«Қазақ құқығы» курсын оқытудың мақсаты



бет2/6
Дата18.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#11797
1   2   3   4   5   6

Адам мәселесі

  • "Адам" ұғымы

  • Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар


    Сабақты « адамның даму сатысы» кестесіне сипаттама бере отырып бастаймыз.

    Аданың даму сатысы

    Өмір сүрген уақыты

    Табылған жері

    Епті адам

    1 млн 750 мың жыл бұрын

    Африка Кения жеріндегі Олдувайда

    Питекантроп адам

    1 млн жыл бұрын

    Ява аралы

    Синантроп адам

    500-200 мың жыл бұрын

    Қытайда

    Неандерталь адам

    100-35 мың жыл бұрын

    Германияда

    Саналы адам

    40-35 мың жыл бұрын

    Европада

    Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens ("Саналы адам") пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

    Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.



    Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

    "Адам" үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен — жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.

    АдамЖерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

    Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

    Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары — көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.

    Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол — әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.

    Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.

    Оқушыларды бағалау:

    Үйге тапсырма беру.

    1UpRibbonSharp-бөлім. Адам.Қоғам және құқық.
    Тақырыбы: Қоғам және қоғамдық қатынастар.
    Сабақтың мақсаты :

    Қоғам ұғымы және оның құрылымдық элементтері туралы түсінік беру, қоғамдық қатынастардың мәнін ашу.



    Сабақтың түрі: дәріс сабақ

    Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ –жауап, өзара пікір таластар

    ұымдастыру.

    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

    Сабақ жоспары:

    А) Қоғам


    б) Қоғамдық қатынастар

    Мұғалім сабақты алдымен «қоғам деген не ?» деген сауал бере отырып бастайды.Оқушылардың ойына көз жүгірте отырып сабақты жүргізеді.



    Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағы-насында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеумет-танудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолда-ныла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар туғызып отыр.

    Сабағымыздың келесі бөліміне көшеміз.Анықтамалықты қолданамыз.

    Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп атала-ды.Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

    1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;

    2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

    3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

    Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...қоғамдық қатынастарға жататынын кеңірек түсіндіреміз.

    Сабақ үстінде түрлі сұрақтар беріп,пікір алмасып, оқушылардың өзіндік ойларын айтқызу.



    Сабақты қорытындылау.

    Үйге тапсырма беру.

    1UpRibbonSharp-бөлім. Адам.Қоғам және құқық.
    Тақырыбы: Құқық түсінігі.
    Сабақтың мақсаты :

    Оқушыларды құқық,құқық нормасы және құқықтың пайда болу тарихымен таныстыру. Саяси білімін арттыра отырып, заңсыйлағыштыққа тәрбиелеу.



    Сабақтың түрі: аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ –жауап, өзара пікір таластар

    ұымдастыру.

    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

    Сабақ жоспары:

    А) құқық дегеніміз не?

    б) құқық және мемлекет.

    в) құқық жүйесі.


    Ең алдымен оқушылардан құқық дегенімізді қалай түсінетін сұрап, содан кейін негізгі сабаққа тоқталамыз.Құқық сөзінің мәнін ашамыз.

    «Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті омірде және кызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құкық»— ресми түрде танылған жеке және занды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу,меншікиесіболу,кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылатынын оқушыларға түсіндіреміз.

    Келесі кезекте құқық пен мемлекеттің ара байланысына сипаттама береміз. Құқық дегеніміз — адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің күшімен  қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

    Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.

    Сызбамен жұмыс: ҚҰҚЫҚ



    Сабақ үстінде түрлі сұрақтар беріп,пікір алмасып, оқушылардың өзіндік ойларын айтқызу.Оқушылар өзінің ойларын жұмыс дәптерлеріне жазады. Сабақты қорытындылау: Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды рет-теп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеумет-тік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару



    Үйге тапсырма.

    2UpRibbonSharp-бөлім. Мемлекет.
    Тақырыбы: Мемлекет түсінігі.
    Сабақтың мақсаты :

    Мемлекет ұғымын түсіндіріп,мемлекеттің атқаратын функцияларына шолу жасау, мемлекетке деген құрметтерін арттыру.



    Сабақтың түрі: аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.
    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ –жауап, өзара пікір таластар

    ұымдастыру.

    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

    Сабақ жоспары:

    А) Мемлекет дегеніміз не?

    б) Мемлекет түрлері

    Алдымен тақтаға мемлекет деп жазып, оқушылардан қалай түсінетін сұраймыз.Сабақты түсіндіруде сызбаны қолданамыз.



    Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
    Оқушыларға кесте арқылы мемлекет түрлерін түсіндіреміз.

    Мемлекет түрлері

    Қай елдер жатады?

    Унитарлы




    Федерация




    Каталог: uploads -> doc -> 017a
    doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    017a -> Сабақтың тақырыбы Адам нәсілдері. Сабақтың мақсаты. Білімділік


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет