпылало,

Покой в душе моей. Былого нет огня.
Что в жизни остаётся для меня?

Мне, грешному поэту не пристало

Себя Аллаху посвятить, стихи кляня;

Аллаха моё сердце не искало.
Приумножать стада, увольте, не хочу.

И степью управлять, увы, не по плечу.

Не облегчить людские мне страданья.

И свои мысли, и живую речь –

Всё это в СЛОВО остаётся мне облечь.

Тебе, о человек, мои признанья!..
Не изменить судьбы, увы, не изменить,

Смех, игры, похвала, пиры, друзья, творенья,

И женщина, чью страсть, казалось не забыть,-

Все это мимолётные явленья.
Вкусивши раз, нам не уйти от наважденья,

Влечет и губит нас невидимая нить.

Пусть зыбок этот мир, нам незачем тужить;

Дано судьбою это чувство пресыщенья.

И быстротечность счастья! – Начало и конец.

И пусть ты мусульманин, мудрец или глупец,

Аллаху всё одно, нет разницы большой.
Зря ищешь свой приют ты в хаосе пространства,

Живому существу нет в мире постоянства.

Изменчив человек – и сердцем и душой.
О мой народ, послушай речь поэта,

Самовлюбленности чалму приподними,

Ты моё слово сокровенное прими,

Внимай всем сердцем моему совету.



Как жажду утоляешь в полдень лета –

Так чашу мудрости из рук моих возьми.

Глотками пей, не расплещи всё это.

И ты все это разумом пойми.
И пусть джигиты праздные узнают,

Как уберечься им от пагубных вещей;

Их карточный азарт сопровождают
И леность, и вино, распутство средь ночей.

И души их пороки развращают,

Впиваясь в кровь и в плоть – страшнее их клещей.

Б. Канапьянов
Жүргізуші 1: «Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой – пікір саласында өлмес - өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр. Ол қазақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің игі әсерімен толықтырды», -Мұхтар Әуезов
Ведущий 2: «Мир – океан, времена, как ветры, гонят волны поколений сменяющих друг друга», - писал Абай. Народная память взыскательная и суровая, надолго сохраняет для потомства имена людей, чья деятельность была направлена к его благу, чьё сердце билось для его счастья, а ум работал для усовершенствования жизни современников.

Таким и был Абай – поэт, композитор, философ, передовой человек своего времени, искавший верных путей для облегчения жизни родного народа, стойкий верных путей для облегчения жизни родного народа, стойкий заступник ограбленных и обездоленных и страстный, непримиримый обличитель и враг родовых воротил.
Чтец: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.
И если речь певца засорена

Словами, чуждыми родному духу,-

Такая песня миру не нужна.

Невежды голос люб дурному слуху.
Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?
Как старый бий, пословиц не леплю,

Не бормочу, на грош меняя душу.

Слова скупые, верные люблю,

И ты простую речь мою послушай.
Мал жиып арамдықпен ұрлап – қарлап,

Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.

Қасқа – соқса бір пайда түсе ме деп,

Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».
Терпенье, совесть, гордость – не в цене,

И к мудрости, и к чести люди глухи,

Не ищут знанья – лишь в слепой возне,

Как шерсть, прядут пустую ложь да слухи.

Абай Құнанбаев
Ведущий 2: Он приходит из мрака столетья, коренастый, грузный, и в глазах его сила и горечь. Сила – от непоколебимой убеждённости в правоте своего дела. Горечь – от чувства одиночества. Это не одиночества человека, отрешившегося от мирской суеты, затворившего двери и ставни, дабы не проникали в дом шумы, печали и заботы жизни. Это одиночество ушедшего вперед и преодолевшего перевал.

О судьбе Абая, о мужестве человека, ищущего новые пути, отказывающегося следовать проторенными дорожками, написано немало.

Многие исследуют жизнь и творчество Абая, одним из первых исследователей, написавшем прекрасную книгу «Путь Абая», стал Мухтар Ауезов.
оқушы: «Шыңғыстау»



Арқаның арланындай алып Шыңғыс,

Көргелі келдім аңсап сені тұңғыш,

Көтеріп әкетесің көңіл күйін.

Мүлгіген ойға шомып бұйра шың – құз.
Қараймын Қарауылдан аймағына,

Ұшырып қиял құсың қайдағыға,

Мекені ақындар мен батырлардың

Сүйсінем, Шыңғыс, сенің айбарына.
Бақыт пен берекенің кең өлкесі,

Екенсің шіркін Шыңғыс жер еркесі;

Қарайсын Қарауылдан Жидебайға

Көрініп ақын атаң көлеңкесі.



Қарайсың Қарауылдан Жидебайға,

Бергендей күнде сәлем ұлы Абайға,

«Түбіне жүрегіңнің терең бойла»,

Абайлық азаматтар, сөзді абайлда.

Қасым Аманжолов
Чтец: «Мечта Абая»
Кряж Чингиз, словно каменный зверь,

Поднимается в желтой дали,

Тает холм Кераул позади,

Виден в дымке аул Жидебай…

Нашим тайнам неймется в груди.

Мы хотим, чтоб узнал их Абай.

Дом поэта на взгорье стоит,

Небесам наступает на край,

Он сегодняшним песням открыт,-

В нас наследников видит Абай.

Мы к могиле его подошли,

Мы потрогали землю рукой.

И, однако, понять не смогли,

Как он мог уместиться в такой.

С нами был моложавый старик,

Внук акына – певец Исраил,

Много видел он, много постиг

И в ту пору нам много открыл.

Он сказал: «Вы к Абаю, друзья.

Так послушайте словно моё,

У поэта большая семья,

Не заброшено это жильё.

Ошибусь, так поправьте потом,

Но Абая вам здесь не найти,

Что поэту могила и дом?!

Он с народом, он вечно в пути..

Знал великий, что внуки придут

И вернут его сердцу покой.

Вас вскормили наука и труд,-

Как мечтал он о доле такой.

Он о жизни жестокой, как джут,

Правду пел, он отвагой велик.

И услышь он, как внуки поют,

Из могилы поднялся бы вмиг,»

Так сказал и замолк Исраил,

Всколыхнул мою душу до дна;

И поводья мечты я пустил,

И погнал ее, как скакуна...

О поэт! Воплотились мечты,

Не сгубила их зависть и ложь.

С нами шел в настоящее ты,

И в грядущее с нами войдешь! Касым Аманжолов
Абай мұрасы – халық қазынасы

Ұлы данышпан, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл
Кештің мақсаты: егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып – білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.

Жас оқырманды ұлы данышпан Абайдың өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірін танитын талапты ұл-қыздар тәрбиелеу.
Кітапханашы: құрметті семинарға қатысушы қонақтар, кітапқұмар оқырман қауым! Сіздердің назарларынызға кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы данышпан, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл және Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағының жарық көргеніне бір ғасыр толуына орай «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты танымдық кешімізді ұсынамыз.

Кітапханашы:

«Абай», «Абай», «Абай!» деп ағылар үн,

Дүр сілкінтіп, жұмыр жер шаңырағын.

Ақын бабам мәңгілік арамызда,

«Ғылым тап!» деп сілкіді санамызды.

Абай сөзі дүбірлеп тұлпардайын,

Оятады кең байтақ даламызды
Ана тілі – бүгінгі Абай тілі,

Өзіңнменен үйренем бүгінгіні.

Қазағымның өрісі кеңи түсер,

Алдыңнан жол сілтесе Абай үні.
«... Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр».

  1. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы».

Абайдың қарасөздерімен өлеңдері оқылады.



Кітапханашы: Көркем ойымыздың көктем басы – жаңа жылы болған Абаймен тек мақтанып қою енді аз. Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.

  1. «Ғалымдар сөйлейді».

Тұңғыш жинақ – Абайтанудың алғашқы қарлығашы.

1-оқырман:Ұлы, данышпан ақынның бүкіл қазақтың қайталанбас ой-қазынасына айналып, тұңғыш өлеңдер жинағының жары көргеніне де бір ғасыр толыпты. Оқырмандарымыздың ізденіп, жинақтаған материалдары толықтай осы салтанатқа арналып отыр. Сондықтан топтаманы Абайдың ақындық қуатымен қалың елі – қазағына баспа арқылы танылуын айғақтайтын айдармен ашуды жөн көрдік. Белгілі Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы Абай мұрасының таралу жолына тоқтаса, профессор Арап Еспенбетов халқымыздың рухани самғауының көшбасында отырған Абай мұрасының тұңғыш жинақ түрінде халық игілігіне айналуының бірнеше себептерін сараптайды.

Ал, тарихшы-қаламгер Амантай Исин осы жинақтың кейбір мәтіннамалық мәселелерін сөз етіп, өз ойларын тұжырымдайды. Абайтанушы, философ-ғалым Асан Омаров мақаласында бұл жинақты шығару ісіне Шәәрімнің де қатысы бар деген дәйектер келтіреді.

Ендеше зерттеуші-ғалымдарымыздың жазғанынан оқып көрейік.

2-оқырман: «Ғасыр жүзін арқалаған ақын».

Мектеп Мырзахметұлы: Ұлы Абай дүниеден өткен соң бес жылдан кейін тұңғыш басылым жарық көрген таңдамалы жинағы қазақтың өлең-сөзіндегі үлкен құбылысқа айналып жүре берді.

Сонау қияндағы Түркістан өлкесінің бір пұшпағы саналатын Жуалы жеріндегі ауылға да Абай кітабы жетіп, жаңа буын жас талап бала Бауыржанның «Әкеміз көңілді кезінде бізге Абай жайлы айтушы еді. Абай бүкіл елдің арын қорғаған ақылды азамат, оған қоса асқан ақын. Оның өлеңін ел біткен жаттап, әнін бүкіл дала шырқайды», -деп Абай кітабын оқыған әкесі Момыштың айтуымен танып білген естелігін ортаға салады. Дарқан дала өз Абайын осылайша біле бастауы, тіпті Абайтану саласындағы тұңғыш ой-пікірлерге де түрткі болғаны қазір барынша баяндалып жүр.

Жалпы Абай мұрасының таралау жолына назар аударсақ, үш түрлі ерекшелікті байқаймыз.

Бірінші түрі – Абай өлеңдері қолжазба көшірме қалпында, алдымен Абай ауылында таралғаны жайлы нақты деректер бар.

Екінші – Абай өлеңдерін ел арасында ауызша жаттап алып, ән арқылы сырт аймаққа жеткізген Біржан, Әсет, Сара тағы басқа өнерпаздар әрекетінен көреміз. Осы шындық М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында да көрініс беріп жатады.

Үшінші – Абай өлеңдерінің ел ішіне кең көлемде ауызша тарлуынан алынып, баспасөзде жариялануы біздің әдебиеттерімізге тән жайттар болатын.

3-оқырман: «Тұңғыш жинақ – Абайтанудың алғашқы қарлығашы».

Арап еспенбетов: Ұлы Абайдың тұңғыш кітабы 1909 жылы Санк-Петербурте жарық көрді. Әдебиет тарихына қарағанда ақынның бірінші өлеңінің жазылуы тарихы, алғашқы жинағының баспа көруі салмақтай сараланған ізденушіге аса маңызды.

Илияс Бораганский баспаханасынан шыққан жинақты бастырған Кәкімтай, Тұрағұл Құнанбай балалары екені анық көрсетілген. «1904 жылы Абай өлеңдерін кітап қылып басындар деп балаларына хат жаздым 1905 жылғы апрель аяғында Кәкітай Абайдың қолжазба кітабын алып Омбыдағы маған келді. Кәкітай біздің үйде бірер жұма жатты. Абай, Пушкин, Лермантов сөздерін бірге оқып, мәз-мейрам болдық. Анық таныстық»,-деп жазған еді Әлихан Байкенов. Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқырманға таныстыруда, ұлы ақын мұрасының жеке кітап болып басылуына ұлан – ғайыр еңбек сіңірген Әлихан Бөкейханов Абай өлеңдерінің құдіретін жіті аңғарып, бойлай ұғынған.

Абай айналасында қалыптасқан биік мәдениет, атаның бата-өсиетімен келген, ананың ақ сүтімен перзент бойын дуалаған қадір-қасиет жиналып келіп Абай мұрасы аталатын қазынаатаулының ең қымбаттысынан айрылып қалмауға қолғабыс тигізген. Шашылып, қолдан-қолға ауысып бытырап кеткен асыл мұра Кәкітай мен Тұрағұл қолына тиді, беріректе түкпір-түкпірден жинақталып мұрағаттар мен мұражайлар қорына табысталды.

4-оқырман: Сонымен қолымызда Абайдың бұдан бір ғасыр бұрын тасқа басылған кітабы. Көлемі 120-бет. Таралымы 3000 дана. Ақын фотосуретін жариалау да жарасымды. Әлихан Бөкейхановтың ақыл-кеңесімен Кәкімтай мен Тұрағұл түзген жинақ.

Тұңғыш басылымға Абайдың 140 шығармасы енген, оның тоқсан алтысы өлең, қырық екісі аударма және «Масғұт», «Ескендір» поэмаларына орын берілген. Он жеті бөліктен тұратын кітап халық туралы, өлең туралы, өзі туралы, ғашықтық туралы, тағы басқа тараушаларға тармақталған.

5-оқырман: Кейінірек ұзақ зерттеулер жүргізіп, ақын өмір сүрген орта, өмір сапарларының ұзақ штрихтары, шығармаларының жазылу тарихы көз көргендердің есте қалғандары сияқты қымбатты мұралар қайта-қайта қайырыла оралып Абай өмірбаянының төрт нұсқасын жазған Мұхтар Әуезов ізденістерінің бастауында 1909 жылғы жинақтағы Кәкітай деректері тұрғандығы анық.

Тұңғыш жинақ – мәдени, әдеби өміріміздегі ірі оқиға, қайталанбас құбылыс. Ғасыр өткенімен құнын жоғалтпайтын, уақыт озған сайын бағасы артып, өлшеусіз қазынамызға айнала беретін қасиетіміз, Жер жаһанда Қазақ елі, Қазақ Тілі жаратушының құзыр-құдіретімен жасай беретіндігіне кәміл сенбек, Абай мұрасы рухани самғауымыздың көшбасында болмақ, өркениетке жетуіміздің, адамзаттық үрдістердің көрсеткішіне айналмақ.

6-оқырман: Тұңғыш жинақ, біріншіден, ақын мұрасын қазақ оқырманына алғаш таныстыруымен қымбат; екіншщіден, Кәкітай жазған өмірбаян болашақ ғылыми ғұмырнаманың дүниеге келуіне жол ашты; үшіншіден, абайтану ғылымының тууына қолғабыс тигізді; төртіншіден, бірінші кітап – Мүрсейіт қолжазбасына сүйеніп түзілгенін ескерсек және қолжазбада Абай мәтінің түбегейлі сақталғандығын құнттайтын әйгілі абайтанушылар пікіріне ден қойсақ, бір сәт те жібі үзілмеуге тиіс текстологиялық ізденістер жүргізіде әдебиетші қауымның қолына түспейтін маңызды еңбек. Бірінші жинаққа маңыз беріп, әңгіме өзегіне айналдыру себебі осылайша айқындалмақ.

Тұңғыш жинақ – абайтанудың алғашқы қарлығашы. Кәкітай мен Тұрағұл қызметі, Мүрсейіт бастаған көшірмешілердің сіңірген маңдай тері ұрпақ игілігіне айналуда.

7-оқырман: Абай қазақ халқының ағартушысы, жарқын болашақтың жаршысы болды. Ол қазақ жастарын білім алуға шақырады. Яғни, ақын жарқын болашақты ғылым-білім игерумен тікелей байланыстырып қарады. Ұлы ұстаздың ағартушылық көзқарасының алтын діңгегі – адам тәрбиесі, содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Қазақ халқының болашағы оның өз бетінше ел болуына, экономикалық және мәдени кешеулерден шығыуына, қараңғылық пен кедейшіліктен құтылуына апаратын бірден бір жол бүкіл елдің сауатын ашу, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Әрбір жас адам ақыл*ойдың, мидың, жүрек пен сезімнің күшін пайдаланып, өз елінің «кетігін» бітейтін «кірпіш» болса деп армандайды. Сонда адам мұраты мен халық мүдесін үштастыратын жастар тәрбиесіндегі басты нұсқа қандай десек, ұлы ақын: «ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе, әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып, «естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап» деп жол сілтеді. Осындай жастары бар елдің келбеті түзік болатыны хақ.

8-оқырман: Абай – қазақ халқының тарихи көшін ілгері бастауда, ұлттық сана-сезімін шыңдауда, ұлттық мәдениетін көтеруге ерен еңбек сіңірген, болмысымызға дара біткен ерекше тұлға.

Абай тағылымы оның даналығында. Абай даналығы оның данышпандық ойлары мен парасатты сөздерінде, Абай парасаттылығы – оның ағартушылық ой-түйіндерінде, ал ұстаздық ұлағатының асқар белесі – адам және жастар тәрбиесінде деп білеміз. Ақын өзінің өскелең, ойшыл шығармашылық мұрасымен, даналығымен танылып қана қойған жоқ, сонымен қатар оны өз халқының болашағы қатты толғандырды. Ұлы ұстаз әрбір әдеби шығармасын, өлеңін ең алдымен жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттаған. Себебі, ол өз оқырманына іс жүзінде пайда әкелетін кеңестер береді.

9-оқырман:Әлемдік әдебиетте өзінің көркемдік шеберлігімен, ақындық құдіретімен оқырманды таң қалдырған суреткерлер баршылық.

Бірақ Абай туындыларының ешкімге ұқсамайтын ғажайып қасиеті – оның мәңгі ескірмейтіндігі, мәңгі жасылдығы, мәңгі жүрекжардылығы, Абай шығармаларының кеше жазылған өлеңдей сиясының кеппей тұратындығы. Тағы бір ғажайып қасиеті - әлемдік философияда том-том кітаптарға әрен сыйған ойларды тарының қауызына сидырғандай құдіретпен екі-ақ ауыз сөзге сыйдыра білуінде. Абай – жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл.

10-оқырман: Абай жыры біздің өмірімізге үш рет жаңалық болып енді. Бірінші бала кезде. Табиғат көрінісі, жыл мезгілі, көк аспан, жасыл жайлау, сарқырап аққан өзен, шөптің иісі, күннің нұры жаныңды шаттыққа бөлеп, поэзия құдіретіне бір табынасың.

Одан кейін жастық шақта пәк махаббаттың от сезіміне елтіп, екінші рет табынасың. Ал қырықтан асып, өмірдің ащы шындығымен бетпе-бет келіп, жаттан да, жақыннан да көңіл қалып, жалған дос, жалған жанашырлардың бар екенін көзімен көріп, қолыңмен ұстаған кезде, нағыз Абай, өлең сөздің патшасы – Абай, алдыңнан мүлдем басқаша болып, бар болмысымен, бар құдіретімен бой көрсетеді. Содан кейін ол өзіңнің өмірлік серігіңе, қасиетті бойтұмарыңа айналады.

Кітапханашы: Абай – ой данасы, қазағымның панасы. Абай – мақтанышымыз, ұлттық ұранымыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту - әлемге қазақты таныту деген сөз.

Абай тақырыбы – сарқылмас қазына, теңіздей телегей.

  1. Абайға арнау.

Арнау өлеңдері оқылады.

Кітапханашы: Жиырмасыншы ғасыр таңы атысымен қазақтың тағы бір ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Абайды оқы, таңырқа, басың шайқа, Ақындықтың қуаты есіңді алып, Бас алмастан оқырсың қайта-қайта» деп жар салады. Іле-шала Алаш арыстары бірін-бірі толықтыра, қостай жөнеледі.

11-оқырман: «Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ» (Әлихан Бөкейханов).

12-оқырман: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынсоңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» (Ахмет Байтұрсынов).

13-оқырман: «Зередей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағалар, өнер-білімге қанар, сол күнднрде Абай құрмет күннен-күнге артылар. «Бірінші ақынымыз» деп қабіріне халық жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» (Мыржақып Дулатов).

Абайтанудың ұзақ сонар бай тарихы осылай басталады.

Кітапханашы: Қадір Мырза Әлінің:

Жүз ақынды туғыздың

Ақын Абай,

Жүз ақын жүр өзіңді

Туғыза алмай!-

деп жырлауымен сөзімді түйіндесек.

Бағзы басылымға неге жүгінеміз? Соңғы жылдары шыққан кітаптарын оқысақ жеткілікті емес пе?

Абай кітаптарының қай басылымын оқу еркіңізде. Мәселе – ұлы ақынды бойлап ұғынуда, тереңінен қанып сусындауға, өзіңнің ақылшыңа , кеңесшіңе айналдыруда. Иә, Абай жұмыр жердің әлем таныған ғұламаларының қатарынан орын алды. Бұл күнде бүкіл әлем Абай даналығын таниды. Абайдың әдеби мұрасы бой мен санаға тараған шырақ. Абайдай әулиеміздің шырағы мәңгілік өшпес емес.


«Великие созвучны голоса»

(Абай и Пушкин: взаимодействие двух культур)



В глубине сцены висит эмблема с изображением евразийского континента, на фоне которого нарисованы книги, перо и зажженная свеча.

На сцене – макет юрты.

Немного ближе к аудитории стоит столик, на котором лежат книги, журналы и кресло, в котором располагается библиотекарь.

На протяжении всего мероприятия библиотекарь обращается к книгам и журналам, лежащим перед ним. Для того чтобы цитаты документальных источников, которые он зачитывает, органично входили в общее литературно-музыкальное действие, от него требуется большая точность интонаций. Можно сказать, что библиотекарь проводит обзор литературы, который фрагментарно входит в ход вечера, указывая на книгу, как наиболее близкий нам источник знаний.

1-й ведущий: в мировую культуру каждый народ вносит то, что является у него неповторимым содержанием, что обогащает культуру всего человечества. И отдавая в полной мере свои откровения другим народам. Культура каждой нации обогащается сама, впитывая в себя благодатное зерно мудрости других языков.

2-й ведущий: процесс взаимодействия культур казахского и русского народа насчитывает века, он славен множеством имен своих ученых сынов. Но у каждого народа обычно бывает великий ум, который считается светилом и мерилом в развитии национальной культуры. Два таких имени стоят недостигаемыми голосами в истории наших народов: Абай и Пушкин.

(звучит фрагмент кюя «Көніл толқыны»)

1-й ведущий: Они были философами и Гражданами, они были выдающимися Личностями, они знали Человека и Эпоху, и как гении были выше своего окружения. И как гении оставили нам непревзойденные образцы общечеловеческой культуры, стоя у истоков литературного синтеза Востока и Запада.

Чтец:

Великие созвучны голоса!

Не испугает их интриг коварных шепот,

Не станет им преградою различье языка,

Невежд непониманья ропот.

Не исказят их слов высокий смысл

Для нас, потомков, времена и дали.

Великие созвучны голоса!

Вы – чести и ума мерилом стали!

2-й ведущий: Великие созвучны голоса! В этом еще раз убеждаешься, изучая творчество Абая и Пушкина. У них мы находим много общих взглядов на смысл и сущность жизни, святость дружеских чувств. Каждый из них был подлинным патриотом своего Отечества, но эта сыновняя привязанность к исконно национальным корням не помешала им уважать и ценить другие народы. Сердца их были открыты и щедры, а творчество насыщено гуманизмом.

1-й ведущий: восточный мир не был для Пушкина чужим и незнакомым, он неоднократно обращался к нему в своем творчестве. Проникновенно чувствовал Пушкин тончайшие музыкальные оттенки восточного стиха и умел сохранить их, придать им свое звучание. В его стихах ярко изобличается колониальное притеснение народов русским самодержавием.

«Так буйную вольность

Законы теснят…» - восклицал он.

Любя свою Отчизну и народ, Пушкин считал, «что гордиться славою своих предков не только можно, но и должно, не уважать оной есть постыдное малодушие». И такое же право гордиться своей историей он оставлял всем народам.

Библиотекарь: (демонстрируя книгу) собирая материалы о крестьянском восстании под предводительством Емельяна Пугачева, поэт не ограничивается архивными работами, осенью 1833 года он предпринимает свое известное путешествие в Оренбургский край. Пушкин знакомится с местами, где происходили события крупнейшего в истории России бунта, в котором участвовали и степняки-кочевники. В своих записках он упоминает о мужестве восставших, чье число было «изрядно» увеличено прибившимися к ним кочевниками и добавляет, что нравы «их интересуют его чрезвычайно».

2-й ведущий: Цепким взглядом поэт отмечает буйную ширь степи и своеобразную красоту красавицы-калмычки, встретившейся ему на степной переправе, интересуется местными обычаями. Прекрасно образованный Пушкин с уважением относится к культуре и обычаям других народов. И, хотя писал только на русском языке, он творил для всех. Русский гений сам предвещал, что будет почитаем всеми народами.

Чтец:

Слух обо мне пройдет по всей

Руси великой

И назовет меня всяк сущий в ней язык:

И гордый внук славян, и фин,

И ныне дикий

Тунгус, и, друг степей – калмык.

И долго буду тем любезен я народу,

Что чувства добрые я лирой пробуждал,

Что в мой жестокий век восславил я свободу

И милость к падшим призывал.

1-й ведущий: И в самом деле, прошло совсем немного времени после этих пророческих слов, и слух о великом русском поэте стал проникать и в далекую казахскую степь. На поэзии Пушкина воспитывались известные казахские просветители девятнадцатого столетия – Чокан Валиханов, Ибрай Алтынсарин, но подлинным преемником поэта в Великой степи стал Абай Кунанбаев.

Чтец:

Когда умру, не стану ль я землей?

Язык мой дерзкий – девушкой немой?

Бездушным льдом – пылающее сердце,

Что за любовь боролось с жизнью злой?...

Не станет ли последним этот год?

Ведь рано, поздно, а мой час пробьет!

И станешь ли судить меня, потомок,

За каждый мой нечаянный просчет?!

Суди!... Меж нами – немоты стена.

Суди, но помни: пусть страшна вина:-

За грех один карать не нужно дважды,

А я живой, за все платил сполна!

Души измученной постигни суть!

Тяжелым и тернистым был мой путь.

Я человек с загадкой, помни это!

Боролся с тьмой, как мог… Не обессудь!

2-й ведущий: Абаю понятны переживания и мысли русского поэта, его стремления и мечты о свободе и равенстве, Исторической заслугой Абая явилось то, что, несмотря на полицейский произвол царских чиновников, он сумел увидеть и понять подлинные чувства простого русского народа, страдавшего от того же произвола, чаяния и надежды передовых умов России.

Чтец:

Управитель начальству рад,

Он не может от счастья дохнуть,

Если русский дарит халат

И большую медаль на грудь.

Но не вечно в почете тот,

Кто начальству стал чем-то мил.

Он галун на чапан кладет,

Но бесчестьем он честь купил.

Но возможно ль таким путем

Стать других умней и знатней?

Будь подальше, коль ты с умом,

От тщеславных пустых людей.

1-й ведущий: В двадцать пятом из «Слов назидания» поэт призывает «научиться русской науке». Он рад появлению в своих краях русской культуры. Но великого Абая нельзя обвинить в русофильстве. Русскую культуру Абай воспринимает не как ступеньку к вершине власти, а как источник самоутверждения и самосовершенствования.

Библиотекарь: (зачитывает цитату) «Человек, изучивший культуру и язык другого народа, становится с ним равноправным, и не будет жить позорно.

Надеяться на то, что проживешь только хитростью, значит быть жертвой невежества».

2-й ведущий: (берет у библиотекаря «Слова назидания»):

Во втором «слове назидания» Абай порицает неуважительное отношение к людям других наций. Вместе с тем его произведения наполнены чувством собственного национального достоинства.

Глубокий знаток культуры Востока и Запада, Абай писал:

«В поисках науки

И мира сути

В обе стороны света

Всматривался я.»

Он был первым в Центральной Азии, кто на деле осуществил синтез поэтических голосов Запада и Востока, кто связал прошлое с современным, арабское, персидское с казахским, казахское с русским и немецким.

Библиотекарь:

Английский дипломат Д. Кеннон в своей книге путешествий, изданной в 1907 году, рассказывает, что увидел в городской библиотеке Семипалатинска казаха в чисто национальном одеянии, который интересовался книгами авторов Западной Европы и России. Он был поражен широким кругом духовных запросов немолодого уже степняка

1-й ведущий: Как и Пушкин, Абай понимал всю важность культуры, и в первую очередь литературы, для развития общества.

Искренность высоких чувств, правдивость присуща стихам Абая.

1-й чтец:
Поэзия – властитель языка.

Из камня чудо высекает гений.

Теплеет сердце, если речь легка,

И слух ласкает красота речений.

А, если речь певца засорена

Словами, чуждыми родному духу, -

Такая песня миру не нужна,

Невежды голос люб дурному слуху.

К стихам стремятся смертные давно,

Но лишь избранника венчают славой,

Того, чьи мысли золотой дано

Блистать стиха серебряной оправой.

2-й ведущий: Судьбы гениев часто схожи. Высказывая свободолюбивые мысли, оба поэта испытали и гнет царской охранки, и непонимание многих современников, и желание высоких властей заставить поэзию служить их корыстным целям. И оба с негодованием отвергли эти притязания, видя призвание поэта в служении народу, а не властям.

1-й ведущий: И, если Пушкин с полным правом говорил: «и неподкупный голос мой был эхом русского народа», то и Абай мог с гордостью сказать:

«Народу отдал я любовь».

Чтец:

Мастерство и, правда – в этом цель певца,

Чтоб раскрыть не только очи, но сердца.

Дать примеры юным, просветить невежд,

Даже нет и в мыслях – забавлять глупца.

Библиотекарь: Известный литературовед Мухамеджан Картаев писал:

«Влияние Пушкина на Абая сказалось не в простом заимствовании Абаем у великого поэта отдельных мыслей, тем и мотивов или какой-либо поэтической формы… Он обратился к богатейшему пушкинскому источнику не поверхностно, не механически, а творчески, как это может сделать ученик, достойный своего мудрого учителя. Поэтому, все то, что могла черпать из чистого пушкинского источника восприимчивая натура казахского поэта, питало корни его собственного творчества, оригинального и замечательного в своем роде.

2-й ведущий: В 1887-1889 годах Абай перевел несколько отрывков из пушкинского «Онегина». Его работы – и до сих пор непревзойденный образец поэтического перевода. Абай перевел «Письмо Онегина к Татьяне», « Письмо Татьяны», элегию Ленского, еще некоторые отрывки из романа, и, что особенно удивительно, он написал «Предсмертные слова Онегина», где проник в пушкинский замысел романа, завершая жизненный путь главного героя. Вспомнив давние и долгие споры литературоведов по поводу последней неопубликованной главы романа, можно только восхищать поэтической прозорливостью Абая, его глубокому пониманию философской мысли Пушкина.

1-й ведущий: Перевод перерос в творческую интерпретацию оригинала. Абай сохраняет национальное своеобразие, «дух подлинника, облекая его в то же время в казахские поэтические формы с тем, чтобы и для казахского слушателя пушкинское творение зазвучало как подлинная поэзия.

Библиотекарь: Мухтар Ауэзов, отмечая глубокое знание Абаем казахской народной музыки, писало о том, что поэт «создал ряд мелодий, главным образом для тех своих стихов, которые вводили новые неизвестные ей до этого формы… В 1887-1889 годах имя Пушкина и имена его героев, Онегина и Татьяны, пролетев над степями на крыльях этих песен, стали такими же родными для казахского народа, как имена казахских акынов и героев казахских эпических поэм.

Чтец: «Песня Татьяны»

Я не знаю, с чего начать,

В сердце страсть я хотела скрыть:

Но нет сил тосковать, молчать.

Мне жар души не охладить.

Не суди, пожалей меня,

Страх и стыд гложут сердце мне,

В праве ты презирать меня, -

Слов не сдержать признанья мне.

Вся робея, твердила я:

«Не скажу ему никогда»,

Молча страдала б, старость тая,

Только с тобою быть иногда!

Но ты встречи не стал искать,

Теплых слов не сказал ни раз,

Ночи все напролет мечтать

Я могла б, не смыкая глаз.

Библиотекарь: Песня Татьяны настолько полюбилась народу, что стала поистине народной мелодией. Ее пели и молодые влюбленные, и умудренные жизнью старики. В воспоминаниях дореволюционного путешественника Дмитрия Михайловича Львовича в книге «По киргизской степи», вышедшей в 1914 году, мы читаем, как во время путешествия по Тургайской области он зашел отдохнуть в юрту казаха Нурпеиса. Хозяин, чтобы развлечь гостя, пригласил певца, который исполнил несколько песен, а в заключение еще одну особую песню. «Признаюсь,- пишет Львович, - я сразу собственным ушам не поверил. Вообразите только, старый казах распевал не более и не менее, как… письмо Татьяны к Онегину…Письмо так же имело всеобщий успех, как и следовало ожидать, особенно одобрительно к нему отнеслась жена Нурпеиса». Об исполнении этой песни рассказывалось в статье еще одного русского путешественника – фольклориста: «На наше удивление, откуда он знает письмо Татьяны, певец Адылхан, «не без гордости указав на себя, пояснил, что у русских был такой же, как и он, певец-акын Пушкин, который воспел, как Татьяна полюбила джигита Онегина, которому и написала письмо.

2-й ведущий: Вмести с образами Онегина и Татьяны поэт ввел в казахскую поэзию искусство поэтизации внутренней жизни человека, что до Абая было совершенно новым.

Юноша:

Шлю, тонкобровая, привет!

Похожей не было и нет!

Когда тоскую по тебе, -

Мне слезы затмевают свет.

Ты лучше всех. За сотни лет

Подобной не был мир согрет.

Одной тебе моя любовь,

Твой образ – он давно воспет.

И пусть я стану нищ и сед,

Но мне иной дороги нет.

Девушка:

Обдумала ответ я свой,

И простодушный и прямой,

Пойми слова мои, джигит,

Почувствуй сердцем и душой…

Запомнить юной и седой

Пусть девушки ответ простой,

И сложит песню, и зажжет

Сердце джигитов с песней той.

И слово песни золотой

Пусть радостью, а не бедой

Звучит для всех, кто полюбил,

Для всех, кто сердцем молодой.

1-й ведущий: Как перекликаются с пушкинскими строками о любви напевы Абая, как не вспомнить тут трогательное «Я помню чудное мгновенье», и сколько в лирике Абая душевной чистоты, благородства в любви и дружбе, которыми наполнены стихи Пушкина. Какой бы стороны творчества мы не касались, мы видим не отдельные моменты совпадения творческой мысли. Здесь видно духовное единство, особое мироощущение, присущее выдающимся натурам.

2-й ведущий: А что может объединить нас крепче памяти и высокой духовной культуры? И именно поэтому живут имена Пушкина и Абая, как в наших сердцах, так и во всем мире. На этих именах воспитывались наши лучшие умы. Ещё в дореволюционные времена, когда царская цензура железной рукой давила всякое упоминание о свободомыслии, прогрессивно настроенная часть населения считала своим долгом чтить память великих поэтов. Хотя при жизни Абая о нем было опубликовано всего лишь несколько статей, мыслящие люди того времени могли ценить его творчество. Высокая оценка произведений поэта содержится не только в казахских печатных изданиях.

Библиотека: Характеристика творений поэта содержится в серии книг под названием «Россия», выходившей еще при жизни поэта. В 18-м томе этого авторитетнейшего издания, вышедшего в 1903 году в городе Петербурге под общим руководством известного ученого Семенова – Тяньшанского и академика Ламанского мы читаем: «Наконец, как представителя нового течения в киргизской поэзии, следует назвать Кономбая (в Семипалатинском уезде) – автора многих стихов, изящных по форме, и поэтических по содержанию. Этому же автору принадлежат хорошие переводы «Евгения Онегина» и многих стихотворений Лермонтова».

Биография Абая и отдельные его стихи печатались в одном из трудов, издававшихся Лазаревским институтом восточных языков – «Восточном сборнике в честь А.Н.Веселовского», который был издан в 1914 году. В статье о казахском поэте затронута связь Абая со временем, с эпохой. По словам авторов «в нем ярко олицетворяется духовная жизнь казахского народа.

1-й ведущий: в тоже время в степном краю казахские писатели и поэты переводили на казахский язык поэзию и прозу Пушкина. Шакарим и мудрый Жамбыл, Сабит Муканов, Сырбай Мауленов, Утебай Турымжанов, наш современник Олжас Сулейменов – все они отдали долг уважения великому поэту в своем творчестве.

1-й чтец:

Горячее, чуткое сердце Абая

Читало письмо от Татьяны твоей.

Домбра твоей музыкой чистой вздохнула,

Напев твой пролился в полынный наш край.

Онегин прошел по далеким аулам.

За ним по степям шел с тобою Абай.

Раздумий спокойных глубокий колодец,

Родник вдохновенья и радость души!

Это тебе, всех стихов полководец,

Песни слагают степные жарши.

1-й ведущий: Сегодня мы мыслим категориями ХХІ века, мы стремимся не только к экономическому, но и духовному единству. Содружество культур – одна из граней идеи евразийства.

2-й ведущий: Новое время рождает новые имена. Но и сегодня, говоря словами мудрой казахской пословицы, мы можем сказать, что не будут забыты имена, чья жизнь и творчество оставили «ТОТ СЛЕД, КОТОРЫЙ ПОРОДИЛ ДОРОГУ».



Интеллектуалды ойын
Барысы:

  1. Кіріспе сөз.

  2. Өткел.

  3. Белес.

  4. Бекет.

  5. Асу.

  6. Жерұйық.

  7. Қортынды.

Кіріспе сөз:

Абай біздің кемеңгер,

Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз.

Ақ ниетті, әділетшіл шынымыз.

Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.

Таусылмайтын мәңгі-бақи жырымыз!

Парасатты болып туған,

Щыңғыстаудың Абайы.

Нақылымен сана құйған;

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған

Бүкіл әлем Абайы,-

Деп жырлағандай, бүкіл әлемге әйгілі Абай атамызға арналған «Абайтану» атты интеллектуалды ойын-кешімізге қош келдіңіздер!



Ө Т К Е Л

Шарты: Команда капитандарының жарысы 30 секунд ішінде 5 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа – 10 ұпай.

Бірінші командаға сұрақтар

1. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы)

2. Орысшаны Абай қайда оқыды? (Семейде «Приходская школа»)

3. Абайдың табиғат лирикасына байланысты жазылған өлеңдері?(«Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым»)

4. Абай И. Крыловтың қанша мысалын аударды?(12)

Екінші командаға сұрақтар.

  1. Абай қайда оқыды? (Ахмет Риза медресесінде)

  2. Абайдың атасы кім? (Өскенбай)

  3. Абайдың руы? (Тоқты)

  4. Абайдың аяқталмаған қара сөз саны? (1)

  5. Абай М. Ю. Лермонтовтан қанша өлең аударды?(28)

Б Е Л Е С

Шарты: Әр командаға 2 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауапқа – 30 ұпай. Егер көмек пайдалансаңыз 10 ұпай.

Бірінші командаға сұрақтар.

1.Ырғызбай Айдосұлы – тобықты елі Сыр бойынан ауған кезде «Ақтанбан шұбырындыдан» кейін Ырғыз өзені бойында дүниеге келген. Айдостан – Торғай, Топай, Көтібақ, Ырғызбай тарайды. Осылардың ішінде Ырғызбай өзге туыстарынан озық болып өседі. Оның бойындағы ерекше қасиеттерді жете сезіп байқаған тобықтының айтулы биі Кеңгірбай Жандосұлы оны өз қасына алып, ел сөзіне араластырып, дау-дамайға, бітім-билікке де жүргізіп баулиды.

Ендігі сұрақ: Ырғызбай Айдосұлы кім? (Абайдың үшінші атасы)

Қосымша көмек: Ырғызбайдан - Өсер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Ырғызбай тобықты елін аласапыран заманда Шыңғызтауға бастап әкеліп, қоныстандырғандардың бірі.

2. сұмдықпен әскер жиып қаруланды,

Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.

Көп елді күтінбеген қырды жойды,Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.

Жақынсыз жақын жерді бәрін шапты,

Дарияның суындай қандар ақты.

Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,

Өкіметін қолына тартып апты.

Қанішер қаһарлы хан ашуы көп,

Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.

Сол күнде қошеметші айтады екен,

Ханның ханы, патшаның патшасы деп.

Сұрақ: Бұл Абайдың қай поэмасынан үзінді?(«Ескендір» поэмасы)

Қосымша көмек.

Алдынан шыға алмады мұның ешкім,

Бәрін де алды қорқытып жолдағаның.

Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,

Жер жүзін жеке билеп алмақшының.

Жүре – жүре бір елсіз шөлге түсті,

Алып жүрген суының бәрін ішті.

Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,

Басына құдай салды қиын істі.

Сандалып сар далада су таба алмай,

Шөлдеген жұрт қайтеді бос қаламай.

Қызметкердің бәрін де өлтіреді,

Болыпты шөлдегенге шыдай алмай.

Екінші командаға сұрақтар:

1.Құдайбербі Құнанбайұлы – Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Құдайберді жастайынан атасы Өскенбай мен әжесі Зеренің тәрбиесінде мінезі орнықты, өнегелі болып өседі. Түрікше, арапша сауат ашады. Ер жеткен соң әкесі Дегелеңді жайлаған қаракесек ішіндегі кедей руынан шыққан әйгілі би Алдабергеннің қызы Төлебикені айттырады.

Сұрақ мынадай: Құдайберді Құнанбайұлы кім? (Абайдың атасы)

Қосымша көмек: Төлебике арабша, түрікше оқыған сауатты, білімді, кесте тігіп, ою оятын, киім пішетін, пышақ соғатын өнерімен елге танылды. Ырғызбай ұрпақтары оны Дәметкен деп атайды. Дәметкеннен – Омар, Мұртаза, Шаһмардан, (Шәке), Шәкерім, ал екінші әйелі тобықты ішінде мамай руынан шыққан Дулат батырдың қызы Ботанайдан - Әмір, Жылқыайдар, Ырзықбай туады. Құдайбердіні Абай қатты қадірлеген.

2. Ей жігіт, не қысылсаң да, ер екенсің,

Көргейсің ерлігіңнің берекесін.

Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,

Маған қылған қарызыңды Алла өтесін.

Бай емен, батыр емен, хан емеспін,

Атақты артық туған жан емеспін.

Себеп болып ажалдан мені айырдың,

Жақсылықты білмейтін шал емеспін.

Мен-бір шал дүниеде жиһан кезген,

Ертең түсте кетемін шәһәріңізден.

Ертерек пәлен жерден тосып тұрып,

Алып қал бір базарлық, жаным бізден.

Сұрақ: Бұл үзінді Абайдың қай поэмасынан? («Масғұт» поэмасы)

Қосымша көмек:

Ол жерге ерте тұрып жігіт барды,

Шал да душар алдынан бола қалды.

Қолынан ұстап алып ертіп барып,

Далада бір бұзылған тамға апарды.

Барса тамға, бір гүл тұр солқылдаған:

Бірі-ақ, бірі-қызыл, бірі-сары,

-Таңдап ал, мен берейін бірін саған.

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар.

Егер де қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.

Б Е К Е Т

Шарты: Абай өлеңіндегі көне сөздің мағынасы. Капитан жанашырларына сұрақ. Дұрыс жауапқа - 30 ұпай.

  1. Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл-мизан, өлшеу қыл.

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста, мейлің күл. «Мизан» деген не? (Таразы)


  1. Біреу малма сапсиды салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

Енесіне иіртіп шуда жібін,

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

«Малма сапсу» деген не?(Тері илеу)

А С У

Шарты: 14 терезеден тұратын сұрақтар. Ұпайы көп команда бастайды.

Дұрыс жауапқа – 40 ұпай.

1. Өскенбайдың бәйбішесі, Абайдың әжесі Зеренің шын аты кім? (Тоқбала Бектемірқызы)

2. Абай неше ағайынды, есімдерін ата?(Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан)

3. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қашан жарық көрді? (1909)

4. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған Қазақстанның жезтаңдай әншісі кім? (Әлібек Дінішев)

5. Абайдың нешінші қара сөзі аяқталмаған?(46-шы)

6. Абайдың алғашқы жарық көрген өлеңдері кімнің атынан жарияланған? (Көкбай)

7. Абайдың аяқталмаған поэмасы? («Әзімнің әңгімесі»)

8. Абай ұрпақтары нешеу? (10)

9. Абай қандай тілді меңгерді? (Орыс тілін)

10. Құнанбайдың бәйбішесі Күңкенің шын аты кім? (Әйбөбек)

11. Абай қандай орыс ғалымдарымен дос болды? (Е. Михаэлис, И. Долгополов, А. Леонтьев)

12. Абай «Көзімнің қарасы» өлеңін кімге арнап жазған? (Әйгерімге)

13. Абай кімнің шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударған? (А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. Крылов)

Жерұйық

Шарты: Бұл турда көмек пайдаланбайды. Сұраққа дұрыс жауап бере алмасандар, жиналған ұпайларыңыздың тең жартысы күйеді. Ал егер де дұрыс жауап қайтарсаңыз ұпайларыңыз 2 еселенеді.

Шынжыр балақ, шұбат төс Ырғызбайым,

Тоқпақ жалды торайғып Көтібағым.

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,

Сірә да оңбас Торғайым,-

Деп балаларына сипаттама берген, Абайдың атасы Өскенбайдың әжесінің есімі кім? (Айпара)

Қорытынды: Жеңген команданы марапаттау.
Викторина.


  1. Абайдың неше қара сөзі бар?

  2. Абайдың ерекше үміт күткен баласы.(Әбдірахман)

  3. Бірлік, ынтымаққа шақырған қара сөзі. (алтыншы)

  4. Абайдың ғашығы (Айгерім)

  5. Әкесінің есімі (Құнанбай)

  6. Анасы кім? (Ұлжан)

  7. Абайдың атасының есімі кім? (Өскенбай)

  8. Төрт мезгілге арналған өлеңнің бірі. (Жаздыкүні)

  9. Абайдың поэмасы (Ескендір)

  10. Абайдың шын есімі (Ибраһим)

  11. Бесінші қарасөзінде не жайында айтылған? (адамгершілік)

  12. Әжесінің есімі кім? (Зере)

  13. Пушкиннен аударған шығарма (Евгений Онегин)


Содержание

1. Қазақ халқының Ұлы ақыны.

Великий поэт степи» (литературная гостиная)

2. Великие созвучны голоса

(Абай и Пушкин: взаимодействие двух культур)

3. Интеллектуалды ойын

4. Викторина
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет